» » » Курстық жұмыс: Педагогика | Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы

Курстық жұмыс: Педагогика | Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы

Курстық жұмыс: Педагогика | Халықтық  педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Халықтық  педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы на казахском языке
Мазмұны
1. Халықтық педагогика, оның табиғаты және құрылымы 3
2. Ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеуде халықтық психологияның әсері 7
3. Өскелең ұрпақтың бойына халық психологиясы арқылы рухани құндылықтаын дамыту 10
4. Халық педагогика дәстүрлерінің оқу-тәжірибе ісінде қолданулылуы 15
5. Қорытынды 20

1.Халықтық педагогика, оның табиғаты және құрылымы
Халықтық педагогиканың, яғни ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып келе жатқан ұлттық тәлім – тәрбиенің өсіп келе жатқан жас ұрпақты әлеуметтендіруде алатын орны айрықша бөлек.
Дей тұрсақ та, Қазақстанда жарық көрген философиялық, социологиялық, педагогикалық және психологиялық ғылыми басылымдардың ішінде халықтық педагогиканың қоғамның рухани дүниесінде, соның ішінде білім беру саласында алатын өзіндік орны мен ролін, ұлттық тәлім – тәрбиенің өсіп келе жатқан бірде – бір қомақты монографиялық еңбек жоқ. Жарық көрген басылымдардың барлығы дерлік негізінен жалпы білім беретін орта мектептің оқу- тәжірибе ісінің белгілі бір саласының немесе белгілі бір пәннің көлемін де ғана халықтық салт – дәстүрлер мен әдет - ғұрыптардың қайсы бір жекелеген түрлерінің тәлімдік озық үлгі - өнегелерін пайдалану әдістемелерін көрсетумен шектелген.
Сондықтан да болар, халықтық педагогиканың тәлімдік мәні бар озық үлгілерін оқу - тәжірибе ісінде қолдану мәселелеріне арналған еңбектерінде қарастырылып отырылған мәселедегі басты ұғым - « Халықтық педагогика » терминінің мәнін анықтауға, оның құрылымдық элементтерін , ерекше белгілерін және қызметін талдап, түсіндіруге талап жасалмаған. Ал зерттеу объектісі ретінде алынып отырылған кез – келген проблеманың шешімі, көбіне – көп құрылымдық элементтерін, яғни оған қатысты негізгі ұғымдардың мәнін, олардың өзара байланысы мен сабақтастығын, өзіндік ерекше белгілері мен қызметін дұрыс анықтауға байланысты. Онсыз қарастырылып отырған проблеманы жан – жақты талдап, анық түсініп, шешу мүмкін емес.
Білім беру, оқыту және тәрбиелеу мәселелері туралы қазақ тілінде жарық көрген ғылыми мақалаларды « Халықтық педагогика» ұғымын пайдалану басым. Біздің пікірімізше, бұл ұғымдардың арасында шамалы болса да, айырмашылық бар сияқты. « Халық » ұғымы белгілі бір ел, мемлекет тұрғындарын білдіреді. Мысалы, қазақ халқы, орыс халқы т.с.с. Ал « халықтық» ұғымы белгілі бір халыққа тиесілі нәрсені білдіреді. Мысалы, зат, табыс т.с.с. Олай болса педагогика бар – жоғы оқыту мен тәрбиелеу әдісі туралы ғылымның жиынтығы болғандықтан, белгілі бір халыққа тиесілі. Халықтікі . Демек, дұрысы - « халықтық педагогика» ұғымы. Сондықтан ғылыми әдебиетте, күнделікті баспасөз бетінде « халықтық педагогика» ұғымының орнына оқырмандарды шатастырып, орынсыз пайдаланып жүрген « халық педагогикасы» ұғымын қолдануды мүлде тоқтатқан жөн. Бұдан педагогика ғылымы ұтпаса, ұтылмайды. Қайсы бір ұғымды болмасын орынды пайдалану тақырыптың ажарын ашады. Дұрыс түсінік береді.
Халықтық педагогиканың кейбір теориялық мәселелерін, жекелеген тақырыптары мен озық үлгілерін оқу – тәжірибе ісінде қолдану әдістемелерін тілге тиек етіп, арнайы жазылған ғылыми мақалаларда, хабарламаларда және тезистерде « халықтық педагогика» ұғымын бір - екі ауыз үстірт сөзбен сыдырта өте шығып, анықтау баршылық. Мысалы, « халықтық педагогика» ұғымына Қазақ Совет Энциклопедиясында мынадай анықтама берілген. « Тәжірибе жөніндегі халықтық ой – тәжірибелердің жиынтығын халық педагогикасы дейміз». Педагогика ғылымдарының кандидаты А. Бәлдіков : « Халық педагогикасы дегеніміз халықтың педагогикалық тәжірибесі» деп қысқа қайырады. Ал, оның әріптесі доцент Н. Дәулетов « Халықтық тәрбие дегеніміз бір ұлттың жеке адамға, соның ішінде балаға тәрбиелік ықпал етуі» деген де қойған. Жалпы, « халықтық педагогика» ұғымына бір – екі ауыз үстірт сөзбен сыпайы берілген мұндай анықтамаларды Білім министрлігі мен облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары оқу тәрбие процесіндегі озық іс – тәжірибені насихаттау мақсатымен шығарған шағын кітапшалардың, мақалалар жинақтарының және ғылыми - практикалық конференциялардың материалдары жарияланған топтамалардың қай – қайсысынан болса да кездестіруге болады.
Бұл анықтамалардың бірден – бір кемшілігі айтылмақ ойдың шолақ қайырылуына байланысты, « Халықтық педагогика» ұғымының мазмұнын құрайтын негізгі компоненттердің басым көпшілігінің қамтылмай қалғандығында.
Әрине, бұған қарап қазақ тілінде жарық көрген педегогикалық ғылыми әдебиетте « халықтық педагогика» ұғымына жөні түзу анықтама берілмеген екен деген жаңылыс ой тумаса керек. « Халықтық педагогика» ұғымына берілген тәп – тәуір бірнеше анықтама бар. Айталық, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Е. Сағындықовтың анықтамасы: « Халық педагогикасы дегеніміз - әр халықтың өзіне ғана тән ерекшеліктеріне негізделген, өзін қоршаған қоғамдық - әлеуметтік орта мен табиғат жағдайына бейімделе қалыптасқан, халықтың шаруашылық – экономикалық жағдайына байланысты атадан – балаға мұра болып келе жатқан тәрбие туралы ақыл – ой үлгілерінің жиынтығы». Немесе, зерттеуші Ш. Таубаеваның анықтамасы : « Халық педагогикасына негізделген тәжірибе дегеніміз- белгілі бір ұлттың өкілі болып табылатын халықтың өз ұрпағына қалдырып отыратын мәдениеті, сөз өнері, қол өнері, музыка саласындағы жинақталған білімі, дағдысы және іскерлігі».
Бұл анықтамалар алдыңғыларға қарағанда біршама толық болғанымен, « халықтық педагогика» ұғымының мазмұнын толық аша алмаған. Халықтық педагогиканың мазмұнынан ажыратуға болмайтын кейбір қасиеттері анықтамадан сырт қалған.
Халықтық педагогиканың нысаналы міндеті - өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына атадан – балаға мирас болып қалып келе жатқан ұлттық өзіндік адамшыл қадір – қасиеттерді, салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптардың терең тәлімдік мәні бар озық үлгі - өнегелерін сіңдіру; шаруашылық жүргізудің ұлттық машықтары мен ісмерлігін меңгерту; жалпыадамзатқа тән білім негіздерін оқытып үйрету; дағды – іскерліктермен біліктілікке баулу; өнерге, сөз өнеріне, би билеуге, музыкаға, қол өнеріне, еңбекке т.б. бейімдеу. Бір сөзбен айтқанда, өсіп келе жатқан жас ұрпақты өз ұлтының мәртебесін тасытатындай лайықты өмір сүруге даярлау.
Олай болса, « Халықтық педагогика» дегеніміз халық бұқарасының тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің нәтижесі ретінде ұрпақтан ұрпаққа негізінен ауызша түрде жеткізіліп келген эмпирикалық білімдерінің, мағлұматтарының, бейімділіктері мен дағдыларының жинақталған және практикада тексерілген жиынтығы. Халықтық педагогика мұралары ескіден келе жатқан ерегілерді, аңыздарда, эпостық жырлардп, мақал – мәтелдерде, шешендік сөздерде, өнерде сақталып, ұлттың өзіндік салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарынан көрінеді, өсіп келе жатқан жас ұрпақты бұқара халықтың ең озық мұраттары рухында оқыту мен тәрбиелеуге қызмет етеді».
« Халықтық педагогика» ұғымына беріген бұл анықтама мен түсініктеменің авторы Россия Педагогикалық Ғылым Академиясының академигі, Қырғызстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Э. Измайлов. , бір емес екі ғылым ордасы академигінің бұл анықтамасы мен түсініктемесінде « Халықтық педагогика» ұғымының мазмұнын құрайтын негізгі компоненттерінің бәрін қамтуға ұмтылыс жасалған. Аталмыш құбылыстың халықтың рухани дүниесінің бір көрінісі ретінде өзіндік ұлттық мәдениеті мен, тұрмысымен, өмір салтымен бөлінбестей болып қиюласа бітісетіндігін атап көрсеткен. Сонымен қатар, автор практикада тексеруден өткен шыншыл, құнды, пайдасы зор білімдерден мәліметтерден де басқа халықтық педагогиканың құрамына күнделікті тұрмыстық – тәжірибелік пайымдаулардың, эмпирикалық жолмен жинақталған білімдердің де кіретіндігін баса айтқан. Мұндай пайымдаулар мен білімдердің өмірмен жанаспайтын кереғар, бұрмаланған кейде діни нанымдардың әсерімен, әсіресе, қоғамдағы үстем идеялогияның ықпалымен қате, тіптен, залалды ой – пікірлерді білдіруі мүмкін екендігін де жасырмаған. Мысалы, « Қатынның шашы ұзын болғанымен ақылы қысқа» т.с.с.
Халықтық педагогика - әлеуметтік – тарихи феномен. Оның пайда болуы мен дамуын халықтың пайда болуы мен дамуынан бөліп алып қарастыруға болмайды. Халық қагшалықты жасаса, халықтық педагогика да сонша өмір сүріп келеді. Айталық, қазақ халқы қазақ екенін түсініп, ес біліп, етек жеңін динаған, тайпалық қауымдастыққа бірігіп, біртұтас ел болған бағзы заманнан – ақ ошағындағы жаққан отын сөндірмей, ұрпақтан ұрпаққа өткізер бұтағының тәлімді тәрбиесіне талапты болған. Артында қалатын ұрпағына амандық пен бірлік тілеп, ертеңгі күні орнын басар, жері мен суына, малы мен жанына, жиғаны мен тергеніне ие болар, тұяғына ата – дәстүрі мен салтының, әдет – ғұрпы мен ырым жоралғысының озық үлгілерін сіңіре білген. Ата кәсібіне баулып, шаруашылық жүргізудің өз ұлтына тән қыр – сырына үйреткен. Еңбекке, өнерге, түрлі зергерлік бұйымдар жасауға, өрнек тоқуға, іс тігуге бейімделген. Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ән айтқызу күй шерткізу, өлең – жыр жаттату, жаңылтпаш, жұмбақ үйрету немесе ұлттық ойын түрлеріне: жамбы ату, аударыспақ, найза лақтыру, көкпар тарту т.б. машықтандыру ұлттық тәләм – тәрбиенің өзекті арқауы болған. Бірде – бір той – томалақ, үйлену тойы, құда түсу, жаушы жіберу, қыз таңдау, қарғы бау, үкі тағар, ұрын бару, есік төр көрсету, жар – жар, беташар, қыз ұзату, келін түсіру, қырқынан шығару, ат қойып, айдар тағу, тұсар кесу, тіл ашар, сүндет тойы, мүшел тойы өнер сайысынсыз өтпеген. Сайысқа түскендерді ел болып көтермелеп, мадақтаған. Бұл дәстүрдің қандай терең тәлімдік – тәрбиелік мәні бар десеңізші! Өйткені мақтау сөз таланттыға қуат беріп, өнер шыңына жетелеген. Қатарының алды болсам, басқалардан озсам деген сезім тудырған. Талантты бұлақтың қайнарын ашып, бағын асыруда, бұдан артық тәлім бар ма екен, шіркін!
