Қазақша мақал - мәтел: Қайғы, мұң, уайым » ZHARAR © 2017 | қайғы туралы мақал мәтелдер, кайгы туралы макал мателдер, мұң туралы мақал мәтелдер, мун туралы макал мателдер, пословицы на казахском про скорбь, пословицы на казахском о горе, уайым туралы макал мателдер, уайым туралы мақал мәтелдер




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Қайғы, мұң, уайым

Қазақша мақал - мәтел: Қайғы, мұң, уайым казакша Қазақша мақал - мәтел: Қайғы, мұң, уайым на казахском языке

Бұл дүниенің құсасы о дүниеге кетпейді.

Күйесіз қазан жоқ,
Қайғысыз адам жоқ.

Қайғының жолы құлама.

Қайғының уытын қуаныш алады.

Қайғы қартайтады,
Қуаныш марқайтады.

Қайғыдан жан шіриді,
Жан ауырса, тән шіриді.

Жан ауырса, тән азады,
Қайғы басса, жан азады.

Сырқат - тән жарасы,
Қайғы - жан жарасы.

Қайғың қара көже болсын.

Қазаны басқаның қайғысы басқа.

Қайғысыз қара суға семіреді.

Қайғысыз ішкен қара судың қаймағы бір елі.

Қайғылының қайғысын,
Қабағынан білерсің.

Жарлы мен бай кісіні,
Тамағынан білерсің.

Қасапшыға мал қайғы,
Қара ешкіге жан қайғы.

Сырты бүтін, іші түтін.
Шертер күй - шығар мұң.

Уайым - ердің қорғаны.

Қайғы жоқта қайғы болды,
Қайынатамның өлгені.

Байтал түгіл бас қайғы.

Тат темірді, қайғы адамды кеміреді.

Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді.

Түздегі май құсса, үйдегі қан құсады.

Қайғың болса, досыңа бар,
Қарның ашса, қосыңа бар.

Қайғың болса, ханға бар,
Қарның ашса, байға бар.

Қайғыны қайраткер жеңеді.

Қас бекзаттың белгісі,
Қайғысын жұртқа сездірмес.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 1 408
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .