Құлақтан кіріп, бойды алар - Абай Құнанбаев

Құлақтан кіріп, бойды алар - Абай Құнанбаев

Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.
Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.
Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.
Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.
Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз:


Жаңалықтар:
» Оқулықтың электронды нұсқасы балаларды ауыр сөмкеден қашан құтқарады 15.05.2021, 0
» 2021 жылы айт намазы қашан оқылады ? 11.05.2021, 0
» “Бәрін шатастырды” - Алексей Цойға қандай ескерту айтылды? 07.05.2021, 1

Пікір жазу

Пікірлер 4

  1. Жасұлан
    Жасұлан 20.06.2018 11:41
    3 + 0 -
    "Әсем ән мен тәтті күй" ғой, қате жазуды қашан қойасыздар ??? Өзгертпей жазыңыздар!!! Бұл өтініш емес, бұл - талап!!!
  2. Айдана Оспан
    Айдана Оспан 13.10.2014 20:28
    3 + 1 -
    Абай Құнанбаевтың өленің білуіміз қажет. Құлақтан кіріп бойды алар деген өлеңнің мағынасы жақсы ән болса тыңдай бергің келеді. Бітпесе деп ойлаймыз. Ал кейбір өлеңдер қызықсыз. Біз оны қашан бітеді? Бітіп болмады ғой деп ойлаймыз. Мағынасы жоқ.
  3. Айдана Оспан
    Айдана Оспан 13.10.2014 20:27
    3 + 0 -
    Абай Құнанбаевтың өленің білуіміз қажет. Құлақтан кіріп бойды алар деген өлеңнің мағынасы жақсы ән болса тыңдай бергің келеді. Бітпесе деп ойлаймыз. Ал кейбір өлеңдер қызықсыз. Біз оны қашан бітеді? Бітіп болмады ғой деп ойлаймыз. Мағынасы жоқ.
  4. Дария
    Дария 28.10.2020 20:24
    3 + 2 -
    У вас есть минусы музыки


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы