Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Арқа сүйеп ақыл-ойдың шыңына,
аңсағаны – ұлтқа шуақ, шұғыла.
Әрбір күні – адамзаттың қамы үшін,
әрбір түнде қамығатын мұңына.

Арқалаумен ауыр жүгін алыптың,
арманы еді жарқын әлем, жарық күн.
Айбынды ұлы ардақты әке Әбіштің –
адастырмас Көшбасшысы халықтың.

Ұлы Дала дарабозы, ұланы
ұшырғанда шарықтаған қыраны.
Ұлы Ғұн мен Сақтан бері сақталып,
ұрпақтарға мұра болған ұраны.

Емірентті еркін сезім шақтары,
елжіретті қазағымды бақ таңы.
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы –
егеменді Қазақстанның мақтаны!

Талқысымен тайталасқан тың күші,
Туын тікті Бостандықтың – құнды ісі.
Тумысынан парасатты Президент –
Тәңір берген Тәуелсіздік тұңғышы!

Автор: Ер Ахмет-Салим

Материалдың толық нұсқасын жүктеу үшін сайтымызға тіркеліңіз!!!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Пікірлер 3

  1. РРР
    РРР 23.11.2020 19:11
    0 + 1 -
    рахмет
  2. Ааа
    Ааа 18.11.2020 11:58
    2 + 2 -
    Елін сүйген елбасы керемет
    1. Тұрар Каусар
      Тұрар Каусар 01.12.2020 16:11
      1 + 0 -
      Керемет мен бұны жаттап алып айттым елбасы күніне
Келесі мақала жүктелуде...