» » » Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ay қараймын азаннан)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ay қараймын азаннан)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ay қараймын азаннан) казакша Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ay қараймын азаннан) на казахском языке
Ay қараймын азаннан тұрып алып,
Осы теңіз балығын қырып алып
Жүрген сабаз секілді сенімдемін,
Жылы толқын жатады күліп ағып.
Қос қанаттан қос ескек суға малып,
Ерте қиял асылып шыңға барып,
Әлдеқайда кетемін көңіліммен,
Елестейді еркелік, бір балалық.
Жан жоқ бұл кез оянып, қыбырлаған,
Күннің-де алғаш түседі нұры маған.
Ең атақты балықшы келеді - деп,
Тек құрақтар жағада сыбырлаған.
Ау арқауы алысқа керілгенмен,
Шылау басқан аршуға ерінгеннен,
Екі-ақ құлаш тұсы бар көзі бүтін,
Жайын өтсе тоқтамас бергі жерден.
Салып ұрып сол бүтін жерге жетем,
− Ертеменен, е сабаз келген екен, -
Дегендей-ақ бүлк етіп сазан балық,
Амал таппай тоқтайды енді бөтен.
Кейде біреу, кейде екеу - аспайды одан,
Сорпалыққа сорлылар бас байлаған,
Құрғақ қайық түбінде тыпырлайды,
Қалған жерді қарамай босқа айналам.
Алтын артқан кемедей маңғазданып,
Қайық қалқып жүзеді, жай қозғалып,
Көкке қарап келемін жағалауға,
Әкелгенім болса да жалғыз балық.
Жаңа оянған ағамыз жағаға кеп;
«Қанша-ау?» - дейді.
− Боласыз санап әлек!
− Сорпа бар ма?
− Бар - деймін.
− Е, жарады.
Артық ұстап байғұсты неге керек!

Автор: nurgul95 | 109 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ғафу қайырбеков Ay қараймын азаннан өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Ay қараймын азаннан, ғафу қайырбеков Ay қараймын азаннан өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша ғафу қайырбеков өлеңдері гафу каирбеков олендери гафу каирбеков стихи на казахском Ay қараймын азаннан, Өлең: Ғафу Қайырбеков (Ay қараймын азаннан) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке