Ағайын, тума, туыс, туысқан

 Ағайын, тума, туыс, туысқан

Ағайын татуда ат көп,
Абысын татуда ас көп.

Ағайынға қарап мал өсер.

Ағайын мен жекжат арасын,
Майына мінген ат айырады
Немесе оқымаған бата айырады.

Екі ағайынды жігіттің,
Кере қарыс жалы бар.
Жалғыз басты жігіттің,
Шығар-шықпас жаны бар.

"Сіз", "біз' деген жылы сөз, ағайынға жарасар.

Көсеуің ұзын болса, күймес,
Ағайының көп болса, ешкім тимес.

Жақыннан - қорған, алыстан - айбар.

Өзім деген өзекке теппес.

Өзің өлтірмес, жат жарылқамас.

Өзін жамандаған жатқа қор болар.

Ырылдарсың қаппассың,
Менен жақсы таппассың.

Алыс та жақын болар, жолын тапсаң,
Жақын да алыс болар, қолын қақсаң.

Алысты жақындатар - ат,
Жақынды алыстатар - жат.

Шеткі ауыл көшсе, ортаңғы ауыл шет болар.

Өзімде болмаса, ағайында болсын,
Ағайында болмаса, алғанымда болсын.

Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас,
Ауылың жоқ болса, бөркіңмен ақылдас.

Өткелді саяз деме,
Таяқ салып бойлат.
Ісіңді мақұл деме,
Ағайынға салып ойлат.

Жауда да бір үйің болсын.

Қарына тартпағанның қары сынсын.

Алыста жүрсе кісінескен,
Жақында жүрсе тебіскен.

Жақынды жат етсең,
Жатқа күлкі боларсың.

Қарыстан сүйем жақын.

У ішсең - руыңмен.

Пышақ қанша өткір болса да,
Өз сабын жона алмайды.

Жаттан жеген майлы астан,
Жақынның жұдырығы артық.

Адасқан қаздай, руы аздай.

Ағайын ала болғанда,
Ауыздағы ас кетер.
Аңдыған дұшпан көбейіп,
Жау қолында бас кетер.

Асу-асу белдер бар,
Аса алмаса ат өлсін.
Ағайынмен тату бол,
Айыра алмай жат өлсін.

Ауылдастың ауызы сасық.

Артқы айылдың батқанын,
Иесі емес, ат білер;
Ағайынның азғанын,
Жақыны емес, жат білер.

Арғымақты жамандап,
Кәне, тұлпар тапқаның?
Ағайынды жамандап,
Кәне, туған тапқаның?

Жақын таласса, жатқа жем.

Ауылдасың жақсы болса,
Ағайының не керек?
Алған жарың жақсы болса,
Айтың-тойың не керек?

Жарлы болар жігіт,
Байталын атқа сатады.
Жалғыз болар жігіт,
Ағайынын жатқа сатады.

Қара наннан қалаш жақсы,
Жаман ағайыннан Алаш жақсы.

Жақының үшін жақсының жағасынан алма.

Ай көрмесе, ағайын жат,
Жыл көрмесе, жекжат жат.

Адам өз қолын өзі кесе алмайды.

Алты Алашқа қорланба, ағайынға қорлан.

Үйдің жылы, суығын,
Қыс түскенде білерсің.
Кімнің алыс, жақынын,
Іс түскенде білерсің.

Жаман жақыннан алыс артық,
Атасы басқа арыс артық.

Тураушыда да жақының болсын.

Арық деген жаман тай,
Жазға шығып ат болар.
Жамандығы сезілсе,
Жақын кісі жат болар.

Күнде жем тілеген атыңнан без,
Күнде сый сұраған жақыннан без.

Ат арқасына ер батса,
Аяңшыл келеді.
Ерге жаттың тізесі батса,
Ағайыншыл келеді.

Ағайын
бар болсаң, көре алмайды,
жоқ болсаң, бөліп бере алмайды.
жақсы болсаң, күндейді,
жаман болсаң, жүндейді.

Қайын жұрт
қолыңның ұзындығына қарайды,
жағаңның қызылдығына қарайды.
берсең, жағасың,
бермесең, дауға қаласың.

Нағашы жұрт
жақсылығыңа сүйінеді,
жамандығыңа күйінеді.
әрқашан тілеуіңді тілейді,
тілеуқорлық ниеті билейді.

Ағайынның көңілі сәл нәрседен қалады.

Үш ағайынды жігіттің,
Отарында малы бар.
Екі ағайынды жігіттің
Қотанында талы бар.

Жетесі асыл арланбас,
Жеті атасына дарымай.

Ағайын өзгеге қиса да, өлімге қимайды.

Өзімде болмаса, ағайында болсын,
Ағайында болмаса, алғанымда болсын.

Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас,
Ауылың жоқ болса, бөркіңмен ақылдас.

Өткелді саяз деме,
Таяқ салып бойлат.
Ісіңді мақұл деме,
Ағайынға салып ойлат.

Қарына тартпағанның қары сынсын.

Алыста жүрсе кісінескен,
Жақында жүрсе тебіскен.

Қарыстан сүйем жақын.

Пышақ қанша өткір болса да,
Өз сабын жона алмайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі