Химия | Көлік құрылыс саласының қалдықтарын пайдаға асыру

 Химия | Көлік құрылыс саласының қалдықтарын пайдаға асыру

Мазмұны

І. Кіріспе бөлім...........................................................................................................2

ІІ. Негізгі бөлім.
1.Көлік құрылыс қалдықтары…………………………..................................3
2. Қалдықтармен жұмыс жасау.......................................................................4
3. Қышқылдық немесе қорғасын, сілтілік т.б. қалдықтар............................6
4.Есептеу бөлімі...............................................................................................8
ІІІ. Қорытынды................................................................................................................10

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. ..............................................................................11


1. Көлік құрылысының қалдықтары

Қөрсеткіш қоршаған ортаға ықпалын және қалдықтарды басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiнiң есепке алуын дәрежесін (елеу) өлшеуге мүмкіндік береді.
Елде қалдықтарды басқару iске асырулуы халықтың денсаулығы, экономика және қоршаған орта үшін түбегейлi ұзақ мерзiмдi зардабы бар. Сондықтан қалдықтармен экологиялық тиiмдi жүмыс істеуғе жәрдем беру және оларды жою программаларды жетiлдiру айтарлықтай маңызды. Әдеттегiдей, қалдықтармен барабар басқару өкiметтің денсаулық және қоршаған ортаға туындайтың тәуекелдер туралы мағлұматты екенің және олар қалдықтардың пайда болуының қысқарту және алдын алу бойынша тиiстi шараларды қолдауынын немесе ұйғаратынын куәландырады. Жоюды талап ететiн қалдықтар көлемiң қысқартуы өз кезегiнде, шикiзатқа сұранысты төмендетедi, ресурстар өндіруінің қысқаруына әкеледі. Өңдеу және қайта қолдануға келмейтін қалдықтар үшiн, оларды өртеу жиi таңдаулы нұсқа болып есептеледi, егер жағатын қондырғылар шығарындылар стандарттары туралы заңнамаларға сәйкес келсе және де егер қалдықтардың өртеуiнен қуат алынса, үйткені бұл олардың жалпы көлемiң азайтады.Өңдеу және қайта қолдану немесе өртеудiң мүмкiндiлігі болмаған жағдайларда, ұлттық заңнамаларға сәйкес тиiстi техникалық бақылау жүзеге асыра, қалдықтар рұқсат етілген полигондарда көміледі.Қалдықтарды рұқсат етілген полигондарда бақылау көмуі қолданыстағы ұлттық заңнамаларға сәйкес келiсетiн рұқсат етілген рәсімдер және техникалық бақылаулардың жүйелер қолдануын талап етедi. Қалдықтардың түпкілікті жою басқа да әдiстерiне олардың тұрақты сақтауын жатқызуға болады.Көрсеткiш қалдықтарды рұқсат етілген полигондарда жерлеуi арқылы немесе өртеуi арқылы (қуат алусыз) түпкілікті жойылған қалдықтардың көлемiн көрсетедi және оның экономикалық қызмет түрлері бойынша (өнеркәсiптiк және қатты тұрмыстық қалдықтар) және зиянды әсер бойынша (қауiптi қалдықтар) тұтастай елде пайда болатың қалдықтардың жалпы көлемiне пайыздық қатынасын көрсетеді. Тонналарда өлшенедi.
Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсыныстар
Көрсеткiш қайта өңдеу және қайталама қолдану қалдықтардың көлемiн көрсетедi және оның экономикалық қызмет түрлері бойынша (өнеркәсiптiк және қатты тұрмыстық қалдықтар) және зиянды әсер бойынша (қауiптi қалдықтар) тұтастай елде пайда болатың қалдықтардың жалпы көлемiне пайыздық қатынасын көрсетеді. Тонналарда өлшенедi. Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану қалдықтардың бiр бөлiгi қалдықтардың жалпы ағынынан шығарылатың қалдықтарды өндiрiс процессiне қосуын білдіреді. Отын ретiнде қайта қолдану (қуат ауы) мұнда жатпайды. Бұл процесс өнiмнiң сол түрiне өңдеуiмен қатар, басқа мақсаттардағы өңдеуді қосады. Кәсiпорындарда қалдықтардың пайда болу орынында қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдануы бұл процесстен шығарылады. Қайта өңделетiн және қайталама қолданылатын қалдықтарды есепке алуы барлық қалдықтар мен қалдықтардың нақты санаттарың (өнеркәсiптiк, қауiптi және қатты тұрмыстық қалдықтар) дәл бағалауды талап етедi. Қалдықтардың қайта өңдеу және қайталама қолдануының көрсеткiшi барлық қайта өңделетiн және қайталама қолданатың қалдықтар немесе қайта өңделетiн және қайталама қолданатың қалдықтардың нақты санаттың барлық пайда болған қалдықтар және нақты санаттың пайда болған қалдықтарының жалпы санына бөлу арқылы алынады, нәтиже пайызбен бiлдiріледі. Бұдан басқа, қатты тұрмыстық қалдықтары үшiн қайта өңделетiн және қайталама қолданылатын қалдықтардың ұлесің қайта өңделетiн және қайталама қолданылатын компоненттерiнiң пайызбен бiлдiру қажет мысалы, металлдардың, пластмасса, қағаз, шыны, кездеме немесе органикалық материалдар. Қазiргі кезде қайта өңдеу және қайталама қолдануы көлемі туралы деректер Қазақстанның Республикасы Статистика агенттiгімен қызметтің негізгі жəне қайталама түрі “Өнеркəсіп” болып табылатын, заңды тұлғалар жəне/ немесе олардың құрылымдық бөлімшелері жыл сайынғы мерзiмдiлiкпен тапсыратың «Кəсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру жəне жөнелту туралы есебі» (нысан индексі – 1-п) статистикалық нысан бойынша жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаумен қалыптастырылады.
Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану
Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану көрсеткiшi – барлық қалдықтардың қандай үлесі немесе қалдықтардың ңақты санаттары қайталама қолданудан өткізілгенің көрсететің, қадағалаудың үлгi көрсеткiші.Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану – ресурстар орнықты қолдануының ең маңызды компонентi. Бұл көрсеткiш қатты қалдықтарды басқарудың маңызды компонентi боп табылады. Халық саны өсуіне байланысты, қалдықтарды орналастыру және жою үшін қолдануға болатын жер алқаптары кысқаруда, қалдықтарды оданда алыс қашықтықтарға тасуға дәл келедi. Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдануының ынталандыру кезінде қоқыс тастайтын жерлер сыйымдылық өзгерiссiз болып қалады, ал қатты қалдықтармен жұмыс істеуге жұмсалған шығындар қысқарады. Қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдану масштабтарының арттыруы қалдықтарды мүлде жоюының экологиялық зардаптарының азаюына әкеледі, мысалы, қалдық полигондарынан метан және көмiрқышқыл газдың шығарылуының азаюына және табиғи қорларды қорғауын қамтамасыз етедi. Бұдан басқа, қалдықтарды қайта өңдеу және қайталама қолдануы халықтың бұл процессте қатысуы арқылы табыстарың арттыруға мүмкiндiк береді. (1)

2. Қалдықтармен жұмыс жасау
Құрамында сынабы бар қалдықтар:
пайдаланылған нұршамдарды жинау және кәдеге жарату; пайдаланылған сынапты термометрлерді кәдеге жарату; құрамында сынабы бар қалдықтарды тасымалдау үшін арнайы көліктерді ұсыну; құрамында сынабы бар қалдықтарды тасымалдау және сақтау үшін арнайы ыдыстарды дайындау және ұсыну.

Медициналық қалдықтар:
медициналық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату; медициналық қалдықтарды тасымалдау және сақтау үшін арнайы ыдыстарды дайындау және ұсыну; медициналық қалдықтарды тасымалдау үшін арнайы көліктерді ұсыну.
Құрамында мұнайы бар қалдықтар:
құрамында мұнайы бар қалдықтары жинау және кәдеге жарату; мұнай араласқан топырақты, мұнай шламын, сондай-ақ сұйық және қатты бұрғылау қалдықтарын, мұнай қалдықтарының қоспасы және т.б. кәдеге жарату; гидравликалық сынақтардан және т.б. соңғы құрамында мұнайы бар сарқынды суларды, өндірістік суларды кәдеге жарату; мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (самосвалдар, ваккумдық машиналар, мұнай тасығыштар, бункер тасығыштар).
Пайдаланылған майлар:
пайдаланылған майларды жинау және кәдеге жарату; пайдаланылған майларды, пайдаланылған майлау материалдарын кәдеге жарату; мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (ваккумдық машиналар, мұнай тасығыштар).
Химиялық қалдықтар:
химиялық қалдықтарды жинау және кәдеге жарату; химиялық қалдықтарды, мерзімі өткен химиялық қалдықтарды, химиялық зертханалардың қалдықтарын, қауіпті және қауіптілігі аз түріне қарай кәдеге жарату.
Бұрғылау қалдықтары:
бұрғылау қалдықтарын жинау және кәдеге жарату; сұйық тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату; мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (самосвалдар, ваккумдық машиналар, мұнай тасығыштар, бункер тасығыштар, гидроманипуляторлар).
Қатты-тұрмыстық және құрылыс қалдықтары:
қатты-тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын жинау және кәдеге жарату;сұйық тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату;мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (самосвалдар, бункер тасығыштар, гидроманипуляторлар, ұзын өлшемді техника).
Сұйық тұрмыстық және өндірістік қалдықтар:
сұйық тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау және кәдеге жарату; сұйық тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату;мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (самосвалдар, ваккумдық машиналар, мұнай тасығыштар).


Мұрағат құжаттары:
мұрағат құжаттары қалдықтарын жинау және кәдеге жарату; мұрағат құжаттарын кәдеге жарату; мамандандырылған арнайы техниканы ұсыну (самосвалдар, бункер тасығыштар, гидроманипуляторлар, ұзын өлшемді техника). (2)

3. Қышқылдық немесе қорғасын, сілтілік, т.б. аккумуляторлары .

Қорғасын аккумуляторлары тор тәрізді етіп жасалған екі қорғасын пластинкадан тұрады. Бұл пластинкалардың торларының тесіктеріне қорғасын (ІІ) оксиді (PbO) толтырылған. Осындай пластинкалар тік бұрыштар қорапқа құйылған 25-30%, тығыздығы 1,18-1,20 г/см3 болатын күкірт қышқылының ерітіндісіне батырылады. Пластинкалардағы қорғасын оксидінің күкірт қышқылымен әрекеттесуі нәтижесінде екі пластинканың беті ерімейтін қорғасын (ІІ) сульфатымен қапталады:

PbO + H2SO4 = PbSO4 + H2O

Енді аккумулятор электр энергиясын химиялық энергияға айналдыру үшін оны зарядтау керек. Ол аккумулятордың бір пластинкасын тұрақты ток көзінің теріс, ал екінші пластинкасын оң полюсімен жалғайды. Осының нәтижесінде электролиз, яғни сыртқы тұрақты ток көзінің әсерінен электродтарда тотығу-тотықсыздану реакциясы жүріп электр энергиясы


химиялық энергияға айналады. Бұл процесті қорғасын аккумуляторының зарядталуы дейді және бұл кезде электродтарда мынадай тотығу-тотықсыздану реакциялары жүреді.
Катодта: Pb2 + SO4 + 2е = Pbо + SO42-
Анодта: Pb2 + SO4 - 2е + 2Н2О = Pb4 + О2 + 4Н+ + SO42-
Жиынтық теңдеуі: 2Pb2 + SO4 + 2Н2О = Pbо + Pb4 + О2 + 4Н+ + SO42-
Келтірілген теңдеулерден аккумуляторды зарядтаған кезде катодта – теріс электродта Pb2+ иондары екі электроннан қосып тотықсызданып қорғасынға айналады, ал анодта оң электродта Pb2+ иондары екі электроннан беріп жіберіп Pb4+-ке айналып қорғасын (ІV) оксидін түзеді.
Потенциалы оң болса да (0,00В) сутегінің қорғасындағы асқын кернеуі көп болғандықтан сутегі иондары тотықсызданбай, қорғасын иондары тотықсызданады.
Сонымен зарядталып болғаннан кейін қорғасын аккумуляторының бір пластинкасы (электроды) металл күйдегі қорғасынмен, екінші пластинкасы (электроды) қорғасын (ІV) оксидімен қапталады. Осы себептен аккумулятордың металл күйдегі қорғасынмен қапталған электродының потенциалы теріс – ал қорғасын (ІV) оксидімен қапталған электродының оң зарядтары басымырақ болып, олардың біріншісінің тотықсыздандырғыштық, екіншісінің тотықтырғыштық бейімділігі артады. Басқаша айтқанда, зарядтағаннан кейін қорғасын аккумуляторының қорғасынмен қапталған пластинкасы теріс электрод, ал қорғасын (ІV) оксидімен қапталған пластинкасы оң электрод болатын гальваникалық элементке айналады. Оның схемасын былай жазуға болады:

(-)Pb | H2SO4 | PbO2 (+) (3)

Осы зарядталған аккумулятордың теріс және оң электродтарын өткізгішпен қосқанда электрондар теріс электродтан оң электродқа қарай жылжып химиялық энергия электр энергиясына айналады да сыртқы тізбек бойында электр тогы пайда болады. Мұны аккумулятордың зарядсыздануы дейді және бұл кезде электродтарда мынадай процестер жүреді:
Теріс электродта Pbо – 2е + SO42- = Pb2 + SO4
Оң электродта Pb4 + О2 + 2е + 4Н+ + SO42- = PbSO4 + 2H2O
Жиынтық теңдеуі Pbо + Pb4 + О2 + 4Н+ + SO42- = 2Pb2 + SO4 + 2H2O
Қорғасын аккумуляторының электр қозғаушы күшін гальваникалық элементтің электродтарында жүретін процестердің стандартты тотығу-тотықсыздану потенциалдары арқылы табуға болады.
Сілтілік аккумуляторлар – сілтілік аккумуляторлардың ішінде темір-никель аккумуляторларының практикалық маңызы зор. Бұл аккумуляторлардың теріс электроды аздаған сынап (ІІ) оксиді қосылған кеуек темірден, ал оң электроды никель (ІІІ) гидроксидінен тұрады. Олар 30% калий гидроксиді ерітіндісіне батырылған. Аккумулятордың схемасы мынадай:

(-) Fe | KOH | Ni(OH)3 (+)

Аккумуляторларда химиялық энергия электр энергиясына айналғанда, яғни ол электр тогын бергенде сыртқы өткізгіш бойынша электрондар теріс электрод темірден оң электрод никель (ІІІ) гидроксидіне қарай жылжып, электродтарда мынадай процестер жүреді:
Теріс электродта: Fe0 – 2е + 2ОН- = Fe2 + (ОН)2
Оң электродта: 2Ni3 + (ОН)3 + 2е = 2Ni2+ + (ОН)2 + 2ОН-
Жиынтық теңдеуі: Fe0 + 2Ni3 + (ОН)3 = Fe2 + (ОН)2 + 2Ni2+ + (ОН)2
Бұл аккумулятордың жұмыс істеген кездегі токтың кернеуі 1,3 В.
Соңғы кезде күміс-мырыш аккумуляторы жиі қолданылып келеді. Оның бір электроды күмістен, екінші электроды мырыш гидроксидінен тұрады да, электролит ретінде тығыздығы 1,4 г/см3 болатын калий гидроксиді қолданылады. Аккумулятор беретін токтың кернеуі 1,85 В. (4)......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!