Қазақша мақал - мәтел: Ағайын, туыс » ZHARAR © 2016 | ағайын туралы мақал-мәтел, агайын туралы макал мател, туыс туралы мақал-мәтел, туыстық туралы мақал мәтел, қазақша мақал мәтелдер жинағы, пословицы на казахском про брата, пословицы на казахском о братьях




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Ағайын, туыс

Қазақша мақал - мәтел: Ағайын, туыс казакша Қазақша мақал - мәтел: Ағайын, туыс на казахском языке

Ағайынағайынның айнасы.

Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар.

Ағайын — алтау, ана — біреу.

Ағайын — ащы, мал — тұщы.

Ағайын бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды.

Ағайын бірде араз, бірде тату.

Ағайын бір өліде, бір тіріде керек.

Ағайынға карап бала өсер,
Қарағайға карап тал өсер.

Ағайынға менменсу ағат емей немене,
Ақылдылар айтқан сөз сағат емей немене.

Ағайында өкпе бар да кек жоқ.

Ағайынды алтау болса адам тимейді, тура жүрсең лебізің күймейді.

Ағайынды жамандап туғанды кайдан табасың?
Арғымақты жамандап тұлпарды қайдан табасың?

Ағайынды іске шақырма, асқа шақыр.

Ағайын жақында отырып тістескен, алыста отырып кісінескен.

Ағайын жауға керек,
Мал дауға керек.

Ағайын қадірін білмесең жалғыздық берсін сазанды.

Ағайынмен жауласпа — басың азаяды,
Көршіңмен дауласпа — асың азаяды.

Ағайынның аразы болса да азары болмайды.

Ағайынның азары болса да безері жоқ.

Ағайынның жаманы:
алдыңда жүріп бас болмайды, артыңнан еріп дос болмайды
(Қаратау би Отарбайұлы)

Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің,
Ата-анаңның кадірін балалы болсаң білерсің.

Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы.

Ағайын тату болса — ат көп,
Абысын тату болса — ас көп.

Ағайын-туған кімде жоқ, сыйласпаса жат жуық.

Ағайын-туғанның қызығы — алыс-беріс,
Құдалыктың қызығы — барып-келіс.

Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.

Ағайының барда "дұшпаным жоқ" деме,
Абысының барда "күндесім жоқ" деме.

Ағайының көп болса қоғам бол, бірің оған, бірің бұған бол.

Ағайының көп болса
ұлы шерік қолмен тең.
Білімді туған жақсылар
аз да болса көппен тең
(Ақтамберді)

Ағайыныңмен алыстан сыйлас.

Ақша қарда көп жүрсең көзің бір күн қарығар.
Ағайыннан шет жүрсең көңілің бір күн тарығар.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 17 447
Рейтинг:
(голосов: 26)

KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы, ағайын туралы мақал-мәтел, агайын туралы макал мател, туыс туралы мақал-мәтел, туыстық туралы мақал мәтел, қазақша мақал мәтелдер жинағы, Қазақша Мақал - Мәтел: Ағайын туыс, Қазақша Мақал - Мәтел, Ағайын туыс казакша макал мател, пословицы на казахском языке Қазақша Мақал - Мәтел: Ағайын туыс, пословицы на казахском про брата, пословицы на казахском о братьях, агайын туыс туралы мақал, агайын туыс туралы макал мателдер казакша, Туыс Ағайын туралы Мақал мәтел қазақша, Қазақша Мақал - Мәтел: Ағайын туыс, Ағайын туыс казакша макал мател, пословицы на казахском языке Қазақша Мақал - Мәтел: Ағайын туыс, ағайын туралы мақал-мәтел, агайын туралы макал мател, туыс туралы мақал-мәтел, ту, Қазақша мақал - мәтел: Ағайын, туыс макал мателдер казакша тил туралы пословицы на казахском языке пословицы казакша казахские пословицы макал мателдер казакша на казахском мақал мәтелдер жинағы

.

. .