» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Епті тышқан бидайды таси берген)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Епті тышқан бидайды таси берген)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Епті тышқан бидайды таси берген) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Епті тышқан бидайды таси берген) на казахском языке
Епті тышқан бидайды таси берген,
Шәкірті де көп екен қасына ерген.
Қақпан құрған адамның айлаларын
Алып тастап, жем жеген талай жерден.

Өзге тышқан үйреніп ол өнерден,
Талай қиын орыннан тамақ терген.
Бір күні басшы тышқан кезіп жүріп,
Аузын мықтап бекіткен күбі көрген.

Тәтті ірімшік иісі мұрнын жарып,
Тесік жерін таба алмай болған ғарып.
Бұрын шүмек орнатқан бір жері бар,
Әрқашан тырмалайды соны барып.

Неше күндей қажалап тескен соны,
Іздеген мақсұтына жеткен қолы.
Өмірлік азық қылып жатайын деп,
Жолдасынан жасырған айтпай оны.

Алдынан ұя жасап, жатқан бұғып,
Қарны ашса жүреді кіріп, шығып.
Жолдасының біреуі келе жатса,
Тесікке қояды екен тығын тығып.

Жиылып келді бір күн шәкірттері:
«Сізді бір көрмедік,– деп,– көптен бері
«Тышқан көп» деп тамағын тықты бұл ел,
Ала алмадық қиын боп қойған жері.

Біз аш жүрміз солай боп бірталайдан,
Оңай тамақ табылар енді қайдан.
Көпті көрген айлакес батыр едің,
Тағы да тиер ме екен бізге пайдаң».

Ол айтты: «Тәуба қылдым сопы болып,
Ұрлық қылған күнә ғой елді торып.
Мұнан былай келмеңдер маған жақын,
Кеудеме кетті бүгін иман толып.

Қасыма келе берсең, күнәң жұғар,
Ұрлықты ойлап ойымнан иман шығар.
Аштан өліп қалуға ризамын,
Енді ұрлыққа болмаймын тіпті құмар».

Ойласам, сол тышқандай бұзықтар көп,
Сырты сопы, іші арам қылықтар көп.
Пара алып, не қазынаның ақшасын жеп,
Адалымсып жүретін ұлықтар көп.

Бір емес, әр жерде бар осындайлар,
Өз малын өзі ұрлайды кейбір байлар.
Қазына берген ақшаны қалтаға сап,
Елге міндет кеңсешіл пысықайлар.

Бір ұрты май, бір ұртында қандар да бар,
Қой терісін жамылған жандар да бар.
Жазасызды жалалап атақ алып,
Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар.

Арамдықпен жеткізіп көкке қолын,
«Кәмөнөс» боп алады жоғары орын.
Тартылса анық әділ таразыға
Бір-ақ күнде қайнатар оның сорын

Автор: nurgul95 | 155 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қасқыр түлкі бөдене)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қасқыр түлкі бөдене)
Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Ойлар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Ойлар)
Өлең: Ғафу Қайырбеков («Тышқан көз» деген)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ғафу Қайырбеков («Тышқан көз» деген)
Ертегі: Тышқан мен жылан
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Тышқан мен жылан
Ертегі: Тышқан мен мысық
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Тышқан мен мысық
Ертегі: Тышқан  ит және мысық
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Тышқан ит және мысық
Ертегі: Торғай мен тышқан
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Торғай мен тышқан
Ертегі: Тышқандар
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Тышқандар
Ертегі: Жалқау мысық
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жалқау мысық
Ертегі: Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жолбарыс пен тышқанның достығы жайында
Қазақша ертегі: Арыстан мен тышқан
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Арыстан мен тышқан
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Екі тышқан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Екі тышқан)
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Арыстан мен тышқан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Арыстан мен тышқан)
Қазақша өлең: Мұсабек Байзақұлы (Тышқан мен түйе)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұсабек Байзақұлы (Тышқан мен түйе)
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Тышқанның өсиеті)
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Тышқанның өсиеті)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жастық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жастық)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Епті тышқан бидайды таси берген өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Епті тышқан бидайды таси берген, шәкәрім құдайбердіұлы Епті тышқан бидайды таси берген өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Епті тышқан бидайды таси берге, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Епті тышқан бидайды таси берген) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке