Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Қасиетті Жұма) » ZHARAR © 2016 | Исмағұлов Сабыржан Қасиетті Жұма өлең олен стихи на казахском, Исмагулов Сабыржан өлең олен стихи на казахском, Исмағұлов Сабыржан өлеңдері, жұма туралы өлеңдер, қасиетті жұма өлең, стихи на казахском языке про жума




  • »

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Қасиетті Жұма)

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Қасиетті Жұма) казакша Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Қасиетті Жұма) на казахском языке

Құранның Қасиетті дұғаларын.
Білеміз мұсылманның кұп аларын.
Біледі əр бір пенде бұл өмірде,
Əр түрлі сынақпенен сыналарын.
Тек Алланың шексіз екен құдіреті,
Өсірген тас бетіне қыналарын.
Жұмаға барып тәубе еткен кезде,
Кешірілер бір апталық күнəларын.
Құдіреті шексіз Алла мейірімді,
Сыйлаған бір айда төрт жұмаларын.

Өмірде барлық пенде кешкен құлдық.
Бірақта ес кірген соң кештен білдік.
Ең таза тура жолдың бар екенін,
Мұхаммед мұра еткен көштен білдік.
Парызын мұсылманның орындайық,
Қалмайық деп өкініп не істеп жүрдік.
Мейрам ғой əр бір жұма мұсылманға,
Мешітке барсаң болды тек сен жылжып.
Расулға сексен мəрте салауат айт,
Күнəлар кешірілер сексен жылдық.

Деп ойлап қалмаңыздар күнə мұны.
Ден салып тыңдаңыздар ұға мұны.
Бес уақыт намаз оқы деп құлдарға,
Азанның əр мешіттен шығады үні.
Жұмада жыйналыңдар пенделер деп,
Алланың түсіп еді шын əмірі.
Демалыс кресщение күні ғана,
Өмірдің мұңайтады мына мұңы.
Жұмадан қалмас үшін мұсылмандар,
Кез келді демалатын жұма күні.

Жүк етті жеңіл менен ауырдыда.
Жат қылар туыс пенен бауырдыда.
Біз кетсек өзге діннің жетегінде,
Тигізер қара жерге жауырдыда.
Ел деген ұлдарың мен қыздарыңның,
Осыны ойлап жүрегі ауырдыма.
Ренжисип жатқандарды түсінбеймін,
Төбеден тас ұрды ма,тау ұрды ма.
Ренжисе бергенненше бостан босқа,
Құлақ сал ақылыма тəуір мына.
Мұсылман мұсылманды ренжитсе егер,
Қағбаны құлатқаннан ауыр күнə.

Пендеміз шамамызды шамалайық.
Тəубеңе кел жасап қойсаң шамалы айып.
Басқа дінді бақыт деп санамайық,
Күнәні мұнара қып қаламайық.
Жұмаққа барар көпір болмасақта,
Тура жолға кірпіш боп қаланайық.
Жолымен шариғаттың жүрер болсақ.
Алдында жаратқанның болама айып.
Даретсіз құранғада тиіспейміз,
Некесіз қыздарғада жоламайық.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 855
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .