Қылмыстық құқық | Меншікке қарсы қылмыстар

 Қылмыстық құқық | Меншікке қарсы қылмыстар

Мазмұны
І. Кіріспе........................................3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Меншікке қарсы қылмыстар............................................................6
2. Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері......................................14
Қорытынды ..................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................26

Кіріспе
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның
әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы
Қылмыстық Кодексінің негізінде міндеттерінің бірі болып табылады. (ҚР
ҚК-нің 2-бабы). Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 жөне 1926-жылдардағы қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады.
Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке қүқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл қылмыстар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.
Бөтен мүлікті ұрлау мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешеімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс.
Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дүрыс саралауға бағыт береді. Меншікке қарсы қылмыстардың текгік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игілікті бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келгенде, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін - меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз — субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы заңға заң нормаларымен қорғалатын тікелей объект ретіндегі меншіктер қатынасының мәнін осы құқықтар құрайды
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда - кіріс, өсім түрінде, жеміс - өнім сипатында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын біреудің Заңмен қамтамасыз етуі. (ҚР АК-нің 188-бабының 2-бөлігі).
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде, бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану жәңе оған билік ету жөніндегі өз екілеттігін тапсыруға, мүмкіндікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (ҚР АК-нің 188-бабының 3-бөлігі). Меншікке карсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген катынастарды бұзады. Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекетгік түрлері мойындалған. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің "Меншікке қарсы қылмыстар" тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмүны бүл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтеннің меншігі екендігін көрсетеді.
'Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алаяқтық, т.б.) тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Зан өдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты формасын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік, муниципалдық не жекелеген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған. Мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің кез келген формасын бірдей қарауды жариялап отыр. Сондықтан да, ұрлықты, бөтен мүлікті иемденуді, тағы басқадай әрекетгерді саралау үшін үрланған мүліктің қандай формадағы меншік екендігінің маңызы жоқ.
Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың объективтік жағы үш міндетгі нышаннан түрады: іс-әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік-зардаптық байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі бұлардың міндетті нышаны — тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардағы зардап қылмыс қүрамының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта әрқашанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туындайды.
1. Меншікке қарсы қылмыстар
Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамның объективтік жағының міндетті түрдегі элементі қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі заңда белгіленген жасқа жеткен, есі дұрыс адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы. Бір кылмыста - мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етуде - қылмыс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс. Кейбір қылмыстарда арнаулы субъект сараланған құрамның нышаны ретінде алынады, мысалы, қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық (ҚК-тің 177-бабы 2-бөлігінің "в"тармағы), алдау немесе сенімге киянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182-бабының 1-бөлігі), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186-бабының 3-бөлігі).
Қылмыскердің жасына қарай жауаптылық жүктеуге байланысты мүлікке қарсы жасалған барлық қылмыстарды екі топқа бөлуге болады. 16 жастан бастап жауаптылық көзделген қылмыстарға: сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚК-тід 176-бабы), алаяқтык (ҚК-тің 177-бабы), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (ҚК-тің 182-бабы), көрінеу қылмыстык жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (ҚК-тің 183-бабы), интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (ҚК-тің 184- бабы), жерге заттай құқықтарды бұзу (ҚК-тің 186-бабы), бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188-бабы), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену және ауырлататын мән-жайлардың болмауы (ҚК-тің 185-бабының 1-бөлігі), ауырлататын мән-жайларсыз бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының 1-бөлігі) жатады. 14 жастан бастап жауаптылық көзделген кылмыстарға: ұрлық (ҚК-тің 175-бабы), тонау (ҚК-тің 178-бабы), карақшылық (ҚК-тің 179-бабы), қорқытып алушылык (ҚК-тің 181-бабы), ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену (ҚК-тің 185-бабының 2-4-бөліктері), ауырлататын мән-жайларда бөтен адамнын мүлкін қасақана жағу немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының 2, 3-бөліктері).
Субъективтік жағынан меншікке қарсы қылмыстар тікелей ниетпен жасалынады, меншікке қарсы тек бір қылмыс қана — бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 188-бабы) кінәнің абайсыз формасында жасалуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстар пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді.
Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті нышаны - пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарына қарай, мүлікті алумен байланысты ұрлау деп аталған қылмыстарға және ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. ұрлауға мына қылмыстар жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық, ерекше қүнды затгарды үрлау. Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады: алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интеллектуалдық меншік қүқыктарын бүзу, автомобильді немесе өзге де көлік қүралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал, бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады.
Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп таралған және қоғамға едәуір қауіптісі — ұрлау.
Қылмыстық заң, ұрланғандық үшін, оның жасалу төсілдеріне қарай нақты жауаптылық қарастырған. ҚК-тің тиісті баптарына бөліп, нормативтік түрғыдан бекіткен, оларға ұрлаудың мына формалары жатады: ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау және қарақшылық.
Ұрлау түсінігін анықтаудың жөне оның негізгі элементтеріне сипаттама берудің ұрлаудың барлық формаларына тән нышандарды айкындауға және бөлектеуге мүмкіндік беретіндігі, ұрлаудың нақты формаларына талдау жасауды жеңілдететіндігі, оларды меншікке қарсы басқа қылмыстардан, басқа объектіге қол сүғушылықтан, сондай-ақ қылмыстық заңмен жазаланбайтын әрекеттерден шектеуге көмектесетіндігін қылмыстық заң ғылымында қүптау тапқан. Қазіргі кезде үрлау түсінігі Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексінде өзінің зандық бекімін тапты. Мысалы, ҚК-тің 175-бабының ескертуінде былай делінген: «Осы кодекстің баптарында үрлау деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікгі осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып, айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру таныладың. Үрлау түсінігіне берілген бүл анықтамадан көретініміз, ғалым-заңгерлер үсынған, заң талаптарына жауап беретін топтама түсініктер ішінен заң шығарушы "алу" терминін мойындаған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі "Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы" қаулысында да ұрлауға, бірқатар ауытқулармен, осы тектес анықтама берілген: «Бөтен мүлікті ұрлау дегеніміз — меншік иесінің мүлкін пайдакүнемдік мақсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру ".
Заңмен берілген анықтамадан ұрлаудың объективтік жағынан сипаттайтын мына нышаңцарды бөліп алуға болады:
1) мүлікті алу;
2) алудың заңға қайшылығы;
3) алудың қайтарымсыз болуы;
4) пайдакүнемдік мақсат;
"Алу" түсінігі ұрлаудың қарақшылықтан басқа барлық мүмкін болатын жеке тәсілдерін қамтиды. Ал карақшылықты алатын болсақ, заң шығарушы оның аяқталу кезін мүлікті иелену мақсатында шабуыл жасау кезеңіне аударған. Бүл нышан қылмыс затына заңға қайшы ықпал жасаудың сыртқа процесін неғүрлым дәл бейнелейді және белгілі бір шамада қылмыстық-қүкықтык, қорғау объектісіне зиян келтіру тетігін сипаттайды, себебі алу әрқашанда заңсыз қылмыспен, үрланған мүліктің меншік қатынастарына қатысушылардың (жақтардың) әлеуметтік байланыстарындағы күрылымында орнын өзгертуімен үштасқан, ол байланысты қалай да бүзады, оның қалыпты дамуына нүксан келтіреді.
Кәсіпорын қорына әлі келіп түспеген мүлікті алу, белгілі бір мән-жайларда ҚК-тің 182-бабында көзделген қылмыстың қүрамын береді, атап айтқанда ол - алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру.
Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік қүкығын қылмыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірленушінің үрланған затқа меншіктік қүкығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлауға заң түрғысынан анықтама бергенде бөтен мүлікті айыптының меншігіне емес, оның пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айнаддыру дегенді, бәлкім, осы тұрғыдан түсіндіру қажет. Алып қою нөтижесінде меншік иесіне не басқа иемденушіге. материалдық залал келеді, үрлағандағы материалдық залал тікелей .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі