Химия | Көлік құрылыс саласының қалдықтарын пайдаға асыру

Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.
Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететін петроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігіндежылқы мен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолыбойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-біртеавтомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық