» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Сұр жылан)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Сұр жылан)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Сұр жылан) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Сұр жылан) на казахском языке
Ысқырды тағы сұр жылан,
Екі айыр тілі у жылан,
Бахытты бейбіт елімде
Жасырынған сұм жылан,
Ой-шұқырды сағалап,
Елді торып жағалап,
Жабықтан кірген қу жылан.
Ерген иттер айтаққа,
Сатылған жауыз, бай тапқа,
Жарықтан. қашқан бандалар,
Өңшең соқыр жын жылан.
Қанқұмарлар жыланы,
Троцкий жыланы,
Қайдағы зұлым сұм жылан,
Жай жылан ба, бұл жылан—
Қара, жолдас, бас қосып,
Халыққа қара күн тосып,
Сақтаған зәрін бойына
Туғызбақ боп бізге ылаң.
Халықтың қара жаулары
Бас қосып қай-қайдағы,
Елеусіз жүріп елімде
Нелер сұмдықты ойлады.
Құтырған иттер жалақтап,
Аш қасқырдай алақтап,
Сілекейі шұбырып,
Ішінен қанжар тағынып,
Ұлы тісін қайрады.
Көрінген жерге қорғалап,
Жарықтан түнге жорғалап,
Жасырынып сағалап,
Ой, шұқырға сайдағы.
Байқаусызда қойыннан,
Шыға келіп бойыңнан
Бахытты бейбіт еліме,
Ел бастаған еріме
Қапыда елім сайлады.
Арамзаның құйрығы • |
Бір-ақ тұтам деген бар,
Біз жыланнан қорқпаймыз,
Кесетін оны берен бар.
Халыққа қастық ойласа,
Қара тас басар кеудесін.
Жаныштай тасқа езерлік
Ел табаны — шеген бар.
Халық қарғысын алғанға
Қара жерден орын жоқ,
Құрысын, өлсін сұм мұндар,
Жер бетінен жоғалсын,
Інінен шықпай тұншығып,
Атада нәлет қу сұмдар!
Жарық күннің жанары
Жауға аяусыз жанады,
Жайратар, өртер, күйдірер
Заңның жалын жарығы,
Күзетке шыққан қалық ел,
Қаһарлы бүгін қабағы.
Қай шұқырға кірсе де
Сұр жыландар сумаңдап,
Бірін қоймай табады.
Бахыт заңы күшінің
Сұмдарды езіп тастарлық
Асқан алып табаны.
Індеріне су құйып,
Ұясын өртеп талқандап,
Тамырын құртып шабады.
Сансыз жылғы күресте,
Тапқан істің анығын.
Ащы менен тұщыны
Татқан талай халығым.
Айыра білер ал елдің
Ақ пен қара парығын.
Жауды аяған жаралы
Түбінде бір қалады,
Есіңе тұт еңбекші ел,
Қам көңілдің қамығын,
Өткен өмірің тарығын.
Жауға қатал болайық,
Халық қаһарын салайық,
Көтертпей басын езгілеп
Ұлы тісін шағайық,
Жер бетінен құртайық
Халқымның жауы — залымын.
Басы өлсе де жыланның,
Құйрығы тірі қалмасын,
Күлін көкке ұшырып,
Тастайық шауып тамырын.
Сөйтіп таза шынардай
Еркіндетіп еңбекті
Еліміз өссін, гүлденсін,
Мәңгі күннің кіршіксіз
Алған соң алтын жарығын

Автор: nurgul95 | 86 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кекті ашу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кекті ашу)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Малшы мен маса)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Малшы мен маса)
Өлең: Ғафу Қайырбеков (Арасанның иесі - Сарбас жылан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ғафу Қайырбеков (Арасанның иесі - Сарбас жылан)
Жеті шелпек шарапаты
Пайдалы кеңес жинағы
Жеті шелпек шарапаты
Ертегі: Тышқан мен жылан
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Тышқан мен жылан
Ертегі: Қарлығаш пен дәуіт
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қарлығаш пен дәуіт
Ертегі: Ақ жылан мен қара жылан
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Ақ жылан мен қара жылан
Қазақша әңгіме: Келбет алдамшы ма?
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Келбет алдамшы ма?
Қазақша өлең: Асан қайғы (Құйрығы жоқ, жалы жоқ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Асан қайғы (Құйрығы жоқ, жалы жоқ)
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Баланың айласы)
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Баланың айласы)
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сарғайдым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Сарғайдым)
Қазақша мақал - мәтел: Жылан
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Жылан
Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Тау баурайында)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жұмекен Нәжімеденов (Тау баурайында)
Қазақша Мультфильм: Қарлығаштың құйрығы неге айыр (2012)
Қазақша Мультфильмдер жинағы
Қазақша Мультфильм: Қарлығаштың құйрығы неге айыр (2012)
Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Түрлі тойым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Түрлі тойым)
Қазақша Ертегі - Мультфильмдер жинағы: Алдар Көсе - Жылан-балық
Қазақша Мультфильмдер жинағы
Қазақша Ертегі - Мультфильмдер жинағы: Алдар Көсе - Жылан-балық

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Сұр жылан өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Сұр жылан, жамбыл жабаев Сұр жылан өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Сұр жылан, Өлең: Жамбыл Жабаев (Сұр жылан) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке