Өкпе ісігі


Кафедра: Терапия

Тақырыбы: Өкпе ісігі

Орындаған: Тоғайбек Т.

Факультет: Жалпы медицина

Группа: 10-011-2

Курс:IV

Қабылдаған:

Алматы-2014

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ

УНИВЕРСИТЕТІ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Жоспар:

I.Кіріспе

Өкпе рагы

II.Негізгі бөлім

1) Эпидемиологиясы мен этиологиясы;

2) Классификациясы;

3) Патогенезі;

4) Клиникалық белгілері;

5) Диагностикасы;

6) Емі;

7) Болжамы мен профилактикасы;

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Өкпе рагы- бронхтар,бронхиолдар,бронхиальды бездер мен альвеоларлы эпителийлердің кілегейлі қабыршағынан дамитын қатерлі ісік ауруы.

Эпидемиология

Жер шарында 2000ж. 1 миллион 200000 адам осы аурумен ауырса,1 миллион 100000 өлген.Еуропа мен Солтүстік Америка дерт жоғары деңгейде дамыса,Азия мен Африкада аз тіркелген.Қазақстан дерт бойынша Орта Азия елдері арасында бірінші орында.Ерлер әйелдерге қарағанда 10 есе жиі ауырады.Көп жағдайда қарт кісілер жиі шалдығады.

Эпидемиология

Этиологиясы:

Шылым шегу;

Ауа кеңістігінің ластануы;

Иондық радиация;

Кәсіптік зияндық;

Бронх және өкпе ұлпасының созылмалы қабыну аурулары;

Пневмосклероз;

Туберкулезден кейінгі жазылған жердегі тыртықтар;

Тұқымқуалаушылық;

Қауіп факторлары:

50-ден асқан тұрақты шылым шегетіндер;

Жасқа байланыссыз шылым шеккенине 25 жылдан асса;

Ұзақ уақыт никель,асбест,мышьяк шаруашылығында жұмыс жасайтындар;

Созылмалы қабыну аурулары барлар;

Тағамдану үрдісі;

Патогенезі:

Өкпе рагының дүние жүзілік TNM жүйесі бойынша жіктелуі:

Тх-рактық дамуының бастапқы сатысы,кездейсоқ анықталады,қақырықты цитологиялық зерттегенде анықталады.

Т0-біріншілік ісік көріністері жоқ.

Тis (tumor in situ )-инвазивті емес эпителийішілік рак,көлемі шектеулі.

T1-3 см дейінгі өлшемдегі ісік,басты бронх зақымданбаған,бронхоскопияда немесе рентгендиагностикада анықталады,

Т2 —ісік көлемі 3 см жоғары,өкпе түбіріне дейін өсуі,бірақ барлық өкпе бөліктерін камтымайды,біріншілік көріністер: ентігу,жөтел байқалады.

ТЗ-кез келген көлемдегі тікелей жанындагы органдарга тарауы(диафрагма,кеуде қуысы,ортаңғыбөлік,перикард,плевра).

Т4- кез келген көлемдегі рак,басқа органдарға таралуы (бауыр,жүрек,асқазан)

Nxлимфа түйіндері зақымданбаған немесе диагностикада анықтау қиынға соқтыруда.

 N0 — ісік анықталған,бірақ жергілікті лимфа түйіндерінде метастаз беру жоқ;

N1 —перибронхиальды және өкпе түбірінің лимфа түйіндері зақымданған;

N2 — средостениядағы лимфа түйіндері зақымданған,улкен түйіндердің зақымдана бастауы;

N3 — лимфа түйіндерінің толықтай зақымдануы,екінші өкпеге өтуі;

Мхметастаз беру жоқ;

М0 — басқа органдарға метастаз беру жоқ;

M1 — басқа бөліктерге метастаз;

Осы формула арқылы аурудың диагноз койып,процесстің таралу сатысын анықтап жазуға болады.

Өкпе рагының өсу дәрежесі(4 сатысы):

I өсу деңгейі- ісік 3 см аспайды,ол бронхтың-ішкі қуысынан тыс өспейді,плевраға дейін жетпейді,лимфа бездерінде метастаз жоқ;

IIа өсу деңгейі- ісік көлемі 3 см 5 см-ге дейін,плевраны жарақаттайды,метастаз жоқ;

IIб-ісік көлемі 3 см 5 см-ге дейін,бронх-өкпе лимфа бездерінде метастаз береді;

IIIa-ісік көлемі 5 см асады,көрші бөлімге ауысады,лимфа бездері зақымдалмаған;

IIIб-өсу деңгейінде көптеген бронх-өкпе лимфа бездерінде метастаз болады,тереңде жатқан лимфа бездерін зақымдайды;

IVa-кеуде қуысын толық жарақаттайды;

IVб-алыста орналасқан мүшелерге метастаз береді.

Өкпе рагының клиникалық және анатомиялық жіктелуі(А.И.Савицкий бойынша):

Эндобронхиальды(бронх қуысымен);

Перибронхиальды(бронх жанымен);

Тармақталып;

Гистилогиялық құрылысы жағынан:

Жалпақ жасушалы;

Шырышты (аденокарцинома);

Ұсақ жасушалар.

Клиникалық көрінісі:

Жөтел;

Қан құсу немесе қақырықта қанның болуы;

Дене қызуының көтерілуі;

Ентігу;

Кеудеде ауру сезімі;

Әлсіздік,тәбеттің нашарлауы,салмақ жоғалту;

Аяқ-қол буындарының ісінуі;

Паранеопластикалық синдром.

Диагностика:

Анамнез;

Физикалық зерттеу;

Пальпацияда:ауырған бөліктен дыбыс дірілінің әлсірегені байқалады;

Перкуссияда:ателектаз болған жерде тыныс дыбысы төмендегені естіледі,кеуде қуысының жарақаттанған жаққа тарылып,кішірейеді.

Аускультацияда:өкпеден ысқырған қырылды дыбыс естіледі.

Лабороторлық зерттеу:ЭТЖ жоғары,гипохромды анемия,лейкоцитоз.

Қақырықты цитологиялық зерттеу;

Рентгенологиялық зерттеу:

Өкпе суреті көмескіленген,ісік түйіні көлеңке болып көрінеді;

Сау өкпе кеңейген,ақшыл көрінеді;

Орталық кеуде қуысының көлеңкесі,өкпе қақпасы мен кеуде,диафрагма жарақаттанған жақта кеңейеді,тыныс алғанда орталық кеуде көлеңкесі жарақаттанған жаққа қимылдайды,ал дем шығарғанда көлеңке сау сау жақ өкпеге тартылады-Гольцкнехт-Якобсон белгісі деп аталады.

Компьютерлі томография

Бронхтардың,лимфа бездерінің,ісік түйінінің көлеңкесі айқын көрінеді.

Бронхография- бронхтарда рентген сәулесін ұстап қалатын дәрілерді жіберіп рентгенге түсіру әдісі:бронх үзілістері байқалады,бронх қуыстары тарылады,қабырғалары теп-тегіс келмейді.

Бронхоскопия-фиброскоп арқылы бронхтық ішін көру:бронх қуысында ақшыл бөтен зат көрінеді,қанағыш келеді,қуыс қысылып көрінеді.Биопсия алынады.

Изотопты тексеру;

Магнитті-резонансты томография;

Ангиопульмонография;

Медиастиноскопия.

Емі:

Ұсақ жасушалы өкпе рагында кешенді ем ретінде тек химиотерапия болса,қалған жағдайда радикалды ем ретінде операция жасалынады.

Хирургиялық ем (пневэктомия,лобэктомия,билобэктомия), паллиативті хирургиялық ем;

Сәулемен емдеу (60-65 грейге дейінгі мөлшерде);

Химиотерапия: платиндер,антиметоболиттер(метотрексат),алкилді қоспалар (циклофосфан),өсімдіктен алынған дәрілер(таксол,таксотер),ісікке қарсы антибиотиктер(адриамицин,доксорубицин)

Қабаттасқан және кешенді ем (операция сәулемен+химиотерапия).

Болжамы:

Өкпе рагы қатерлі ісік болғандықтан болжамы қолайсыз,емсіз 90% науқастар 2 жылда қайтыс болады,комбинацияланған хирургиялық емдеуде 40% науқастар 5 жыл өмір сүреді.

Профилактикасы:

Ауруды коздыратын факторлардан аулақ болу!

Қорытынды:

Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол іздейік!!!

Пайдаланылған әдебиеттер:

Ісік аурулары,І том, А.Е.Есенкулов,2010ж.

http://fitfan.ru/health/bolezni/2357-rak-legkih.html

http://medportal.ru/enc/pulmonology/canserpulmones/

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу