Күләш Ахметова (Медсестра)

 Күләш Ахметова (Медсестра)

Өткен жылдар, өткен күндер есімде,
Есімде сол ізгі ниет шешім де.
Қос бұрымды, шыт көйлекті ұяң қыз
Оқып жүрген Жамбыл медучилищесінде.
Кетпейтін ол кеше кезіп безектеп...
Келмес бәрі сөз ет, мейлі, сөз етпе.
Сабақтан соң емханаға барады
Тұру үшін сестралық кезекке.
Емхана, ол — жинаған жер дәрі исін.
Кірген бойда жабырқайсың, налисың.
Аурулардың көңіл күйін бір кешіп
Айтар сөзін қарасынан танисың.
Адам жаны-ай түрлі-түрлі күйге енген!
Сүйеу болып тіршілікті сүйгенге —
Қосу үшін жасқа—жігер, қартқа— үміт,
Жүгіресің ықыласыңмен, инеңмен.
Спирт пенен ине салған табағың
Тынышталмас келгенінше жаңа күн...
Қиын күдік — үнсіздігің — ауруға,
Мықты дәрі—жадыраңқы қабағың:
Салқын қабақ сырқаттан да бүлік бір.
Дімкәс жанның жарасын сәл ұмыттыр,
Күн сәулесі түскендей боп кетсін бір —
Шаршасаң да палатаға күліп кір.
Шақырса ауру, таға көрме еш кінә,
Көретұғын болар сені ес сірә.
Қайырымсыз дерттің бетін сөзімен
Қайтарады қайырымды сестра»,—
Бізге солай мұғалімдер айтатын.
Дейтін және: «күйрек болма, байқа, тым:
Емханадан тәуір болып шыққандар
Сестраға алғыс айтып қайтатын.
...Ақын болдым өмірге өлең беретін,
Кезекшімін мазасызбын және тым.
Өлеңімнің мінезіне ауысты
Медсестра кезімдегі әдетім.
Жүрмесем де зыр жүгіріп ине алып,
Аяушылық сезімдері жиналып
Жүрегімді сыздатады, біреудің
Қайғысы үшін жүрем әлі қиналып.
Арта түскен міндетім де, жүгім де,
Адамдардың жайып ойлап бүгін де
Кезектегі медсестра сияқты
Отырамын түнгі шамның түбінде

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі