Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары казакша Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе ..
1. Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарын- дағы халықтық идеяның зерттелу жайы...........
2. Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарын- дағы халықтық идеяның тағылымдық сипаты
3. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея - ұлттық білім беру жүйесінің негізі .
Жалпы қорытынды .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.
Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы хал-қымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.
Қазақ халқының көрнекті тұлғаларының, соның ішінде тоталитарлық режим тұсында жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ойшыл ғалымдар, қоғам қайраткерлері әрі жазушы-педагогтары А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедовтың педагогикалық ой-пікірлерін зерттеу ғылыми-практикалық маңыздылықты арттырады, педагогика тарихы курсының ауқымын кеңейтіп, мазмұнын байытады.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі" атты халыққа Жолдауында "Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар "Алаштың" ардақты азаматтары еді", - деп, олардың тарихта алатын орнына өте әділ баға берді.
Сол заманның тегеурінді күш иелері жаңсақ, әділетсіз пікірлер салдарынан "Алаштың" ардақты ұлдарының шығармалары ұзақ уақыт бойы халық назарынан тыс қалды. Дегенмен де, кейінгі кездері еліміздің әр түрлі ғылым саласындағы ізденімпаз ғалымдарының табанды еңбектерінің арқасында аталған жазушы-педагогтардың мұраларын танып-білуге көптеген зерттеулер дүниеге келеді.
Жұмысты терендете мазмұндап, құнды ғылыми деректермен дәлелдеуде республикамызға белгілі тарихшыларының (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, М.Мүқанов, Т.Омарбеков, т.б.), саясаттанушыларының (М.Тәжин, К.Нұрпейісов, К.Көшербаев, М.Тәтімов, т.б.), философтарының (Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Н.Сәрсенбаев, А.Қасымжанов, О.Сегізбаев, Қ.Бейсенов, А.Қасабеков, Ғ.Есімов, т.б.), әдебиеттанушыларының (М.Әуезов, М.Ғабдуллин,
Ә.Қоңыратбаев, М.Тілеужанов, Н.Келімбетов, М.Әлімбаев, т.б.) зерттеу еңбектерінің көмегі зор болды.
Бұл еңбектер жазушы-педагогтардың шығармашылық мұрасын әлі де жан-жақты талдап, саралау, әсіресе халықтық идеялармен нәрленген педагогикалық ой-пікірлеріне байыпты баға беру қажет деген тұжырым жасауға мүмкіндік берді.
Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлер және ағарту ісінің тарихына арналған ғылыми еңбектер мен диссертациялық жұмыстардың да (Ақгамбеков, М.Ахметова, Қ.Бержанов, Ш.Жүматаева, А.Көбесов, А.Құдиярова, Қ.Құнантаева И.Мадин, К.Сейталиев, Т.Тәжібаев, Г.Уманов, Г.М.Храпченков, І.Халитова, Қ.Шалғынбаева, т.б.) біз қарастырып отырған тақырыпты зерттеуде мәні ерекше болды.
Солардың ішінде А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ж.Ай-мауытовтың, М.Жұмабаевтың, Х.Досмұхамедовтың педагогикалық көзқарастары, олардың Қазақстанда педагогикалық теорияның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестері Қ.Жарықбаевтың, С.А.Қалиевтің, С.А.Ұзақбаеваның, А.Н.Ілиясованың, К.Ж.Қожахметованың, Қ.Бөлеевтің, Қ.Болатбаевтың, А.С.Қыдырашевтың, Р.Н.Көшенованың, А.Б.Тұрсынованың, Р.Б.Үсембаеваның диссертациялары мен жеке еңбектерінде көрініс тапқан. Бірақ бұл зерттеулерде қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықгарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағлымын қарастыруды мақсат етпеді.
Сондықтан бұл проблеманың әлі де болса толық зерттемегендігін көрсетеді.
Қазақ жазушы-педаогтарының шығармашылықтарында халықтық идея кеңінен көрініс тапқан, олардың еңбектерінде ұлттық сана-сезім мен үлттық намысты, тарихи сананы қалыптастыруда алатын орны мен маңызы ерекше. Сондықтан қазақ зиялыларының халықтық идея туралы ой-пікірлері егемен еліміздің халқын, әсіресе жас ұрпақгы қазақ халқының ұлттық рухында тәрбиелеу негізіне алынуы, ол үшін олардың халықгық идея туралы көзқарастары жан-жақты зерттеліп, мектептің оку-тәрбие жұмысында кең қолданыс табуы тиіс.
Қазақстанда қоғам дамуының қазіргі жай-күйі халыққа білім беру ісінің алдына күрделі міндеттер қоюда. Соның ішінде ең басты мәселе - жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру ісін шешу, сөз жоқ, өткендегі көрнекті жазушы-педагогтардың халықгық идеясына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ жазушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов шығармашылықтарының жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі маңызы мен мәні ерекше екенінде дау жоқ. Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылыктарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымдық мүмкіндіктерінің қазіргі кездегі қажеттілігі мен оның педагогика тарихында бұрын-сонды жүйелі түрде қарастырылмауы арасындағы қайшылық анық байқалады.
Сонымен, проблеманың көкейкестілігі және оның тарихи-педа-гогикалық тұрғыда зерттелмеуі мен практикадағы маңыздылығы диплом жұмысының тақырыбын "Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны" деп таңдауға себеп болды.
Зерттеу мақсаты - XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау жасап, тарихи-педагогикалық түрғыдан сипаттама беру.
Зерттеу пәні: А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, Х.Досмұхамедовтың шығармаларындағы халықгық идеяның педагогикалық мәні.
Зерттеу міндеттері:
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қоғамдық-тарихи дамудың күрделілігі мен қарама-қайшылықтарын анықтау және олардың қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қалыптасуына тигізген ықпалын айқындау;
Зерттеуге алынған кезеңдегі қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие беруге қатысты ой-пікірлерін белгілі жүйеге келтіру;
Қазақ жазушы-педагогтарының қоғамдық тәрбие берудегі халықтық идеяларының өзара сабақтастығын ашып көрсету;
Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымын қазіргі оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдарын айқындау.
1.Халықтық идеяның педагогика ғылымдағы мәні мен маңызы
Жер бетіндегі әр халықтың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұралары бар. Солардың ең бастысы – халықтың рухани қазынасы. Халықтың ізгі ойларынан, талап, тілегінен, мақсат мүддесі мен асыл армандарынан туған бұл мұралар барша адамзат баласына ортақ және келешек ұрпақтар тәрбиелеудің бірден бір құралы. Қазақ халқының сонау түркі заманынан бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраларының бірі – халықтық педагогика. «Халықтық педагогика, делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында, - тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттғы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, семья тәрбиесінің тәжірибелері, т.б. жатады. Халық педагогикасының негізгі түйіні- еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберлікті ұрпақтан ұрпаққа қалдыру».
Халық педагогикасының мазмұнын құрайтын әрі тәлімдік мән-маңызы бар мұра – халықтық идеялар. Ал педагогикаға негізделген халықтық идеялар –жас ұрпақты еңбек, отаншылдық имандылық пен адамгершілік, сыр мен сымбат, ақыл-ой тәрбиесі баулуда біртіндеп бойға сіңіретін нәрлі өзек. Жас буынның кішкентай кезінен «Халық айтса қалып айтпайды», «Халықтың ойы озық», деп санасына мықтап сіңірген қазақ елі халықтық идеяларға негізделген ұлттық тәрбиенің сан алуан түрлерін арнаулы жолдар мен арнайы тәсілдер арқылы жүргізіп отырғаны белгілі.
Мәселен, халықтық нақыл сөздер мен мақал мәтелдерде адамгершілік пен имандылық тәрбиесіне қатысты пәрменді ойлар айтылса, ойындар, жұмбақ пен айтыстарға – ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр дастандарға әсемдік, сыр сымбат, отаншылдық тәрбиесінің негізгі принциптері өзек болған, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған.
Халықтық мұратқа негізделген халықтық тәрбиенің мақсаты - бүгінгі қоғамның жан-жақты жетілген белсенді мүшелерін, яғни өз ұлтын сүйетін, тілін, дінін білетін жоне оның әдет-ғұрыптарын сақтап, кейінгі ұрпақтарға үлгі боларлық тұлғаларды тәрбиелеу.
Халықтық идеяның басты мақсаты - қоғамның белсенді мүшесі болатын, жетілген тұлғаларды тәрбиелеу.
Жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз - ақыл-ойы дамыған, денсаулығы мықгы, еңбекқор, ізденімпаз, эстетикалық талғамы биік, имандылықты бетке тұтқан, адамгершілігі мол қоғамның белсенді мүшесі.
Халықгық идеяға толы рухани мүралардың мән-мазмүны мен негізгі түйіні де осы жас буындар бойына тәрбиенің сан алуан және жағымды түрлерін қалыптастыруға саяды. Міне, осыған орай жас ұрпақты тәрбиелеуде жалпыға ортақ қоғамда өмір сүрудің моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні "сегіз қырлы, бір сырлы" деген нақыл сөзден байқалады.
Қазақ халқының педагогикалық мәні зор ой-толғаныстарын бесік жырынан, ертегілері мен аңыздарынан, эпостары мен дастандарынан, шешендік сөздері мен айтыс-термелерінен, мақал-мәтелдері мен баталарынан көптеп кездестіруге болады.
Осы идеялардың негізгі бағыты адамгершілік, имандылық, ақыл-ой, еңбек, сыр-сымбат, отаншылдық, табиғатты қорғау, дене, отбасы тәрбиесіне қатысты мәселелерге келіп тірелетіні анық. Бұл ойды Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтардың ой-пікірлерінен байқауға болады.
Ал қоғамдық тәрбиенің мән-мазмұнын толықтырып дамытатын да осы аталған халықтық идеяға негізделген тәрбиенің түрлері.
Халықтық идеяның тағылымдық қасиетін терең үғынған көпте-ген шетелдің ойшыл ғалымдары мен жазушы-педагогтары оларды жан-жақты дамыта отырып, өз шығармашылықтарына өзек ете білген.
Халықтық идеяға негізделген халықтың педагогикалық көзқарастары мен педагогикалық тәжірибесін зерттеуге аса көрнекті классик педагогтар үлкен көңіл бөлген.
Я.А.Коменскийдің пікірінше, халық педагогы патриот-демократ болуы, халықты және оның тілін сүюі, оқыту процесінің барлығын ана тілінде жүргізуі тиіс.
Сонымен, Я.А. Коменский халықтан оқып-үйренді, өзі халықгы оқытты, сондыкхан халыққа қызмет ету, оның рухани қазынасын, даналығын үрпағына табыстау оның басты өсиеті болды.
Швейцариялық ұлы педагог-демократ И.Г.Песталоцци - халықтық мектеп пен бастауыш білім беру дидактикасының негізін қалаушылардың бірі. Оның халықтық сипаттағы педагогикалық қорытындылары "Гертруда балаларын қалай оқытады?", "Линград және Гертруда", "Аналар үшін кітап" атты еңбектерінде көрініс тапқан.
И.Г.Песталоцци халыққа қызмет ету үшін "кедейлер үйін" ашып, оған жетім және панасыз балаларды жинап, оқытты. Онда балалар еңбек етіп, оқуды еңбекпен үштастырды. Ол балалар тәрбиені халықтан алуы керек, сонда олар еңбек етуге дағдыланып, денесімен қатар рухани жағынан дамиды деп есептеді. Шаруалар отбасының тәрбиелік тәжірибесін жинақгап, бала тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда отбасының, әсіресе ананың рөлін жоғары бағалады.
Баланы тәрбиелеу ол дүниеге келген күннен басталу керек, сондық-тан әр ананы халықгық тәрбие әдістерімен қаруландыру қажет деп санады. Олар: баланы сүю, оған сенім білдіру, үлгі-өнеге көрсету, шыдамдылық, борыштылық сезімдер. Мұның бәрі ананың балаға деген қатынасынан пайда болады.
Ұлы педагог ата-ананың үйін балаға тәрбие берудегі "мінез мектебі" деп атады, өйткені бала мінезінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуы үйдегі әке мен ананың, ондағы балалардың бір-біріне деген қарым-қатынасына байланысты деді.
И.Г.Песталоцци педагогикалық жұртшылыктың назарын халық мектебіне аударды. Оның пікірінше, халықгық мектеп тәрбие құралын халық өмірінің өзінен, оның үзақ уақыт бойы қалыптасқан тәжірибесінен жинап алуы керек, сонда ғана ол тиімді болады.
И.Г.Песталоццидің мақсаты халық бұқарасының мүддесіне сай мектептің негізін қалау еді. Н.К.Крупскаяның сөзімен айтсақ: "Песталоцци халық қажетін өтей алатын, халықтың көңілінен шығатын және халықтың өзі ұйымдастыратын мектеп ашуды арман етті".
Халықтық идея проблемасына түңғыш назар аударған орыс классикалық педагогикасының көрнекті өкілдері В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский болды.
В.Г.Белинскийдің оқу-ағарту мен тәрбие саласындағы халықтық идеясы "Тәрбие жөніндегі ойлар", "Балалар кітаптары туралы", "Орыс тілі грамматикасының негіздері" еңбектері мен көптеген жазысқан хаттарына арқау болды.
Ал А.И.Герценнің халықтық идеясы "Кім жазықты?", "Өткендер мен ойлар", "Жастармен әңгімелесу тәжірибесГ', "Балалармен әңгіме" атты еңбектерінде және журналдар беттерінде жарық көрген мақалаларында баяндалды.
Халықтық идеяны олар тәрбие мен оқытуға қойылатын мін-деттермен байланыстыра, бірлікте қарастырды. Мысалы, В.Г.Белинский: "Тәрбиенің көздеген түпкі нышаны мен негізгі мақсаты адамгершілік болсын", - деді. Нағыз тәрбиелі адам, оның пікірінше, "ең алдымен өз елінің ұлы, соның мүдделері мен мұқтаждарын жүрегінде сақтай білетін, адамгершілік жағынан дамуына септігін тигізетін өз отанының азаматы болуға тиіс". Бұл үшін ол жасөспірімдерді белсенді өмірлік позиция ұстануға, патриотизм рухында тәрбиелеуді ұсынды.
Орыстың ұлы жазушысы, көрнекті педагогы Л.Н.Толстойдың педагогикалық идеяларында халықтың педагогикалық тәжірибесі үлкен орын алған.
Л.Н.Толстойдың оқыту мен тәрбиелеудегі халықтық идеясы оның ағартушылық қызметінен көрініс береді.
Орыстың ұлы классик педагогы, ғылыми педагогиканың және орыс халық мектебінің негізін қалаушылардың бдрі К.Д.Ушинский халықтық идеяны өзінің педагогикалық жүйесінің негізіне айнаддырды. Мұның мәнін ол "Қоғамдық тәрбиенің халықтығы туралы", "Орыс тәрбиесіндегі адамгершілік элементі туралы", "Мектептің үш элементі", "Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні", "Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы", "Халықгық мектептер мәселелері", "Біздің халықгық мектептердің пайда болуына жалпы көзқарас", "Жексенбілік мектептер", "Ана тілі", "Балалар әлемі", "Педагогикалық антропология" атты еңбектері мен көптеген мақалаларында ашып көрсетті. Ол өзінің бүкіл өмірін халыққа, халық ағарту ісіне және балалар тәрбиесіне арнады. "Отаныма неғүрлым көбірек пайда келтіру - менің өмірімнің бірден-бір мақсаты", - деуі соған дәлел.
К.Д.Ушинский халық - тарихты жасаушы, қоғамның барлық материаддық және рухани байлығын қүрушы, ал халықтық - әр халықгың тарихи дамуын, географиялық және табиғи жағдайларын қамтамасыз ететін өзіндік ерекшеліктері деп түсінді. Ол "Халықтықсыз халық - заңды іріп-шіруі ғана қалған жансыз дене" деген принципке кәміл сеніп, халыкдық идея принципін соған негіздеді. Халықтық, К.Д.Ушинскийдің дәлелдеуінше, тарихтағы халық өмірінің жалғыз көзі, "тек халықтық тәрбие, сол ғана халықтың даму процесіндегі жанды орган". Оның түсінігі бойынша, "халықтың өзі жасаған, халықтық бастамаға негізделген тәрбие ғана нақты маңызға жоне нақты күшкс ие".
"Ұлы педагог - ана тілі балалардың ақыл-ой дамуының негізі болып табылатындығын атап көрсете келе, К.Д.Ушинский былай деп жазды: "Ана тілін меңгере отырып, бала тек бір ғана сөзді, оның қүрылымы мен өзгерісін ғана емес, сонымен бірге сансыз ұғымдарды, заттарға көзқарасты, көптеген ойларды, сезімдерді, көркем бейнелерді, тілдің логикасы мен философиясын игереді, сөйтіп, сыпайы да методикалық оқыту тәсілімен 20 жылда жартысын да игере алмайтындарын екі-үш жылдың ішінде өте тез игереді".
К.Д.Ушинский туған елдің табиғат құбылыстарын көңілге тоқытып, балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде ана тілінің рөліне зор мән берді. Ол "туған ел табиғатының тәрбиелік күшін бойға сіңіруде жат табиғатты, жат өмірді уағыздайтын тіл пайда бермейтіндігі" былай тұрсын, керісінше, бала дамуына тосқауыл болатынын атап айтты.
Баланың жалпы дамуындағы ана тілінің рөлін баса көрсете отырып, К.Д.Ушинский: "Ана тілінде оқыған бала шартты белгі-лермен ғана үйренбейді, ана тілінің төсінен рухани өмір мен рухани ьсүшке сусындайды. Ол оған табиғатты ешбір жаратылыс зерттеу-шісі түсіндіре алмастай дәрежеде түсіндіреді; ол оны өз төңірегіндегі адамдардың мінез-құлқымен, өзі өмір сүретін ортамен, қоғаммен, оның тарихымен және мүддесімен ешбір тарихшы таныс-тыра алмастай дәрежеде таныстырады; ол оны халықгық сенімге, халық поэзиясына ешбір эстетик жеткізе алмастай дәрежеде жетелейді; ол, ең ақырында, балаға ешбір философ айтып бере алмастай логикалық үғымдар сіңіріп, философиялық көзқарас дарытады".
Ана тілін оқытуға К.Д.Ушинскийдің қаншалықты мән бергенін, міне, осыдан көруге болады. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ана тілінің рөліне де ол ерекше көңіл бөлді. "Баланы халық тіліне жетелей отырып, біз оны халықгық ойлау, халықгық сезім, халықтық өмір, халықтық рухқа жеткіземіз", - деді К.Д.Ушинский.
Балалардың дамуындағы ана тілінің рөліне шешуші мән берумен қатар, К.Д.Ушинский әсіресе бастауыш окуды тек ана тілінде жүргізуге басты назар аударды. Ол ана тілі - тек басты пән ғана емес, сонымен бірге бастауыш мектептерде оқытылатын барлық пәндердің негізі деп санады.
К.Д.Ушинский ана тілінің дидактикалық түрғыдағы рөлін де жоғары бағалады. "Осы бір таңғаларлық педагог - ана тілі, - деп жазды ол, - көп нәрсені үйретіп қана қоймайды, қаншалықты оңайлатып оқытатын одіспен қол жетпейтіндей нәрсені таңға-ларлық жеңіл түрде үйретеді". Сонымен бірге егер мұғалім басшылық етпесе, жалаң тіл өздігінен баланы тәрбиелей де, білім бере де алмайтындығын өте дүрыс ескертті.
Сонымен, К.Д.Ушинскийдің педагогикалық жүйесіндегі негізгі принцип халықтық идея болды. Оның басты мәні мен талаптары мына мәселелерді қамтиды: тәрбие халықтық болуы тиіс; торбие ісін халықгың өзі біліп, өзі басқаруы тиіс; тәрбие балаларға нақты білім беруі, олардың ақыл-ой қабілеті, білімі өмірмен байланысты, халықтың игілігіне бағытталған етіп дамытылуы қажет; баланың қалыптасуында ана тілі - білім бүлағы, халық қазынасы ретінде негізгі орында болуы керек; бала тәрбиесі жөніндегі бөтен елдің тәрбие жүйесін тәрбие практикасына қалай болса солай енгізе салуға болмайды. Ол оку-тәрбие жүмысының мәнін, міндеттерін, әдістері мен мазмүнын халыкдық идея тұрғысынан қарастырды. Сонда ғана бала ұлттык тәрбие алады, жан-жақты жетілген адам болады деп тұжырымдады. Ол өзінің халықтық идеясын орыс халқы үшін, оның жас ұрпағы үшін ең басты халықтық принцип деп санады.
2. Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның зерттелу жайы
Қазақ халқының рухани мұрасының мәнін ашу, оны игеруде қазақгың жазушы-педагогтарының халыкдық идея проблемасы туралы ой-пікірлерін зерттеудің қазіргі кезде маңызы ерекше.
Осыған орай XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 20-30-жылдары өмір сүріп, ағартушылық қызмет атқарған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар педагогика жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар педагогика, Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін