Informational and educational
portal №1 in Qazaqstan.
» » » Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығы.

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығы.

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығы. казакша Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығы. на казахском языке
Мазмұны
Кіріспе...................................................................2
І. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
1.1 Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні..........................6
1.2 Мүлік салығының маңызы..............................................................................9
ІІ. Мүлік салығын есептеу әдісі және төлеу тәртібі
2.1 Жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы..............................................10
2.2 Заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығы.............................................11
III. Мүлік салығындағы кейбір артықшылықтар
3.1 Мүлікке салықты есептеу және төлеу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгертулер мен толықтырулар.................16
3.2 Мүлік салығына төлеушілер жауапкершілікпен қарай ма?...................19
Қорытынды.........................................................................................................................21
Қолданған әдебиеттер.........................................................................................................23

Кіріспе
Салықтар қоғамдық қатынастары біртіндеп дамып келе жатқан адамзат өркениетінің бастапқа кезеңдерінде пайда болған болатын. Кезінде Інжілдегі Ізгі хабарын жазғанда Лука Исаның (христостың) тууы туралы өзінің баяндауын «Сол күндері кесарь (патша) Август жер жүзінің барлық тұрғындары салық төлеу үшін тізімге тіркелсін деген бұйрық берді» деп бастаған еді. Осы оқиға салықтар мен алымдарға байланысты санақ есебін алу және тізімге тіркеу ісінің бастамасы болды, сондай-ақ халық санағы мен жерлерді есепке алу жөніндегі аталмыш өктем іс қимылдар Сирияны Квирини басқарып тұрған кезде, астарлы мағынада жүргізілген болатын.
Тізімге тіркеу (қазіргі кездегі салықтық тіркеу есебіне алу) барысында, бірінші кезекте римге бағынышты барлық провинциялардың жерлерін кадастрлеуге және бағалауға қол жеткізілсе, екінші кезекте тұрғылықты халықтар нақты салық төлеушілер ретінде есепке алынды. Міне, осындай жәйіттер Иса Құтқарушы (Машиах) дүниеге келген кезден бастап салықтардың императорлар (падишахтар) қазынасы мен мемлекет пайдасына халықтан мәжбүрлеп ақша алудың танымал әрі таптырмас құралына айналғанын дәлелдейді.
Бесінші ғасырлардың ортасына таман салықтарды алудың жаңа түрлері ойластырылған. Мысалы: базарлардағы сауда-сатыққа салынатын салықтар, шетелдік азаматтардан алынатын салықтар, кеденлік баждар алынған. Бұлар кірістерді құраса, шығыстарға: қаланы астықпен және ағашпен қамтамасыз етуге кететін қаражаттар; спорт ойындарын қаржыландыруға, полицияны ұстауға қажетті қаражаттар жатқан. Бұл ретте басқару нысанына, мемлекеттерге және басқа да жайларға қарамастан, салықтардың қажеттілігі және әрдайым әрі ұдайы алынатындығын, сондай-ақ салық төлеуден ешкімнің тыс қалмайтындығын байқаймыз. Мысалы, ауқатты азаматтар триеархияға 200 таланттан (алтын ақша) төлеп отырған. 378-377 жылдары ауқатты және басқа азаматтардың мүліктеріне сәйкес белгіленіп, алынған.
Қазақстанда да заман-кезеңдеріне сай салық жүйесі болғаны ешбір күмән тудырмайды. Бір ғана дәлел ретінде «Ұлы жібек жолы» мен өркендеп, дамыған қамал-қалалар «Сығанақ», «Отырар», «Барысхан», «Аспара», «Баласұғын», «Қойлық», «Талхиз», «Екіөгіз», «Баба-ата» жөніндегі мағұлыматтарды айтуға болады. Тек бір өкініштісі, жазба мәліметтердің сақталмағанына байланысты осы салықтар жөніндегі дерек көздерінің өте аз болуы. Кезінде Қазақстан тарихына, сонымен бірге салық салу мәселелерін шешуге орасан зор үлесін қосқан бірдеден-бір құқықтық дерек көзі Тәуке ханның (Әз Тәуке) хандық құруы кезінде, оның тікелей қатысуымен қабылданған «Жеті Жарғы» болып табылады.
Қазақстанның Ресей боданы болуына байланысты оның аумағында да Ресейдің заңдарында көзделген салықтар мен өзге де міндетті төлемдер алынатын болған. Тек Қазақстанның өзіне тән алымдар да белгіленіп отырған. Мысалы, «кибиточный сбор», «ясачная подать», «паспортный сбор», «ямкская повинность» және т.б.
8-12 ғасырларда айтарлықтай дамыған салық салу теориясы экономикалық және мәдени гүлденуі шарықтаған ислам әлемі елдерінің мұсылмандық құқығында шариатта көрініс тапқан болатын. Салық салудың мұсылмандық жүйесінің көптеген элементтері қазіргі Қазақстан мен Орта Азия аумағындағы мемлекеттерде, олар ХІХ ғасырда Ресей экономикалық жүйесіне қосылмай тұрып таралған еді.
Кезінде салықтарды жинаудың икемді тәсілдерін қолдану қажеттілігі жөнінде Әмір Темір көреген (Гурхан Тимурленг Гурганджи) өзінік «Халықтан кірістер мен контрибуциялар жинау туралы» қаулысында: «Алым, салық жинау кезінде мүмкіндігінше халыққа ауыртпашылық түсірмеу керек және аумақтардағы елді мекендерге салмақ салуды азайту қажет. Өйткені, халықтың кедейленуі мемлекеттің казынасының тап-шылығына әкеліп соқтырады, ал мемлекеттік мұқтаждықтарды өтеуге кажетті қаражаттың болмауы әскери және басқа күштердің ыдырап кетуіне әкеліп соқтырады, ал жеткілікті, мықты әскердің және баска да күштердің болмауы мемлекеттік үкімет билігін, мемлекетті әлсіретеді» деген болатын.
Ресей империясының қаржылық құқық саласы бойынша көрнекті ғалымы П.П. Гензель бұрынғы кездерде етек жайған салықтарға байланысты заңсыз мәжбүрлеулер жөнінде: «Көне заманнан бері салық салудын техникалық жолдары, әралуан кадастрлары және өндіріп алудың аса бір икемді тесілдері жақсы мәлім болған» деп айтакеліп «көне заманда қаржылық құқық жоқ болғандықтан қазіргі кездегідей салық салу тәртібін білмегендері белгілі. Ол кезде тек бағындырылған халықтан салық алуға бағытталған қаржылық мәжбүрлеуді ғана білген» деп тұжырымдаған. Міне, салықтар жөнінде осындай көзқарастар қалыптасқан еді.
Сонымен салықтардың бағзы заманнан алынып келе жатқаны жоғарыда біршама айтылды және қандай болмасын мемлекеттің болмысы мен өсіп-дамуының материалдық негізі — қаржыларды қалыптастыратын ең басты қайнар түсім кездеріне салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жататыны белгілі болды. Бұл ретте ескеретін маңызды жәйт, салықтар билеушілердің, императорлардың, патша ағзамдардың қарамағына болсын, кейіннен мемлекеттің тікелей өзіне болсын мәжбүрлеп алынғандықтан, олардың араларындағы айырмашылық тек жекеше-құқықтық кірістер түрінде немесе қоғамдық мемлекеттік-кұқықтық кірістер сипатында болды.
Жоғарыда айтылғандай салық салу жүйесі (салыктар) адамзат өркениетінің әр қилы кезеңдерінде туындап, қалыптасып, дами отырып бүгінде белгілі бір деңгейде дамыған әрбір мемлекеттің мызғымас атрибуты, сол мемлекетттің қаңдай да болмасын мұктаждықтарын қанағаттандырудың және әлеуметтік-экономикалық салаларын реттеудің таптырмас құралы ретінде көрініс табуда.
• Салықтар, салық салу және салықтық құқық жөнінде кезінде А. Смит, Д. Рикардо, У. Петти, Н. Тургенев, М. Сперанский, Ш Уәлиханов, И. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, А. Бөкейханов, кейіннен бұрынғы Кенес кеңістігі мен қазіргі егеменді еліміздің ғалымдары М. Оспанов, А. Худяков қалыптастырған маңызы зор теориялар, экономикалық және құқықтық көзқарастар осы салықтардың қоғам мен мемлекет үшін ауадай қажет екенін дәлелдеп отыр.
Осы салық жүйесінін мыңдаған жылдар бойы дамып, өркениетті түрде қалыптасқан шағы XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басына тұс келген болатын. Оны ірге тасын қалаушылардың ішіндегі бірегейі Адам Смит деп айтсақ қателеспейміз. Ол өзінің 1776 жылы шыққан «Халықтар байлығының табигаты мен себептерін зерттеу жөнінде» атты кітабында: «Мемлекеттің тұрғындары өздерінің табыстарына қарай мемлекеттің мұқтаждығын қанағаттандыру үшін ат салысуға тиіс. Олар төлейтін төлем — салықтың мөлшері өте дәл айқындалғаны дұрыс болады, сондай-ақ төлеу мерзімі, төлеу тәсілі және төленетін сомасы өте анық болуы қажет. Салықты алу кезеңі мен уакыты немесе тәсілі салық төлеуші үшін ыңғайлы әрі қолайлы болуға тиіс. Сонымен қатар, әрбір салықтың салмағы халықтың жанқалтасын ойсыратып кетпей, мүмкіндігінше аздап алынуы кажет. Сонда, мемлекет қазынасына түсетін табыс мөлшерлеген межеден артық болмаса, кем түспейді» деп жазған еді.
Міне, осы айтылғандардың түпкі тұжырымы ретінде мынадай: «салықтарды барлық азаматтардың арасында, олардың табыстарына сай біркелкі бөліп, белгілеу; салықтық төлемнің сомасы, тәсілі және уақыты оны төлеушіге күні бұрын әрі нақтылы белгілі болғаны дұрыс; салықтар әрбір салық төлеушіге қолайлы уақытта және ыңғайлы тәсілмен алынуға тиіс; салық алу кезінде салық тәлеушінің шығындары мүмкіндігінше аз болуға тиіс» деген салық салудың негізгі қағидалары қалыптастырылған болатын.
Салықтың белгіленуі, салық салу мемлекеттің құрылысына, қалыптасқан қоғамдық дәстүрлерге, мемлекет экономикасы мен фискальдық саясатының мән-жайына, билік етуші тармақтардың өктем өкілеттіліктерінің демократиялық деңгейіне, нақты қалыптасқан әлеуметтік, саяси және әкімшілік жағдайларға қарай жүзеге асырылады. Былайша айтқанда, салықты мемлекеттің экономикалық әлеуетінің (күш-қуатының) функциясы деп санауға болады. Осы орайда қатты ескеретін жәйт, салықтың (экономикалық) мән-жайы мен заң жүзінде іске асырылатын мәнінің арасында қарама-қайшылық туындамауы қажет. Демек салық салық салу, мемлекеттің салық жүйесі деген сөздердің мағынасын мемлекеттің кірісін салық төлеушілердің – заңды және жеке тұлғалардың материалдық мүдделерін мүмкіндігінше нұқсан келтірмей қалыптастыру керек деп түсінген дұрыс.
І. Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
1.1Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар — бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалык, мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі —ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, —деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудіц екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) "қайыр көрсету" (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне салады.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
1) салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
2) салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4) салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және А.Смитке "салықтар — оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны" деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың түжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.
1. Салык, салудагы әділдік қагидаты екі аспектіде қарастырылады:
а) "деңгейлес тендікке" жету — салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
ә) "сатылас тендікті" сақтау — жеке тұлғалардың табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қагидаты. Салық механизмі салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс, ол абайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтығы — алдын ала белгіленген шарттар мен талаптардың мызғымас тендігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4. Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
5. Салық салудың экономикалық, бейтараптыгы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: almira777 | 16 | 5.02.2019



Загрузка...
Читайте также
Қазақстанда барлық салық түрі көтеріледі
Qazaqstan жаңалықтары
Қазақстанда барлық салық түрі көтеріледі
Салық төлемей жүрген отандық жұлдыздар анықталды
Qazaqstan жаңалықтары
Салық төлемей жүрген отандық жұлдыздар анықталды
Курстық жұмыс: Технология | Жеке тұлғалардың мүліктеріне  салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Технология | Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Курстық жұмыс: Технология | Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың  ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Технология | Жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды жобалау
Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасының нарықтық әконамикада салық жүйесінің дамуы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Салық кодексі | Қазақстан Республикасының нарықтық әконамикада салық жүйесінің дамуы
Курстық жұмыс: Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Экономика | Актобе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Курстық жұмыс: Салық кодексі | Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Салық кодексі | Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі
Курстық жұмыс: Салық құқығы | Жеке табыс салығы
Курстық жұмыстар жинағы [тегін]
Курстық жұмыс: Салық құқығы | Жеке табыс салығы

KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Мүлік салығы. курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар салық кодексі жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Мүлік салығы. курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыстар салық кодексі жобалар курстық жұмыстар, Курстық жұмыс: Салық кодексі | Мүлік салығы. дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін