Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Өскемен) » ZHARAR © 2017 | өскемен туралы өлеңдер, жүрсін ерман Өскемен өлеңдері өлеңдер жинағы өлең олен журсин ерман стихи на казахском, жүрсін ерман өлеңдері , жүрсін




  • »

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Өскемен)

Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Өскемен) казакша Қазақша өлең: Жүрсін Ерман (Өскемен) на казахском языке

Қалдырып кетпесем де ештеңемді
Қимайды көңіл неге Өскеменді?
Былдырлап тілі шыққан балам құсап
Шықпайтын болып алды естен енді.

Қол созып махаббаттың жүлдесіне
Шомылсам шолпылдатып Үлбесіне
Өскемен келіншек боп көрінеді
Оранған үлдесі мен бүлдесіне.

Жұлдыздай зерлі аспаннан үзіп алған
Түнгі оттар шыға келсе жүзіп алдан
Көңілдің айдынында ағараңдап
Қаяудай құс жолының ізі қалған.

Қияқтай ай боп көкте тұрса қылыш,
Кетеді жүрек жібіп, жұмсарып іш.
Дүбірлеп түркі атының тұяқтары,
Сібірлеп оянады бір сағыныш.

Күн нұры тозаңдатып гүлдер шаңын
Көшкендей көз алдымда гүлдер сағым.
Санамды сілкілейді сақ кезімде
Сары алтын сауыт киіп жүрген шағым.

Сайы жоқ саясында гүл өспеген,
Самалы сыбырлайды бір ескі өлең.
Киесін Алтай-әжем құрмет тұтқан
Бабамның бөркі шығар бұл Өскемен.

Жеңіспен жалғансын деп жортуылдар
Еңістен ереуілдер еркін ұлдар.
Ішінде қарағайдың қаптап жүрген
Қайдасың, Қаратайлар, Төртуылдар?

Тарихын тергесеңдер Өскеменнің
Жұрты бұл жөңкіп бұлттай көшкен елдің.
Алтайым – ақ бесігі
Ата қазақ
Кіндігін қылышпенен кескен ердің.

Тағдырын кешкен сол ұл Көрғұлының,
Тәңірім, енді ұзартып бер ғұмырын.
Шығыстың шаңырағы жүрген сынды
Шайқалып шүйдесінде Кербұғының.

Рахман суыңда да ырыс қайнап,
Майлайсың мұртыңды енді, мырышты аймақ.
Түбінде қазаныңның тұрсын қаспақ
Қыр асып, қиыр шетке жылыспай бақ.

Бір тылсым бар секілді шипаңда да,
Көзімді кіреукелеп ұйқы, алдама.
Есімді есеңгіреп жиып тұрмын,
Тауып бер тарихымды, титан қала!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 763
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .