Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Аналар қызын қалай қыяды екен) » ZHARAR © 2016 | исмағұлов сабыржан Аналар қызын қалай қыяды екен өлең стихи на казахском сабыржан исмагулов казакша олен, исмағұлов сабыржан өлеңдері сайты, стихи на казахском языке сабыржан исмагулов, сабыржан исмагулов олендери, Аналар қызын қалай қыяды екен




  • »

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Аналар қызын қалай қыяды екен)

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Аналар қызын қалай қыяды екен) казакша Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Аналар қызын қалай қыяды екен) на казахском языке

Өмірде қуаныштан зарым басым.
Қатады ойлап жүріп бəрін басым.
Өзіммен өзім болып жүрген кезде,
Бой жетіп қалыпсың-ау қарындасым.

Қыйялын ақша бұлттан асыратын.
Аруды мақтайтынмын асыра тым.
Ақ бантик көрінбейді бұрымыңнан,
Болыпсың ағадан сыр жасыратын.

Беруші ем сен сұрасаң ала ғой деп.
Күлімдеп бір қуанып қала ғой деп.
Ал бүгін ұзату той болып жатыр,
Сыртыңнан қарап тұрмын бала ғой деп.

Қамдаса өзге үйдің ошақ асын.
Ойлаймын ойлай ма деп осы ағасын.
Əттең-ай туылғанда ер бала боп,
Жат жұрттың аттамас ең босағасын.

Қоштасу көңілге мұң құйяды екен.
Жанарға мөлдір моншақ жыйяды екен.
Ағаң боп сені əрең қыйып тұрмын,
Аналар қызын қалай қыйяды екен.

Қолыңа неке жүзік тағынғансың.
Көңілім балалықты сағынған шын.
Бірақта қыз мұраты кету білем,
Тілегім барған жерде бағың жансын.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 78
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .