Өлең: Қалижан Бекқожин (Бригадир туралы жыр)

Жапан түзге жасап жатыр қыс бүлік,
Қар жасағы ойнақтайды ысқырып.
Қиян қырдың аспанында жүр жосып
Ақ шудалы аппақ бура түсті бұлт.
Қар тынымсыз белестерге борайды,
Ақша таулар басты жазық маңайды.
Белуардан қарға батқан жас жігіт
Бұрқасынға күлімсіреп қарайды.
Қамаласа қалың құйын жасағы,
Ұмтылып жас, құшағын кең ашады.
Қабағы мұз,мұрты қырау сол жігіт
Қар құрсанып қырда нығыз басады,
Ұмтылады боранға қыр серісі,
Құйын дала — бейне майдан өрісі.
Боран — дабыл ұрыстарға қағылған,
Бұл басталған — қырдың жазғы жеңісі.
Алды оның қалың қорған аққала,
Тұр сыртында тракторлар топтала.
Айқайлады. ол:
«Ей, құйындар, лақпа сен,
Аспан нұрын төк жеріме, қапта да.
Көрсін аспан қар моншақтың ізінен
Қыр жұлдызын қызыл дәнмен тізілген.
Қар астында өрнегім бар оюлы,
Соның буы қыздырып тұр бойымды.
Соқ, соқ боран, жүгір, құйын, ойнақта,
Күміс қарды қырларыма жайнат та,
Қар маялар орынына дән мая
Орнатамыз мынау маңғыт аймақта!» —
Деп қайсар жас, қар боратып төсіне
Басты алға, келді жайнап есіне:
Дулы көктем кестелеген барқыт қыр,
Алтын күзде толқындаған несібЕ
Қар жасағы ойнақтайды ысқырып.
Қиян қырдың аспанында жүр жосып
Ақ шудалы аппақ бура түсті бұлт.
Қар тынымсыз белестерге борайды,
Ақша таулар басты жазық маңайды.
Белуардан қарға батқан жас жігіт
Бұрқасынға күлімсіреп қарайды.
Қамаласа қалың құйын жасағы,
Ұмтылып жас, құшағын кең ашады.
Қабағы мұз,мұрты қырау сол жігіт
Қар құрсанып қырда нығыз басады,
Ұмтылады боранға қыр серісі,
Құйын дала — бейне майдан өрісі.
Боран — дабыл ұрыстарға қағылған,
Бұл басталған — қырдың жазғы жеңісі.
Алды оның қалың қорған аққала,
Тұр сыртында тракторлар топтала.
Айқайлады. ол:
«Ей, құйындар, лақпа сен,
Аспан нұрын төк жеріме, қапта да.
Көрсін аспан қар моншақтың ізінен
Қыр жұлдызын қызыл дәнмен тізілген.
Қар астында өрнегім бар оюлы,
Соның буы қыздырып тұр бойымды.
Соқ, соқ боран, жүгір, құйын, ойнақта,
Күміс қарды қырларыма жайнат та,
Қар маялар орынына дән мая
Орнатамыз мынау маңғыт аймақта!» —
Деп қайсар жас, қар боратып төсіне
Басты алға, келді жайнап есіне:
Дулы көктем кестелеген барқыт қыр,
Алтын күзде толқындаған несібЕ
Автор: nurgul95 | 141 |
Загрузка...
Рекомендуем:

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Боранда)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Асығыс адам)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Қарақұм)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Бақташы достары)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Гвардияшылар)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Ерулік)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Есілге)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Жиырма сегіз)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Бұлт пен Қаңбақ)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Қасымға)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Таудай болғым келеді)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қыстың күні)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ақ құйын болсаң мені де кет бір тербетіп)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мүбәрәк Жаманбалинов (Торғайлар)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Қыс)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Анау - аспан, мынау - бақ)