Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Мәдени бәсеке) » ZHARAR © 2016 | сәбит мұқанов өлең Мәдени бәсеке олен сабит муканов стихи на казахском ,сәбит мұқанов өлеңдері, сәбит мұқанов өлеңі , сәбит мұқановтың өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдері , сәбит мұқанов өлеңдер жинағы , сабит муканов стихи на казахском языке,




  • »

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Мәдени бәсеке)

Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Мәдени бәсеке) казакша Қазақша өлең: Cәбит Мұқанов (Мәдени бәсеке) на казахском языке

Культурная эстафета!
Ура!
Колхоз және совхоздар,
Өндірістер, ұйымдар -
Тура
Бетін Москваға
Қойған.
Шуға,
Айқайға, ұранға
Кызбаған Совет елінде
Жан жоқ.
Туға
Түсті қанқызыл,
«Ура, ура, уралап»
Ұмтылды жұрт.
Буға
Аспан бусанды,
Жер жаңғырды.
«Қума!
Қума, қума!»-
Деп жан айтпайды.
Сөздері
Жарыс!
Қу! Жет! Оз!
Бәйге ал!
Тума
Совет ұлы боп,
Кейін тартып кежегең,
Артын алсаң, жарыстан!
Дуда
Бұл жұрт түгел қатнасқан,
Әркімге озу серт,
Кім озса, бәйге алар сол.
Шығуға
озып немесе
Бұғуға
Қорқып,
Осыдан
Ұғуға
Бұл жарыстан
Басқа жол жоқ,
Жолдастар!

Маягім -
Москва жол нұсқар!
Аяғын
Аттап капитал,
Саған қарай қорықпаса,
Басып көрсін!..
Саяғын
Фашист, банкир сықылды
Бояйын қанға!
Жаяйын
Қанатымды кеңірек,
Дүниенің жүзіне.
Аяйын
Не жанымды
Культурная эстафета
Жорығында!
Кояйын
Қимылымды көрсетіп,
Жер жүзінің байына!
Маягін
Бостандық жерінің
Көрсетейін әлемге,
Сақтауға,
Елім даярын!..


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 798
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .