Құқық | АЛАЯҚТЫҚ

 Құқық | АЛАЯҚТЫҚ

Мазмұны

КІРІСПЕ

I ТАРАУ. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ТАЛАН-ТАРАЖ
1.1. Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі, қысқаша сипаттамасы
1.2. Талан-тараж түсінігі

II ТАРАУ. АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
2.1. Алаяқтық қылмысының объектісі
2.2. Алаяқтықтың объективтік жағы
2.3. Алаяқтықтың субъективтік жағы
2.4. Алаяқтық қылмысының субъектісі

III ТАРАУ. АЛАЯҚТЫҚТЫҢ САРАЛАНҒАН ҚҰРАМДАРЫНА СИПАТТАМА
3.1. Адамдар тобының алдын-ала сөз байласып жасаған алаяқтығы
3.2. Бірнеше рет жасалынған алаяқтық
3.3. Қызмет бабын пайдаланып жасалынған алаяқтық
3.4. Ұйымдасқан топ жасаған алаяқтық
3.5. Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық
3.6. Ұрлау (талан-тараж) немесе қорқытып алушылығы
үшін бұрын екі немесе одан да көп рет сотталған адам
жасаған алаяқтық

IV ТАРАУ. АЛАЯҚТЫҚТЫ ҰҚСАС ҚЫЛМЫС ҚҰРАМДАРЫНАН АЖЫРАТУ
4.1. Ұрлық және алаяқтық
4.2. Алаяқтықты алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіруден ажырату
4.3. Алаяқтықты жалған кәсіпкерліктен, тұтынушыларды
алдау құрамдарынан ажырату
4.4. Алаяқтықты жалған ақша немесе бағалы қағаздар, жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айыры-
су құжаттарын жасау немесе сатудан ажырату

V TАРАУ. АЛАЯҚТЫҚ ЖӘНЕ ГИПНОЗ

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ТАРАУ. МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ЖӘНЕ ТАЛАН-ТАРАЖ

1.1. Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі, қысқаша сипаттамасы

Меншікке қарсы қылмыстар – бұл меншік қатынастарына қол сұғатын және меншік иесіне залал келтіретін қылмыстық әрекеттер.
Меншік қатынастары мемлекет экономикасының негізін құрайды. Меншік – бұл әлеуметтік құндылықтардың арасындағы маңыздылардың бірі. Меншіктің түрлі нысындарын бекіту – қоғамның экономикалық гүлденуі мен жекелеген азаматтардың хал-жағдайын арттыруға әкеледі. Ал меншік қатынастарының қылмыс арқылы бұзылуы қоғамға елеулі қауіп туғызады.
Ел тарихымыздың әр түрлі кезеңінде меншік қатынастарын құқықтық реттеу әр түрлі еді. Кейбір меншік түрлері қорғалып, кейбіреулеріне тыйым салынған болатын. Мысалы, кеңестік заманда социалистік деп танылатын, тек мемлекеттік және қоғамдық меншік заңды еді, ал жеке меншік социалистік меншік туындысы ретінде қарастырылған.
Бүгінгі күні меншікке қатысты көзқарас өзгешелеу. ҚР Конституциясының 6 бабы 1 тармағында: “Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады”, - делінген.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі – меншік иесінің өз мүлкіне ие болу, пайдалану және билік ету құқығымен айқындалған меншік қатынастары.
Меншікке қарсы қылмыстардың тікелей объектісі – қылмыстық әрекет нәтижесінде бұзылатын белгілі бір меншік нысаны - дейді бірқатар авторлар.
Г.А.Кригер дұрыс айтқандай: “Талан-тараж кезінде қол сұғушылық объкетісі жеке бір мүлік емес, меншік болып табылады”.
Біз қылмысты қоғамға қауіпті әрекет деп түсінеміз. Демек, мұндай қауіп қоғамда орнатылған, құқықпен бекітілген және қылмыстық-құқықтық нормалармен қорғалатын қоғамдық қатынастардың бұзылуымен пайда болады. Сондықтан қылмыс объектісі ретінде, әрқашан, қоғамға қауіпті әрекетпен бұзылатын қоғамдық қатынастар болады.
Меншікке қарсы қылмыстардың объектісінен бұл қылмыстардың затын ажырата білу керек.
Меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде біз мүлікті, мүлікті алуға құқық беретін заттар, яғни нақты заттар, материалдық дүниенің заттары, флора, фауна, үй жануарлары және т.б. танимыз.
Мүлік дегеніміз, бұл қылмыстың бағытталатын нәрсесі, яғни мүлікке байланысты меншікке қарсы қылмыс жасалады. Бұл жерде мүліктің құқықтық табиғатын анықтаған жөн. Мүлік ретінде азаматтық айналымнан алынбаған және құны бар заттар танылады. Мысалы, ақша, бағалы бұйымдар, құнды қағаздар. Егер заттардың құны болмаса, немесе ол тек жеке бір адам үшін құны бар болса, ол заттар мүлік болып табылмайды. Мысалы, танысыңның фотосуреті, қолжазба кітапшасы және т.б. Бірақ бұл жерде де ескерту бар, әйгілі адамдардың суреттері, әсіресе, қолжазу белгісімен болса, бұл суреттер мүлік ретінде танылуы тиіс. Себебі бұл заттар сату-сатып алу шартының пәні болуда.
Жоғарыда атап өткендей, меншікке қарсы қылмыстар пәні (заты) ретінде еркін айналысқа түсе алатын мүлік бола алады. Сондықтан айналыстан алынған заттарды (қару, жарылыс, радиоактивті, есірткі заттары) талан-тараждау арнайы баптармен сараланады (ҚР ҚК 248, 255- баптары).
Мүлік жылжитын және жылжымайтын болып бөлінеді (ҚР Азаматтық кодексінің 117-бабы). Жылжитын мүлік меншік иесінің иелігінен алына алады, ал жылжымайтын мүлік алынбайды. Жылжымайтын мүлік қорқытып алушылық, алаяқтық сияқты қылмыстардың пәні (заты) бола алады.

1.2. Талан-тараж түсінігі

Талан-тараж (орысша – “хищение”, А.Ж.) терминіне анықтама ҚР ҚК-нің 175-бап ескертуінде берілген. Ол жерде талан-тараж термині “ұрлау” сөзімен алмастырылған. Терминдерді қолдану арнайы зерттеу тақырыбы болса керек, сондықтан біз бұл сөз мазмұнына көңіл бөлмейік. Жоғарыда аталған ескертуге сәйкес, “ұрлық” (талан-тараж) деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне кемесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа да адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады”.
Айта кететін жайт - талан-тараж анықтамасы Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында алғашқы рет беріліп отыр. Бұрын талан-тараждың түрлі нысаны үшін жауапкершілік көзделген еді, бірақ жалпы түсінігі қылмыстық-құқықтық доктринада беріліп жүрген. Сонымен қатар, “талан-тараж” термині сот тәжірибесінде де, әдебиеттерде де социалистік меншікке қол сұғушылық ретінде түсінілетін. Мысалы, профессор Г.А.Кригердің айтуы бойынша, “талан-тараж – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар қорларында шоғырланған социалистік мүлікті пайдакүнемдік мақсатпен қылмысты алып қою немесе үшінші тұлғаларға беру”.
Талан-тараждың объективтік жағы белгілері ретінде бөтен мүлікті өз пайдасына немесе басқа да адамдардың пайдасына заңсыз, ақысыз, қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады. Сонымен бірге міндетті түрде меншік иесіне немесе өзге де заңды иеленушісіне нақты материалдық шығын келтірілу керек . Алынбай қалған пайда түріндегі материалдық залал талан-тараж ретінде танылмауы тиіс. Талан-тараж кезінде жәбірленушінің мүліктік массасының азаюы – кінәлі немесе өзге тұлғалардың мүлкінің ұлғаюына әкеледі. Демек, кінәлі жою үшін мүлікті алдын-ала алып қойса да, мүлкін жою арқылы меншік иесіне нақты шығын келтіру де талан-тараж ретінде танылмайды.
Алып қоюға келетін болсақ, бұл белгіні анықтау үшін, бірнеше мән-жайдың жиынтығы қажет. Біріншіден, мүлік меншік иесінің қорларында шоғырлануы керек: заңды тұлғаның балансында, жеке тұлғаның иелігінде, немесе кәсіпорынның қорларына құқықтық жағынан түскен болу керек. Егер мүлік кәсіпорын қорына түспеген болса, онда алып қою және талан-тараж туралы айтуға болмайды.
Екіншіден, мүлік меншік иесінің қорларынан алынуы керек. Бүгінгі күні қалыптасқан қылмыстық тәжірибеден көретініміз бұл алып қоюдың 2 тәсілі: физикалық және құқықтық.
Физикалық алыну кезінде, заттар меншік иесінің заңды иеленуі мен пайдалануынан бөтен құқыққа қарсы иелену мен пайдалануға кеңістікте өтеді. Оған мысал – қозғалатын мүлік.
Құқықтық алыну кезінде мүлікке меншік құқығы өтеді, меншік субъектісі ауысады. Көбінесе мұндай алынудың заты ретінде жылжымайтын мүлік болады. Бірақ кейбір жағдайларда жылжитын мүлік те болуы мүмкін. Мысалы: авмобильге құқық.
Сонымен қатар, құқықтық пен физикалық әдістің аралас нысаны кездесуі мүмкін. Мысалы, алаяқтар алдау жолымен пәтерге құқықты бекітіп, пәтер иесін мәжбүрлеп шығарып жібереді.
Тағы да бір белгі ретінде талан-тараждың құқыққа қайшылығын айтамыз. Құқыққа қайшылық дегеніміз – тұлға біреудің мүлкін ала отырып, ол мүлікке не шынайы, не болжаулы құқыққа ие болмайды. Шынайы құқық дегеніміз, бұл жерде, заңға немесе өзге нормативті-құқықтық актілерге негізделген мүлікті алуға деген құқық. Мұндай кезде ол құқық заңға сәйкес рәсімделген бе, жоқ па, маңызы жоқ. Бізге керектісі бұл жерде ол құқық іс жүзінде бар болуы. Мұндай кезде кінәлілердің әрекеті өз бетінше билік ету болады.
Болжаулы құқық, алуды іске асырған тұлға, заңның ережелерін дұрыс бағаламағандықтан, түсіндегендіктен пайда болады. Мысалы, тұлға өзін заң бойынша мұрагер ретінде санап, қайтыс болған адамның пәтеріне кіріп алады, шын мәнісінде заң оны мұрагер ретінде танымайды. Бұл да өз бетінше билік ету болуы мүмкін. Бірақ құқыққа қайшылық атты талан-тараж белгісі болмайды.
Заңсыздық белгісін құқыққа қайшылықтың туындысы ретінде қарастыруға болады, жеке белгі ретінде де қарастыруға болады. Қалай қарасақ та, бұл белгі маңыздылығы мынада: талан-тараж кезінде алып қою қылмыстық заңда көрсетілген тәсілдердің біреуімен жасалу керек, яғни қылмыстық заңмен тыйым салыну керек. Ол тәсілдер мыналар: ұрлық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе асырап алу, алаяқтық, тонау және қарақшылық.
Талан-тараждың объективтік жағы белгілеріне, сонымен қатар, ақысыздық жатады. Бұл дегеніміз, қылмыскер мүлікті алғанда, орнына тең эквивалентті қалдырмайды. Егер бұл заттар құны бойынша тең болса, онда талан-тараж болмайды. Егер зат құны бойынша төмен болса, онда алып қоюдың ақысыздқ белгісі орын алады. Талан-тараж істері бойынша елімізде қалыптасқан сот тәжірибесі бойынша, затты орнына құны төмен затты қалдыру арқылы алып қою – саралауға әсер етпей, алынған заттың құны көлемінде талан-тараж ретінде есептеледі.
Талан-тараждың субъективтік белгілеріне келсек, алдымен кінә нысанын айтқан жөн. Талан-тараж тек тікелей қасақаналықпен жасалады: тұлға өзінде мүлікке деген шынайы немесе болжаулы құқығы жоқтығын біле отырып, мүлікті заңсыз алып жатқанын біледі, меншік иесіне зардап туғызатынын сезінеді және осыны тілейді.
Сонымен қатар, талан-тараждың субъективтік жағының міндетті элементі ретінде – пайдакүнемдік мақсат айтылады. Пайдакүнемдік мақсат, біріншіден, материалдық немесе мүліктік пайда алуды көздейді. Екіншіден, бұл мақсат алынған мүлік арқылы қанағаттануы керек. Және үшіншіден, пайдакүнемдік алыну жасалу үшін, кінәлі талан-тараждалған мүлікті өз пайдасына немесе өзге тұлғалар пайдасына айналдыруды мақсат қоюы керек. Өзге тұлғалар дегенде, бұл жерде кінәлі олардың тағдырына материалдық жағнынан мүдделі болу керек.

ІІ ТАРАУ. АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ

2.1. Алаяқтықтың объектісі

Қылмыстың объектісі мен затын дұрыс анықтау – кінәлі әрекеттерінің орындалуы үшін, оның қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау және жасалғанның дұрыс саралануы үшін қажет .
Қылмыстық құқық теориясында, объект ретінде әдетте қылмыстық заңнамамен қорғалатын қоғамдық қатынастар жиынтығы түсініледі.
Алаяқтықтың объектісі ретінде, қолданыстағы заңнамаға сүйенсек, меншік қатынастары болады.
Әдебиетте меншік 3 нысанда қарастырылады: меншік – экономикалық категория ретінде, меншік – құқықтық категория ретінде және меншік – меншік құқығы ретінде.
Экономикалық әдебиеттерде қабылданған көзқарас бойынша, меншікке материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастары кіреді. Демек, бұл қылмыстың тектік объектісі, құқық нормаларының жүйесімен реттеліп бекітілген, жеке тұтынуға арналған материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және айырбастау бойынша қоғамдық қатынастар. Міне, осындай меншік қатынастарына қол сұға отырып, кінәлі оларға кіретін қоғамдық қатынастарының әр тобына залал келтіреді.
Өмірлік күнделікті жағдайларда қылмыс объектісін анықтау қиынға соғуы мүмкін. Мысалы, азамат мемлекеттік ұйымға мүлікті сақтауға берген кезде, мүлік азаматтың жеке меншігінде қалады. Дегенмен де, осы мүлік талан-тараждалса, бұл мемлекеттік меншікке қол сұғушылық деп саралану керек. Себебі, ұйым оған сақтауға берген мүлік үшін материалық жауапкершілікті көтереді.
Қылмыс объектісін зерттей келе, біз, тікелей объект түсінігіне тап боламыз. Бұл түсінік бойынша ортақ пікір жоқ. Мысалы, В.А.Владимиров ойынша тікелей объект бір уақытта объект болады .
Өзге авторлар ойынша, біз қарастырып отырған қылмыстардың тікелей объектісі – мемлекеттік меншік, үшіншілері – қоғамдық меншік дейді. Жалпы, 1926 ж. мен 1995 жылдар аралығындағы қылмыстық құқық оқулықтарында, “қылмыстың тікелей объектісі – жеке бір қылмыс қол сұғатын нақты бір қоғамдық қатынас” түсіндірмесі классикалық болып саналған.
Менің ойымша, тікелей объектіні түсіндіруде И.И.Рогов пен М.А.Сарсембаевтың көзқарастары дұрыс. Олардың ойынша, қылмыс объектісін топтастыруда “мүдде” түсінігін қолдану керек. Мүдде де қоғамдық қатынас, бірақ ол қоғамдық қатынастың нақтырақ көрінісі. Субъектілердің және олардың мүдделерінің қатысуынсыз қоғамдық қатынас болмайды. Сонымен қатар әр мүддеде өз объектісі болады. Ол материалдық немесе идеалдық ігілік. Осы мүдде арқылы топтастыру жүргізіп, мысал келтірейік. Тұлға біреудің мүлкін талан-тараждағанда, біріншіден сол меншік иесінің мүддесіне нұқсан келтіреді, ол арқылы ол мемлекеттің маңызды әлеуметтік құндылығына нұқсан келтіреді, ол арқылы ол мемлекеттің экономикалық негізіне нұқсан келтіреді.
Ал тікелей объектіге келер болсақ, оны анықтағанда жеке белгілерге сүйену керек (кімнің және қандай мүддесі бұзылды). Мысалы, алдау арқылы біреудің пальтосы талан-тараждалса, бұл жерде тікелей объект ретінде жеке меншік емес, белгілі бір субъект – Омарбеков Талғаттың өз 48 размерлі қара түсті пальтосына деген құқық болады.
Қылмыстық құқықтағы қылмыс заты ретінде – қоғамдық қатынас белгіленетін материалдық объект танылады. Қылмыс затының болуы, яғни белгілі бір мүліктің болуы – алаяқтықтың міндетті белгісі болып табылады.
ҚР ҚК 177-бабы 1-бөлігінің диспозициясына көз жүгіртсек, алаяқтық бұл:
а) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлікті ұрлау (талан-тараждау), немесе,
ә) алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы бөтен мүлікке құқықты алу.
Өзге талан-тараж нысандарынан алаяқтықтың тағы да бір айырмашылығы – бұл қылмыс заты ретінде тек мүлік қана емес, сонымен қатар мүлікке құқық та болуында. Мүлікке құқық ретінде меншік құқығы өзінің толық көлемінде түсініледі. Демек, кінәлі мүлікке құқық алғанда, мүліктің өзін де иемденеді. Мысалы, алаяқ алдау нәтижесінде ірі жеңіс түскен лотореялық билетті иемденеді. Байқайтын болсақ, мүлікке құқық алу сәті мүліктің өзін алудан бұрын немесе бір уақытта пайда болады.
Мүлік, алаяқтықтың заты ретінде, белгілі бір белгілерге ие болу керек. Ең алдымен, оның құны болу керек. Ол, әдетте, баға арқылы белгіленеді. Ал бұл белгі тек заттарға ғана тән емес, сонымен бірге ақпараттық түрлі нысандарына тән. Мысалы, компьютерде сақталатын ақпарат.
Сонымен қатар, талан-тараждың заты ретінде әр түрлі мүліктік сипаттағы игіліктерді алуға болмайды: қоғамдық көлікте тегін жүру немесе қол жүгін өткізу т.б.
Мүлік дегеніміз – бұл зат. Оны жасауға еңбек жұмсалып, нәтижесінде оның құны пайда болады, қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеті пайда болды. Бірақ мүлікті жасауға еңбек міндетті түрде жұмсалу керек тезисі күннен күнге күмәнді туғызады. Мысалға, жер учаскесін алайық. Олар сату-сатып алу, кепіл, айырбас, сыйға тартудың пәні болады. Демек, қылмыстық қол сұғушылықтың да заты болуы ықтимал. Әсіресе алаяқтықта. Қалай десек те, тауарлы-материалдық құндылықтар және ақша алаяқтықтың заты ретінде болатынына күмән жоқ.
Зерттеліп отырған қылмыстың заты ретінде – еркін айналыстағы мүлік болуы керек. Мысалы, егер алдау жолымен қызметтік жағдайын пайдалана отырып, тұлға қаруды талан-тараждаса, бұл бойынша ҚР ҚК-нің 255-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік туындайды.
2.2. Алаяқтықтың объективтік жағы

Кез келген қылмыстың объективтік жағы қылмыстық әрекеттің сыртқы белгілерімен сипатталады.
Алаяқтықтың объективтік жағына алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен, өз пайдасына немесе өзге тұлғалар пайдасына айналдыру мақсатымен, бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты ақысыз, құқыққа қарсы иеленіп кетуді жатқызамыз.
Кінәлінің жоғарыда аталған іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі алаяқтық ретінде саралануы үшін екі тәсіл: алдау немесе сенімге қиянат жасау болу керек.
Алаяқтықтағы алдаудың өзге алдаудардан айырмашылығы – оның нәтижесі мүлікті талан-тараждау немесе мүлікке құқықты алу. Сәйкесінше, бұл алдаудың сипаты, тәсілі, мақсаты өзгеше болады.
Жәбірленуші алдаған кезде кінәлі одан жауапты әрекетті күтеді. Яғни, жәбірленушіні тек “басын айналдыру” үшін алдамайды, одан жауапты әрекет, мысалға, мүлікті беруді тілейді.
Алаяқтықтағы алдау жәбірленушінің жүріс-тұрысына әсер етудің тәсілі болып табылады, сондықтан ол адамдар арасындағы сөз-қатынасын көздейді. Алайда, тәжірибеде, жәбірленушінің психикасына әсер етуге байланысты емес әрекеттерді саралаумен қиындықтар туады. Мысалы, автомат-кассаларына ақшаның орнына өзге металл заттарды түсіру.
Сонымен бірге, алдау немесе сенімге қиянат жасау әрекет қабілеттігі бар тұлғаларға қатысты жасалу керек деген ойлар айтылады. Себебі бұл тұлға мүлікті немесе мүлікке құқықты өз еркімен береді. Толық әрекет қабілеттігі жоқ тұлғаны алдау (жас баланы, есі дұрыс емес адамды) және одан мүлікті алу алаяқтық ретінде емес, ұрлық ретінде саралану керек. Бұл жағдайда, әрекет қабілеттігі жоқ тұлға құқықтық маңызы бар мәмілелер жасай алмайды, оның еркінің құқықтық маңызы жоқ.
Алдау – фактілік немесе заңды деректерді бұрмалау болып табылады. Ол екі нысанда болады: белсенді және бәсең.
Белсенді алдау – бұл тұлғаларға белгілі бір фактілерді, жайдайларды бұрмалайтын жалған мәліметтерді айту. Бәсең алдау – ақиқатты жасыру, жәбірленушіге, оның мүлікке билік етуден тоқтататын фактілер мен жағдайларды айтпау.
Алдаудың мазмұнын, кінәлі жәбірленушіні белгілі бір нәрселерге байланысты алдауға қатыстыжағдайлар құрайды.
Бұл жағдайлар әртүрлі болуы мүмкін. Алдау заттар, тұлғалар, әрекеттер, оқиғалар, олардың фактілі және құқықтық қасиеттері бойынша бола алады.
Алдауға түсетін оқиғалар - өткен шақ, қазіргі ........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?