» » » Өлең: Естірту, тоқтау, көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Естірту, тоқтау, көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Естірту, тоқтау, көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Естірту, тоқтау, көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Бәріміз баратын жерге кетті.
Арғымақтың тұяғы
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Тозбасты ұста соқпас,
Өлместі құдай жаратпас.
Өлмейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Өлмесе, ата-бабаларымыздың
Бәрі қайда кетті?!
Құдай алдынан жарылқасын!
Жаны жаннатта болсын!
Топырағы торқа болсын!
Қаза қайырлы болсын!
Арт жағына қайыр-берекесін берсін!
Жасамаған жасын балаларына берсін!
Ат тұяғын тай басар,
Орнында бар оңалар.
Болмасқа болаттан берік бол!
Жақсы пенде басына
Іс түскенде бекінер.
Жаман адам басына
Іс түскенде өкінер.
Тұлпардың тұяғы кетіледі,
Қыранның қанаты сетіледі.
Бүтін тұратын дүние жоқ!
Адамның көңілі бірде толады, бірде солады.
Ақырын Алла оңғарсын,
Ақиретте шапағатшы болсын!
Құдай бергенін алса да,
Берерін алмасын!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 63 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Естірту тоқтау көңіл айту өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Естирту токтау конил айту казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Естірту тоқтау көңіл айту, қазақ ауыз әдебиеті Естірту тоқтау көңіл айту өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Естирту токтау конил айту казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Естірту тоқтау көңіл айту, Өлең: Естірту, тоқтау, көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке