Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (163 атқыштар полкі) » ZHARAR © 2016 | сырбай мауленов 163 атқыштар полкі өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мәуленов олендер жинагы, 163 атқыштар полкі




  • »

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (163 атқыштар полкі)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (163 атқыштар полкі) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (163 атқыштар полкі) на казахском языке

Уж враг отступает пред вашим полком,
Какое блаженство быть храбрым бойцом!..
Гете

Құшағында жанып жатқан орманның,
Жаралы боп жарты жолда мен қалдым.
Бұлт астынан сығылайды күміс күн
Бейнесіндей төсімдегі медальдың.
Қорғаныста көңілдері жабығып,
Шабуылды күткен аңсап сағынып,
Қайран достар, қайда кетіп қалдыңдар.
Сан жорықта бірге жүрген сабылып.
Сеңді бұзып, атып жатыр жел күреп,
Күркіреген күн емес ол зеңбірек.
Оқ тессе де барады тік жығылмай
Қызыл тулар шашақтары желбіреп.
Сапер жол сап миналардың ішінен,
Байланысшы сымды жалғап тісімен.
Батареялар от шашады бұрқанып,
Күй айналып түсетіндей күшінен.
Қапта, топан, селебе, сел, қарқындап,
Тұншықтырып, үйір жауды алқымға ап,
Көтерілсін шырақ болып боранда
Винтовканың найзалары жарқылдап.
Күркіре ауыр зеңбірегі Балтықтың,
Жұлдыздарын салют етсін сарқып түн.
Смольныйдың тұрсын туы бүркелмей,
Ленинградта тұрсын ашық шалқып күн.
Жаралымын, менде ұйқы жоқ бұл түні,
Сытырлаған сыртта жаңбыр сіркірі,
Шабуылға шақырады қайтадан,
Катюшаның күндей күшті күркірі.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 91
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .