Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Екі тышқан)

(Ғ. Тоқайдан)
Даладан екі тышқан май тауыпты,
Шығынсыз екеуі де жай тауыпты.
Жанжалдасып бұл майды бөлісе алмай,
Маймылға бөлдіруге көңілі ауыпты.
Білдірді бұлар барып маймылға өзін,
Айтысты арадағы жанжал сөзін.
«Қош келдің, таразым бар, өлшейін,— деп,
Жоғалтуға ойлапты майдың көзін.
Өлшепті бір жағына майды салып,
Анжағы көтерілді босқа қалып.
Бос жағы мен май жағын теңгеруге
Маймыл тықты аузына майдан алып.
Ақырын жеп бітіріп майлы басын,
Безбеннің тегістепті екі басын.
Безбеннің бірдейлігін көзбен керіп,
Тышқан кетті ағызып көздің жасын.
Сорлының жанжалдасқан майы қайда:
Бермейді ешбір уақыт жанжал пайда.
Өз ара қосылмаса ынтымағың,
Жем болдық көрінгенге әрбір жайда.
Ендігәрі бірліктен айрылмасқа,
Тышқандар ант етіпті бір кең сайда.
Шығынсыз екеуі де жай тауыпты.
Жанжалдасып бұл майды бөлісе алмай,
Маймылға бөлдіруге көңілі ауыпты.
Білдірді бұлар барып маймылға өзін,
Айтысты арадағы жанжал сөзін.
«Қош келдің, таразым бар, өлшейін,— деп,
Жоғалтуға ойлапты майдың көзін.
Өлшепті бір жағына майды салып,
Анжағы көтерілді босқа қалып.
Бос жағы мен май жағын теңгеруге
Маймыл тықты аузына майдан алып.
Ақырын жеп бітіріп майлы басын,
Безбеннің тегістепті екі басын.
Безбеннің бірдейлігін көзбен керіп,
Тышқан кетті ағызып көздің жасын.
Сорлының жанжалдасқан майы қайда:
Бермейді ешбір уақыт жанжал пайда.
Өз ара қосылмаса ынтымағың,
Жем болдық көрінгенге әрбір жайда.
Ендігәрі бірліктен айрылмасқа,
Тышқандар ант етіпті бір кең сайда.
Автор: ZHARAR | 481 | 7.07.2016
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Ертегілер жинағы
Ертегі: Тышқан мен жылан

Қазақша Ертегілер жинағы
Ертегі: Тышқан мен мысық

Қазақша Ертегілер жинағы
Ертегі: Тышқан ит және мысық

Қазақша Ертегілер жинағы
Ертегі: Торғай мен тышқан

Қазақша Ертегілер жинағы
Ертегі: Тышқандар

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Бұлар кім?)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Арыстан мен тышқан)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сұлтанмахмұт Торайғыров (Міне, алақай!)