Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (1943 жылғы 17 қаңтар) » ZHARAR © 2016 | сырбай мауленов 1943 жылғы 17 қаңтар өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мәуленов олендер жинагы, 1943 жылғы 17 қаңтар




  • »

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (1943 жылғы 17 қаңтар)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (1943 жылғы 17 қаңтар) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (1943 жылғы 17 қаңтар) на казахском языке

Жаралы жанды жұтуға,
Аранын ашып жалаңдап.
Қаптады қара бұлттай,
Қарсы алдымнан жау аңдап.
Жараланған сол қолым,
Сүйемелге келмеді.
Найзасы намыс қадалып,
Көкіректі ыза кернеді.
Қонақжай екен дүние,
Төрінде шалқып күн күлген.
Күресте күнің өтпесе,
Қадірін оның кім білген.
Жанталасты жалғыз қол,
Жағаға ажал таянып,
Қалқан етіп қайыңды,
Жаттым бір кез сая ғып.
Тірідей көміп топырақ,
Толқыны ауа соқты кеп.
Темір қарып тәнімді
Өзекке тиді отты леп.
Иілмедім емендей,
Долдана қызып кетті ұрыс.
Жәрдемге жетті достарым,
Торлады жауды кекті күш.
Жау ығысты қайтадан,
Жан сауғалап жалтарып.
Әлсіредім жарамнан,
Қара қошқыл қан тамып.
Сиқы кетіп сұрланып,
Қансыз қатып қалды өң.
Туған жерде тыныстап,
Көзімді аштым, алып дем.

1943.Госпиталь


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 99
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .