Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Кұлақтан кіріп, бойды алар) » ZHARAR © 2016 | стихи абая кунанбаева на казахском языке , Қазақша өлең: Абай Құнанбаев , казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать , абай құнанбаев өлеңдері скачать,абай құнанбаев өлеңдері ,




  • »

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Кұлақтан кіріп, бойды алар)

Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Кұлақтан кіріп, бойды алар) казакша Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Кұлақтан кіріп, бойды алар) на казахском языке

Кұлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.
Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.
Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.
Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.
Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 6 785
Рейтинг:
(голосов: 3)

.

. .