Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады?


Банк өкілдері қарыз алушының жұмыс орнына, туыстарына хабарласып, одан нәтиже болмаса, қарызды жалақысынан ұстап қалып жатады. Бұл қаншалықты заңды? Нақты қандай жағдайларда банк борышкердің жалақысынан ұстап қалуға немесе оның жалақы картасын бұғаттауға құқылы? Осы және өзге де сұрақтарға заңгер Данияр Түймебаев жауап берді деп хабарлады massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңгер банк пен қарыз алушы жасасқан келісімшарттарда қарыздың уақтылы, мерзімі бойынша төленуі тиіс екені көрсетілетінін айтады. Дегенмен, статистика бойынша, несиені кешіктіріп төлейтіндердің саны азаяр емес.

Түймебаев осындай жағдайларда қаржы мекемесінің істі коллекторларға жолдап, мәселенің сот арқылы шешілетінін айтады. Сондай-ақ, маманның сөзінше, банк несие бойынша қарызы барлардың жалақы қартасынан ақша ұстап қалуға құқылы.

«Бұл іс сотқа жеткен болса ғана, борышкердің банк картасынан қарызы үшін ақша ұстап қала алады. Себебі мұнда сот орындаушысының дәлелі мен қажетті құжаттар бар. Ең бастысы – банк пен клиент арасында жасасқан келісімшартта белгілі бір мерзім көрсетілуге тиіс, яғни, қарыз сол мерзімге дейін өтелмеген жағдайда банк жалақы картасынан ақша ұстай алады. Кейбір жағдайларда клиенттер өздері жалақысынан белгілі бір соманы ұстап отыруға өтініш жазып, рұқсатын беріп жатады», – дейді заңгер.

Несие алғанда кепілгер болудың қандай қаупі бар?

Бірақ, Түймебаевтың айтуынша, банк жалақының барлық сомасын ұстап қала алмайды.

«Банк әлеуметтік көмек, алимент, балаларға берілетін жәрдемақы, басқа да жағдайларға қатысты берілетін өтемақыларды ұстап қала алмайды. Банк картасындағы барлық ақшаның көп болса, 50 пайызын ғана ұстай алады. Одан көп ақша ұсталған жағдайда клиенттің прокуратураға банктің заңсыз әрекетіне шағымданып, өтініш қалдыруға құқығы бар», – дейді заңгер.

Маман сот үкімі шықпайынша, банктің жалақы картасын бұғаттауға құқығы жоқ екенін айтады. Ал қандай да бір сот үкімі шықпаса, банк ол шығынды өтеуге тиіс болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу