Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір балуанға қарап) » ZHARAR © 2016 | сұлтанмахмұт торайғыров Бір балуанға қарап өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Бір балуанға қарап




  • »

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір балуанға қарап)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір балуанға қарап) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бір балуанға қарап) на казахском языке

Жықсаң бәйге аласың алысқанда,
Қару қып, қайратың сап қарысқанда.
Жындылық - шаппай бәйге бер деп сұрау,
Озсаң, бәйге кім бермес жарысқанда.

Тұрмысы бүл дүниенің күреспен тең,
Тәуекел, күреске түс, бар-дағы жең.
Дүниеде барлығынды кім біледі,
Үйінде ынжықтанып отырсаң сен!

Кім сені бұл дүниеде бар деп айтар,
Кім саған жықпай бәйге ал деп айтар?
Жықпасаң да күресіп талаптансаң,
\"Еті тірі, жаужүрек жан\" деп айтар.

Жүрген көп; \"жығылам\" деп үйде бұғып,
Жел бол май, боран болмай бет алды ығып;
Қысқасы, ондырмаған жасқаншақтық, —
Жасқанба, қылыш шапса, найза сұғып!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 40
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .