Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Есімде & Тобық | Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Есімде & Тобық Қазақ Ұлттық ойындар жинағы, Қазақ Ұлттық ойыны, Қазақ Ұлттық ойындары, Ұлттық ойындары жинағы




  • »

Қазақ Ұлттық ойындар жинағы: Есімде & Тобық

Мұны кей жерде «Тобық», ал кей жерлерде «Есімде» деп атайды. Бірақ, сайып келгенде, бұлардың негізі бір арнаға келіп құяды. Ойынның мақсаты: есте мықтап ұстау, жаңылшақтыққа, ұмытшақтыққа жол бермеу. Мұны көбінесе ересек адамдар ойнайды, олар өзара уәделесіп бәс тігіседі. Ойынның мерзімі қысқа болса, тобықты қолға қысып жүруге, ал мерзімі ұзақ болса, қалтаға салып жүруге де болады.

Жақсылап, тазалап мұжылған қойдың тобығын бір ойыншы екінші кісіге береді. «Бұл екеуі кезкелген уақытта жолыға қалса, бірінші ойыншы: «Есімде»— деп әңгімесін бастайды.

«Есімде!» демесе, ол ұтылады. Ал екінші ойынша тобықты көрсетуге тиіс, егер тобықты көрсете алмаса, онда екінші ойыншы ұтылады. Ұтқан адам тиісті жүлде алады.

Тобық ойыны, сонымен қатар, өте сақ болуды керек етеді. Өйткені, қай уақытта, қай жерде болсын, тобықты сақтаған жақ оны бәс тігіскен кісіге көрсетуі қажет. Ешқайсысы жаңылмаса, ұмытпаса әрі сақ болса, ойын созыла береді, сөйтіп бірін-бірі жаңылдырып, қапыда қалдырғанша ойын тоқталмайды

Санат: KZ портал » Қазақ Ұлттық ойындары және салт-дәстүрлер жинағы | | 3 718
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .