» » » Өлең: Қалижан Бекқожин (Ерулік)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Ерулік)

Өлең: Қалижан Бекқожин (Ерулік) казакша Өлең: Қалижан Бекқожин (Ерулік) на казахском языке
Түлегендей бүгін жаңа тұл адыр,
Үстіндегі тіршіліктің тың бәрі.
Жас өмірден құйылғандай тыңға нұр,
Далам жаңа жастық жырын тыңдады.
Қалалы көш келіп қонды қырыма,
Масайрады май айында cap өңір.
Ел қонбаған иен жазық қиырға,
Өздерімен келді бірге бар өмір!
Платформа үстерінен гуледі
Машиналар
Күйге басты баяны.
Қастарында артып жүрген үйлері —
Көшкен қала, көшпелі емес баяғы.
Орнап қала, ақ шатырлар тігілді,
Бұл қауымның айналаға таң ісі.
Ауылыма алып келді тың үнді,
Жүз мың жастың жаңғырыққан дауысы.
Естіп соны Ерейменнен жүгірді
Біздің Малқар ар жағына Есілдің.
Мен де шықтым айтып жаңа жырымды,
Жырмен қақтым тың қоныстың есігін.
Әжем келді күлімсіреп тау жақтан
Құшақтауға қырдың жаңа ұл-қызын.
Ұрпағына, — жазықтарын жайнатқан,
Сыйлап жатыр cap майы мен уызын.
Келіп еді ол қуанышпен ауылдан,
Есіңде бұл құба жондар: күйеуі
Ертеде кеп сонау Ұлы — тауынан,
Астық іздеп, жортқан мініп түйені.
Қара жондар жатушы еді түксиіп,
Аңның ғана аузы тиіп түгіне.
Қайран қырда ол кезде жоқ түк сиық,
Ата-баба өткен екен түңіле.
Көрді әжем: Жаңа қоныс, соны қыр,
Даласына жатыр жаңа күй беріп.
«Жастарым — гүл, ауызында сұлу жыр,
Жапанды да идіреді игеріп!»
Далама құт — әрбір дәні егілген,
Бұл жемістер халқымызға — өмірлік.
Соны қырдың ерлеріне елімнен,
Ана уызы, жүрек лебі — ерулік!

Автор: nurgul95 | 97 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қалижан бекқожин Ерулік өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша, қалижан бекқожин өлеңдері, калижан беккожин олендери, калижан беккожин стихи на казахском, Ерулік, қалижан бекқожин Ерулік өлең стихи на казахском калижан беккожин олен казакша қалижан бекқожин өлеңдері калижан беккожин олендери калижан беккожин стихи на казахском Ерулік, Өлең: Қалижан Бекқожин (Ерулік) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке