Кішкентай ару - 2013
Мақсаты: Сынып қыздары арасында кішкентай арулардың өзін - өзін таныстыра білуге, өнерлерін көрсете отырып, ұлттық өнерді үйрету.
Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілділікке, өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: гүлдер, магнитофон, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Жоспары:
1. «Мен қазақтың қызымын» (таныстыру)
2. Білім мен дәстүр (сұрақ - жауап)
3. «Шебердің қолы ортақ» (гүл қиып жапсыру)
4. «Өнерліге өріс кең» (өнер сайысы: ән, би, күй, өлең оқу)
6. Сән үлгісін көрсету
Мұғалім сөзі:
Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің,
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ - дей келе, құрметті аналар, ұстаздар, кішкентай құлпырған қыздар сіздерді 8 - наурыз мерекелеріңізбен құттықтаймын.
8 - наурыз мерекесіне орай тобымызда қыздар арасында «Кішкентай ару - 2013» атты сайысын өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қонақтар! «Кішкентай ару - 2013» атты сайысына қош келдіңіздер. Міне, тағы да көктемнің алғашқы күндерімен келетін
8 - наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке, бірлік тілейміз.
Еламан:
Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті біздің ұстаздар.
Бақберген:
Той - тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтап жатыр міне балаларың.
Жүргізуші:
Ендеше осы байқауға қатысатын қыздарымызды ортаға шақырайық.
Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл, сана.
Көркіне ақылы да сай келетін
Бірінші келе жатқан - біздің Айша.
Жүргізуші:
Шығады мың бұралып Назар биші,
Өнерді Назар сүйген бәрің сүйші.
Қыздары біздің топтың бәрі өнерлі,
Шығады арасынан әнші, күйші.
Жүргізуші:
Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,
Бәрі де арманына қолын созар.
Арманың орындалсын Меруерт қыз,
Бұйыртса бақыт құсы саған қонар.
Жүргізуші:
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан - жақты.
Келе жатқан Аруды,
Жарысты бүгін жалғапты.
Жүргізуші:
Арулар келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппен, ізетпен танысуға.
Байқаудың жоспары мен қазылар алқасы таныстырылады.
1 - бөлім «Мен - қазақтың қызымын» (Әрбір қыз өздерін таныстырып шығады)
2 - бөлім: «Білім мен дәстүр» (сұрақ - жауап)
Жүргізуші:
Жас ару - жас ғұмырдың талғамысың,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қағып сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын,- дей келе сұрақ - жауап бөліміне шақырамын. Конвертте жасырылған сұрақтарды алып кезекпен жауап бересіздер.
Сұрақтар: 1. Жүннен жасалатын бұйым. (Киіз)
2. Түйенің сүті. (Шұбат)
3. Сәндік бұйым жасайтын адам. (Зергер)
4. Ұлыс күні жасалатын тағам. (Наурыз көже)
5. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды? (Соғым)
6. Қазақ қыздарының бас киімі. (Сәукеле)
8. Ең құрметті, жанашыр адам. (Ана)
9. Анаға байланысты мақал - мәтел айтып бер.
10. Қазақ халқының ұлттық ойындары. (Күрес, аударыспақ, бәйге, теңге алу)
3 - бөлім: «Шебердің қолы ортақ»
Жүргізуші:
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата - баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Кезекті гүл қиып жапсыру сайысына береміз. Қыздарымыз тапсырма орындап болғанша сыныптың биші ұлдары «Қара жорға» биін билеп берсін.
4 - бөлім: «Өнерліге өріс кең»
Жүргізуші:
Даусың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы,
Таң шолпан мен астасқан.
Өнеріңді қане бүгін көрсетші,
Мына жұртқа қошеметтеп қол соққан,- дей келе аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.
7 - бөлім: Сән үлгісін көрсету.
Жүргізуші:
Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі сәнін,- дей келе аруларымыз сән үлгілерін көрсетеді.
Нұрасыл:
Жас ару алынбаған асуларсың,
Бүгінгі мерекеде тасудасың.
Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,
Күш - қайратың әрқашан тасқындасын.
Жүргізуші:
Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның.
Сөз кезегін әділ қазылар алқасына ұсынамыз. Сайысқа қатысқан арулар марапатталады.
1. «Кішкентай ару - 2013»
2. Өнерлі ару
3. Шебер ару
4. Биші ару.
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» - деп, аруларымызды жеңістерімен құттықтап, қошеметтеп шығарып салайық. .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?