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық дәстүрге, әдет – ғұрыптарды құрметтеуге, үлкенге – ізет, кішіге құрмет көрсетуге, кішіпейіл де қарапайым, ибалы да ізетті болуға баулухалықтық педагогиканың жанды тақырыбы. Адамгершілік пен инабаттылық, ізгілік пен имандылық, мейірбандылық пен қайырымдылық, тәрбиелік пен мәдениеттілік, тазалық пен сыйласымдылық, кішіпейілділік пен сыпайылық, ата – ананы құрметтеу, үлкенге трын беру т.б. миллиондаған адамшыл жағымды сапалық қасиеттерді өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына сіңдіру ежелден – ақ қазақтың дәстүріне айналған. Жастары қандай ашынса да, үлкендер тарапынан орынды айтылған бір ауыз сөзге тоқтаған. Мал, жан, жесір дауы қадірменді ақсақалдардың уәжді сөздерімен реттеліп отырған. « Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер». Бұл нақыл босқа айтылған емес. Оның шын мәнісіне түсініп, зер сала аңғарған жөн.
Ал ұлтшылдықты емес, ұлтжандылықты, жан – тәнімен ұлтын сүйетін ұрпақты тәрбиелеу халықтық педагогиканың басты тақырыбы болған. « Өз ұлтын қадірлейтін адам ғана басқа ұлттың қадірін біледі» деген қағида қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіндегі діңгекті қазығы, негізгі қағидасы екендігі жұртшылыққа аян, ақиқат шындық. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты білімпаздыққа, біліктілікке, іскерлікке, адал еңбекке, адамшыл ізгі қасиеттерге баули отырып, ата – бабамыз оларды туған Отаны – Қазақстанды, өсіп - өнген тұрғылықты мекенін, елін, жерін сүю мен қорғауға, ар – намыс үшін күресуге жасынан даярлаған. Батырлық, ержүректілік, ар – намыс, тектілік, ат құлағында ойнау, жекпе – жекке шақыру, найза лақтыру, садақ тарту, аударыспақ, көкпар тарту, жебе асыну, шоқпар ойнату, дулыға мен сауыт киюі, қалқан ұстау, берен асыну т.б. - қазақ баласының тұлғасын сомдар қастерлі атаулар. Батырларды дәріптеу, олардың ерлігін жырлау, сол батыр өмір сүрген дәуірдегі ол тарихының ащы – тұщысы, ауыс – берісі, тіршілік тынысы, рухани дүниесі, сана – езімі мен мақсат – мұраттары, мүдделері мен рухы өсіп келе жатқан жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, ерлікке тәрбиелеудің ауыз әдебиетінен, Батырлар жырынан орын алған қасиетті шумақтары, ұлттық тәлім – тәрбиенің нағыз ұстаздық дастаны.
Жалпы, ұлттық тәрбиенің өскелең ұрпақты әлеуметтендіруге, яғни оларды әлеуметтік өмірге даярлап, қосуға бағытталған тәлімдік дәстүрлі өнеге – үлгісі халықтың аңыз, әңгімелерінде, ертегілерінде, мақал- мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, эпостық жырларында, әдет – ғүрыптарында, наным – сенімдерінде, ырым- жоралғыларында, өнер түрлерінде, күйі мен биінде, қол өнері мен әсем бұйымдарында, емшілік пен бақсы балгерлік ісмерлігінде т.б. сақталған. Бір сөзбен айтқанда, Қазақта халық педагогикасының тәлімдік үлгі - өнегелерін қамтитын рухани мұра мол. Оны халқымыз үзбей, тәлім- тәрбие ісінде орын – орнымен тиімді пайдаланып келеді.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің өзегі іспеттес қазіргі ғылыми – педагогикалық және психологиялық заңдар мен ережелердің қалыптасуына халықтық педагогиканың тәлімдік жөн – жоралғылары кәдімгідей ықпал етті. Жалпы, ғылыми педагогика мен психология өзінің қайнар бастауын халықтық педагогикадан алады. Әр уақыта да халықтық педагогиканың терең мәнді гуманистік идеялары, дәстүрлері мен іс – тәжірибесі кез – келген ұлттың зиялыларының- атақты ғалымдарының, ақын – жазушыларының және халық ағарту ісін ұйымдастырушыларының өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жайлы толғанған айшықты зерттеу еңбектерінің, өлең – жырларының, публицистикалық – философиялық сараптауларының, педагогикалық және психологиялық пайымдауларының өзегіне арқау болған. Айталық, оған қазақ топырағынан шыққан ұлы ойшылдар - Әбу – Насыр әл – Фарабидің халықтық педагогиканың өз заманындағы озық үлгілеріне сілтемелер жасаған этикалық трактаттары, Жүсіп Баласағұнның « Құдатқу білігі», Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсаринның, А. Құнанбаевтың, М. Жұмабаевтың, Ж. Аймауытовтың, М. Дулатовтың, Т. Тәжібаевтың т.б. еңбектері куә.
Халықтық педагогиканың мазмұны бай, құрылымдық элементтері әр түрлі. Халықтық педагогиканың құрамына тәлімдік мәні бар беогілі бір ұлтқа тән барлық құбылыстар кіреді. Олар мыналар: ұлттық болмыс, дін, қадір – қасиет, ұлттық сана – сезім, өзіндік дүниетанымы, ұлттық психологиялық ерекшеліктері ( мінез – құлқы, түйсік – түсінігі, көңіл – күйі, ұлттық сезімі, эмоциялық шымырқануы, ұлттық мақтанышы, ұлттық талғамы), ұлттық материалдық жәни рухани құндылықтары, ұлттық мүдделері, мақсат – мұраттары, ұлттық өзіндік шаруашылық жүргізу машықтары, іскерлігі және тәжірибесі, салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, жөн – жоралғылары, наным- сенімдері, тұрмыстық және үй шаруашылық қызметі, рухани дүниесі, ұлттық мәдениеті, ұлттық өнері, ұлттық қол өнері, ән – күйі, халық билері, сөз өнері ( ауыз әдебиеті мен фольклоры, ертегілері, мақал – мәтелдері, жұмбақтары, жаңылтпаштары, хиссалары, эпостық жырлары, қазіргі ұлттық көркем әдебиеті туындылары т.с.с.) , Отан қорғау, жаугершілік, аң аулаушылық тәсілдері, ісмерлігі ( емшілік, бақсылық т.с.с.), ұлттық тәлім – тәрбие, білім беру, дағды – іскерліктерге және біліктілікке үйрету т.б.
Әсілі, халықтық педагогиканың, ұлттық тәлім – тәрбиенің құрылымдық элементтерін тауысып, санап шығу мүмкін емес. Оның мазмұны мен құрылымдық элементтерін үнемі уақыт сұранысына сай материалдық өндірістің деңгейіне байланысты болатын тұтынудан туындайтын нақты жағдайға орай тоығып, жаңарып отырады. Ескісі көнеріп, жаңасы ұлттың жаңа өмір салты мен тұрмыс жағдайына, әлеуметтік – экономикалық ахуалына және географиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасады. Уақыт талабына қайшы келетіні сұраныстан кетеді, ұмытылады. Себебі, дүниеде, табиғат пен қоғам өмірінде өзгермейтін құбылыс жоқ, уақыт пен әлеуметтік жағдай бәріне өз билігін жүргізеді.
Құдіреті күшті табиғат ана мен тарих атаның тудырған кереметтерінің бірі – адам баласының ұлттық және этикалық өзгешелік сапаларын жасап шығаруы. Ұлттық сана – сезім мен психикалық құрылымның, соның ішінде, әсіресе, ұлттық мінез – құлықтың, түйсік – түсініктің, көңіл – күйдің, сезімнің, мақтаныштың, талғамның, иүдделер мен мақсат – мұраттардың қалыптасуында ұлттық дәстүрлердің орны бөлек. « Дәстүрге, - дейді философия ғылымдарының докторы, профессор Н. Сарсенбаев өзінің « Әдет – ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір» атты монографиясында, - әдет – ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым – жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді». Жалпы, әрбір ұлт өзінің дәстүрлерін, әдет – ғұрыптарын, жөн – жоралғыларын, рәсімдерін т.с.с. көзінің қарашығындай сақтайды. Озығын кәдесіне жаратады. Өскелең ұрпақ тәліміне жаратады. Өйткені ұлттық салт – дәстүрлер мен әдет – ғұрыптар, жөн – жоралғылармен рәсімдер қоғамда қалыптасқан белгілі бір мінез – құлық нормалары мен қарым – қатынастарды реттеп отырады. Бұл белгілі бір ұлт өкілдері арасындағы өзара сыйластықтан, үлкекнге құрмет, кішіге ізет білдіруден, сондай – ақ ұлт мәдениеті мен өнерінен, көркем әдебиеті мен фольклорынан айқын көрінеді.
Ұлттық дәстүрдің түрі көп. Олардың кейбір формалары тәлімдік үлгі - өнегелер ретінде ұстаздар қауымы мен халықтық педагогиканы оқу – тәрбие жұмыстарына енгізу жолдарын іздестіріп жүрген ғалымдардың арасында жиі айтылып, педагогикалық басылымдарда жарық та көріп жүр. Олар мыналар: 1. Тәрбие басы - әдептілік деп түсініп, баланы әдептілікке үйретуді мансұқ еткен. Әдепті бол дегенді басты міндет етіп қойған. 2. Ауру, сырқау, кем – кетік адамдарға қол ұшын беруге, қайырымдылыққа шақырған. Ал, қайырымдылық – гуманизмнің басты шарты. 3. Тіл алғыш, елгезек, еңбек сүйгіш бол деп үйреткен. Баланы жастайынан еңбекке баулу – халықтық педагогиканың басты шарты. 4. Адалдық пен шыншылдыққа баулу көзделген. 5. Білмегенді білуге тырыс, ұстаз бен көпті көрген қарияның сөзін тыңда, ақпақұлақ болма, құймақұлақ бол, көпшіл бол дегенді марапаттап келген. 6. Үлкенді, ата – ананы мыйлауды басты міндет етіп қойған. 7. Кісі айыбын бетке баспа, кемтар адамға күлме, инабатты, сыпайы бол дегенді уағыздаған. 8. Ел қорғаны батыр бол, халқыңа адал қызмет ет дегенді насихаттаған.
Өскелең ұрпақтың бойына халықтық педагогиканың, ұлттық тәрбиенің тәлімін тіндіруде, әсіресе, рухани құндылықтар – мәдениет пен өнер, көнеден қалған асыл мұра, әдебиет, соның ішінде халық фольклоры айрықша роль атқарады. Халық фольклорында ұлттық сана сезімнің қалыптасуына ерекше бір әсер ететін көңілге сондай жақын тыныс – тіршілік иірімдері, көңіл – күй, болмыс оқиғалары бейнеленеді. Айталық, « Ерте – ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың қойнында, Құшата өзенінің бойында Жұмаш деген би болыпты....» деген өрнекті сөзбен басталып, тыңдаушысын кейіпкерімен қоса неше түрлі кереметке толы ұлы даланы шарлататын ертегілер мен аңыздар иісі қазақ баласының қиялын шарықтататыны анық. Ондайда танауыңды отта жанып жатқан қи түтінінің иісі қытықтайды.......
Фольклор шығармалары сан қилы. Оның шығармалық үлгілері қисапсыз мол, жанрлық түрлері көп. Мұнда батырлар жыры, ғашықтар жыры, ертегі, аңыз, тарихи жыр, өлең, мақал – мәтел, мұң – шер жырлары, өтірік өлең, тағы басқалар бар. Бұлар орындалу мәнеріне қарай, - Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, білгір фольклор маманы, профессор С. Қасқабаевтың пікірінше – не поэзия түрінде, не проза түрінде болып келеді . Поэзия түріндегі айтарлықтай зерттелген, ал проза үлгісіндегілері ғылыми жағынан әлі толық қарастырылмай келеді. Әділдігін айтсақ, қара сөз түріндегі фольклор өзінің көнелігі, ұшқырлығы ғажайып сипаты жағынан поэзиялық үлгілерден кем емес, қайта көп жағдайда басым түсіп жатады. Оның бұдан да басқа толып жатқан қасиеттері бар. Егер өлең түріндегі фольклор, негізінен , көркемдік, эстетикалық және тәрбиелік роль атқарған болса, прозалық халық шығармалары елге көбінесе табиғаттың сырын ұғуға, дүниетанымды кеңейтуге, өмірді білуге жәрдемдескен. Түптеп айтқанда, фольклордың түрлі жанрлары халықтың әр дәуіріндегі ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 13 | 12.02.2019


Загрузка...
Читайте также
Курстық жұмыс: Педагогика | Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін]
Дипломдық жұмыс: Музыка | Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы
Ғылыми жоба: Этнопедагогика
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жоба: Этнопедагогика
Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары
Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларға әдебиеттің ұсақ жанрларын үйрету арқылы дүниетанымын қалыптастыру
Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбие
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Эстетикалық тәрбие
Курстық жұмыс: Педагогика | Ақыл ой тәрбиесінің негіздері
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Педагогика | Ақыл ой тәрбиесінің негіздері
Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері
Ғылыми жұмыстар жинағы [тегін]
Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Оқушыларға патриоттық тәрбие беру әдістері

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын к, Курстық жұмыс: Педагогика | Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін