» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр) на казахском языке
Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр,
Алпыс үй, бәрі кедей Әнет жатыр.
Нашар ата баласы дейді оларды,
Еңбектерін бұл күнде ұмытты ақыр.

Шетінен батыр еді жуантаяқ,
Ел жауын жеңген жанын аямай-ақ.
Жуандар пайдаланып ерлік күшін,
Тұқымын батырлардың қылды саяқ.

Әнет бабам үш жүзге мәлім болған,
Адалдықпен басына бақыт қонған.
Жетім қап балалары, кедей болып,
Әділетсіз заманда бақты солған.

Бәкеме қажы екен бөліп берген,
Біледі мұны анық көзі көрген.
Бәкем өліп қалған соң жастайынан,
Әнет пен Қарабатыр маған ерген.

Көп түстім мен олардың дауларына,
Нақақтан бергенім жоқ жауларына.
Берекесі кетпеген нашар елді
Түсірмедім қулардың ауларына.

Олар да шықпап еді ақылымнан,
Қалмаған жанын аяп мақұлымнан.
Әділетсіз ісіне шыдай алмай,
Араздасып айрылдым жақынымнан.

Іні-бауыр тізгінді қолдан алып,
Тұғырдан түстім бүгін мен қартайып.
Берекесін кетіріп кедей елдің,
Әкімге сорлыны жеу болмады айып.

Зорлық көрген молама күнде келіп,
Жаздырмай жазуымды көңіл бөліп.
«Партияға кірісіп нең бар?» дейді,
Оларға айтсам қиянат ісін көріп.

Досыма айтам: «Қулардың тіліне ерме,
Партиясына ешкімнің ере көрме.
Ноқтаға басыңды ілсең, шыға алмайсың,
Бірлік бұзып, кетіріп, еркің берме» –

Десем де бәрі кетті тілімді алмай,
Ағайын айтқаныма құлақ салмай.
Сайтан билеп кеткен соң амалым не,
Қайтейін жапанда өзім жалғыз қалмай.

Еш адамды қалдырмай қасыма да,
От пен су, өзім жүрем асыма да.
Елсізде жалғыз жатып жазу жазам,
Қарамай тақап қалған жасыма да.

Қарабатыр, қоштастым Әнетпенен,
Тек қана бөлек еді жаным сенен.
Мені енді есепте өлген шал деп,
Жуандар санаспайды меніменен.

Ақылым – еңбек істе, егінің сал,
Ерінбей жерді емсең, табылар мал.
Партияға салынба бірлік бұзып,
Желіктірсе – желікпе, тілімді ал.

Партия қуған қуларың азып-тозар,
Арамдықпен өмірді қанша созар.
«Байдың малы болады бір борандық» –
Бәрінен адал еткен еңбек озар.

Жасымнан сендер едің менің елім,
Аяушы едім қайысып, сынып белім.
Тірлігімде тілімді алмасаң да,
Өлгеннен соң дерсіңдер: «Қамқоршы ерім».

Молама, есіңе алып, келерсіңдер,
Сөзімді оқып, ойланып көрерсіңдер.
Айтқаным тапжылмастай келгеніне
Көз жетіп, сонда ғана сенерсіңдер

Автор: nurgul95 | 130 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Епті тышқан бидайды таси берген)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Епті тышқан бидайды таси берген)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бір ханда екі ұл бопты бір туысқан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бір ханның кеудесіне жара шыққан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бір ханның кеудесіне жара шыққан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қулар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қулар)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кейбіреу безді дейді қатынынан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Криз патша)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Криз патша)
Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Сыныптас
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Сыныптас
Реферат: Қазақ әдебиеті | Әнет баба
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Әнет баба
Реферат: Қазақ әдебиеті | Рысбек Батыр
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Рысбек Батыр
Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жиырма бес)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Жиырма бес)
Қазақша реферат: Әнет баба Кішікұлы (1628-1723)
Рефераттар жинағы
Қазақша реферат: Әнет баба Кішікұлы (1628-1723)
Қазақша ертегі: Бір үзім нан
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Бір үзім нан
Қазақша ертегі: Бір жарым дос
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Бір жарым дос
Қазақша ертегі: Алтын, күміс
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Алтын, күміс
Ертегі: Алтын балта
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Алтын балта
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бай мен кедей)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бай мен кедей)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр, шәкәрім құдайбердіұлы Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Жиырма үй менің көршім – Қа, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жиырма үй менің көршім – Қарабатыр) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке