👈 қаріп өлшемі 👉

Жануарлардың ішек құрылысы


Жануарлардың ішек құрылысы

Ішек (кишечник) — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі.

Ішек жануарлардың ас қорыту жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Ішектің негізгі атқаратын қызметі : асқазанға түскен тағамды асқазанның сөлімен өңдеп, оның жануар организміне сіңірілуін қамтамасыз ету.

Ішек түтікше немесе құбырлы тәрізді орган. Ол жануардың ішек қуысында орналасқан және көптеген қалың қатпарлардан тұрады. Ол асқазаннан басталып, анал тесігімен бітеді. Әрбір ішектің диаметрі әдетте әртүрлі болады.

Ішектің берік серпімді қабырғалары бірнеше қабаттан тұрады: ішкі жағынан олар шырышты қабатпен қапталған, одан кейін сілемейлі қабат, кейін екі қабатты бұлшық ет қабаты болады және сыртқы жағынан тығыз ұйыма қабатпен қапталған.

Жіңішке ішек қабырғасының құрылысының суреті:

А – ұйыма қабат

Б – бұлшық еттің жолақты талшықты қабаты

В – бұлшық еттің көлденең талшықты қабаты

Г – сілемейлі қабаты

Д – қылшықты шырышты қабаты

Жіңішке ішек қабырғасының көлденең тілігінің суреті:

А – шырышты қабаты:

а – эпителий, б – тілім,

в – бұлшық ет қабаты,

г – крипт, д – қылшықтар.

Б – сілемейлі қабат

В – бұлшық ет қабаты:

а – талшықты сақиналы бұлшық ет қабаты,

б – талшықты жолақты бұлшық ет қабаты

Жуан ішек қабырғасының көлденең тілігі:

А – шырышты қабат:

а – эпителий, б – тілім,

в – бұлшық ет қабаты

Г – крипт

Б – сілемейлі қабат

В – бұлшық ет қабаты:

а – сақиналы талшықты бұлшық қабаты,

б – жолақты талшықты бұлшық қабаты

Ішектің ішкі бетінің құрылымы

Ішектің ішкі бетінің құрылымы - бір қабатты цилиндрлік тор тәрізді, безді эпителий жасушаларынан тұрады. Эпителий жасушаларының арасында түтікше тәрізді безді жасушалар болады. Осы безді жасушалар шырышты бөледі.

Ішекті эпителий қабатының астында жуан тілімді қабаты болады. Жіңішке ішекте бұл тілім қылшықтардың ішін құрайды және оның денесін жалғастырады. Ішектің сілемейлі қабатындағы тілім (tunica propria) болбыр ұлпамен байланысты болады. Ол жұлдыз тәрізді, дұрыс емес пішінді болады және өз өсіндісімен қосылады.

Осыған байланысты олармен бірге өте жіңішке болбыр талшықтары болады. Осы талшықтарының арасында түрлі бағыттарда серпімді, қалың және тегіс бұлшық ет талшықтары созылып жатады. Осы бұлшық ет элементтерінің қысқаруының нәтижесінде – қылшықтардың жиырылу және қысқаруы болады.

Тілімнің сілемейлі ішек қабығында жіңішке бұлшық қабаты орналасқан. Ол өрілген тегіс бұлшық ет түйіндерінен тұрады.

Ішектің тереңінде жатқан сілемейлі ішек қабаты өрілген жіңішке коллаген түйіндерінен тұрады. Олардың әрқайсысынан эластикалық талшықтар өтеді және өте көп шоғырланған жасушалық элементтер болады. Шырышты қабаттың астында көптеген қантамырлар мен лимфа жолдары жүйесі болады.

Ішектің басым көпшілігі негізгі екі бөлімнен тұрады: жуан және жінішке.Осы екі ішектің қосылған жерінде соқыр ішек пайда болады.

Жінішке ішектер біркелкі, тегіс, қалың емес бұлшық ет ленталарынан тұрады. Олар қылшықтардың бойымен біркелкі орналасады. Жіңішке ішек 3 бөлікке бөлінеді: ұлтабар (12 елі ішек), аш ішек және мықын ішек.

Ұлтабарішектің бірінші бөлігін құрайды. Бұл ішектің ұзындығы мен қалыңдығы жануар түріне байланысты болады. Басқа ішек түрлеріне қарағанда ұлтабарда айқын көрінетін түйіндер мен қатпарлар пайда болмайды.

Аш ішек ұлтабардан кейін орналасқан. Бұл ішектің ең ұзын бөлігі. Ішектің ұзындығы жануарлардың қоректену сипатына тікелей байланысты.

Жануарлардың түрлеріне байланысты ұзындығы 40 см – 120 см дейінгі, қысқа шажырқайға ілінген ащы ішектің қарыннан басталар бөлігі. Ол қарынның қақпақша бөлігінен басталған бойда, S әрпі тәрізді иілім жасай бауырға бағытталып, одан әрі артқа қарай оң бүйрекке жетеді де, солға және қарай бұрылып, шекарасыз ас ішекке өтеді. Етпен қоректенетін жыртқыш жануарларда аш ішекқысқа, талғаусыз жануарларда (мыс. шошқада) — орташа, шөппен қоректенетін жануарлардаұзын болып келеді. Мысалы, аш ішектің орташа ұзындығы: сиырда — 40 м, жылқыда — 20-30 м, қойда — 30- рының негізінкемік сүйек заты құрайды.

Мықын ішек өзінің қалыңдығы мен гистологиялық қасиеттері бойынша аш ішектен еш айырмашылығы жоқ және күрделі түйіндері пайда болмайды.

Жуан ішек

Жуан ішектер жануарлардың асқорту жүйесінің соңғы бөлігі болып табылады.олар жіңішке ішектерден ажыраталады:

1)әдетте үлкен диаметрлі

2)қылшықтарының болмауы

3)түтікше тәрізді эпителий жасушаларының көп болуы

4)көп қабатты бұлшық ет ленталарының болуы(жылқы,шошқа т.б.)

А) Соқырішек

ішектің бүйір жағында орналасқан өсінді. Жануар түріне байланысты әртүрлі өлшемде және даму дәрежесінде болады.

Жуан ішек 3 топқа жіктеледі:

А) соқырішек

Б) тоқ ішек

В) тік ішек

Жуан ішек: А – ірі қара мал; Б – шошқа; В – жылқы.

а) соқырішек; б) тоқ ішек; в) тік ішек.г)жінішке

ішектен шығатын тесік

Тоқ ішек

Тоқ ішек жіңішке ішек пен тік ішекті біріктіреді.

Диаметрі, пішіні және гистологиялық құрылымы мал түріне байланысты болады.

НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі 26.10.2021, 0
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы