Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қыз сүю) » ZHARAR © 2017 | сұлтанмахмұт торайғыров Қыз сүю өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Қыз сүю




  • »

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қыз сүю)

Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қыз сүю) казакша Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қыз сүю) на казахском языке

Қыз десе әркім кетер қызуланып,
Көңілге әлдеқайдан от кеп жанып.
Ең арты аппақ қу бас шалдар-дағы
Қояды бір қиқаңдап құшырланып.
Дүниеде жан саясы қыз дейсің ғой,
Құмартып құлқың құрып іздейсің ғой.
Мылқау, кеще, таз, тазша болсаң-дағы
Қыз тимес деп күдерді үзбейсің ғой.
Қыз сондай сен іздеген сұлу болса,
Көргенде құмарланып кеудең толса,
Алмас қылыш жүзіндей аударылып,
Көлеңкесі көңіліңе барып қонса.
Бойы тік, сын-сымбаты түзік болса,
Саусағы сылдыраған жүзік болса.
Екі беті үлбіреп, көзі жайнап,
Белдері тартқан сымдай нәзік болса.
Өн бойың қарағанда ду-ду етсе,
Сыртың қысылып, тұншығып ішің күйсе.
Ал сонда асыла кетіп, бұраң етіп,
Қайтер едің, жігітім, қолға тисе?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 52
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .