Қыздарға кеңес: Ер азаматтарға туған күніне берілетін сыйлықтар түрі » ZHARAR © 2016 | Ер азаматтарға туған күніне берілетін сыйлықтар түрі, ерлерге сыйлайтын заттар, ерлерге сыйлық, ерлерге арналған сыйлықтар, жигиттерге сыйлык жасау жігіт сыйлық




  • »

Қыздарға кеңес: Ер азаматтарға туған күніне берілетін сыйлықтар түрі

Қыздарға кеңес: Ер азаматтарға туған күніне берілетін сыйлықтар түрі казакша Қыздарға кеңес: Ер азаматтарға туған күніне берілетін сыйлықтар түрі на казахском языке

Ер –азаматтар бізге сыйлық сыйлағаны секілді, қыз-келіншектер де оларға сыйлық тарту етеді. Бір қарағанда ер-азаматтарға сыйлық алу оқай секілді болып көрінгенмен, таңдап кеп қалғанда кейде тығырыққа тірелетін кездер де болып қалады.
Сыйлық сыйлауды ойланғанда алдымен неден қашу керек?
Мұнда да бірінші үй жануарларынан, әсіресе мысық сыйлаудан. Ер адамдар үй жұмысын жақтыра бермейтіндіктен үй жануарларының жауапкершілігін мойнына алуға мүлде қарсы болуы мүмкін.
2-інші, жұмсақ ойыншықтардан. Ерекше сыйлық ретінде ұсынамын деп, өзін қыз секілді сезінген ер-азаматтың көңіл-күін бұзып, артық қыламын деп тыртық қылуыңыз да әбден мүмкін.
3-орын ақшаға беріледі. Ақша сыйға тартудың салдарынан ер –азаматтың беделін басып, ақшасы жоқ адам ретіндегі ниетіңізді білдірген жан ретінде қабылданасыз.
Сыйлық аларда қыз-келіншектерге таңдаған секілді жігіттің мінезі мен жұмысы, өмір суру салты ең бірінші назарда болады.
Галстук. Ең көп силанатын сыйлық болып саналады. Жұмыста жетістікке жетуін, көп жиындарда ерекше көзге түсіп мәртебелі болып жүргенін қаласаңыз галстук сыйға тартыңыз.
Әтір. Күнделікті өмірге етене сіңісіп кеткен әтірдің қазіргі кезде көптеген түрлері бар. Жас жігіттерге, егде жандарға, іскер жандарға, спортпен айналысатындарға әр қалай таңдауға әбден мүмкіндік бар. Әтір сыйлар болсаңыз адамның мінез ерекшелігі мен өмір салтына баса назар аударыңыз.
Кітап. Барлық ер-азаматтарға сыйлана бермейтін сыйлық түрі. Оқу-білімді жанына серік еткен жан бұл сыйлығыңызды өзіне жасаған жақсылық ретінде қабылдап, сол кітапты көргенде сізді есіне алып отырады. Кітап таңдағанда сол ер-азаматтың қандай саланы қызығып оқитынын біліп алыңыз.
Жейде. Көп жағдайда ерлі-зайыпты болған кезде сыйлауға болатын сыйлық жейде көп жағдайда аса қызықты сыйлық бола қоймайды. Киімге аса мән беріп, үнемі киім ауыстырып жүретін жан ғана жейдені сыйлық ретінде бағалай алады.
Сағат. Жұмыста табысты болғанынды тілеймін деген мағынаны білдіреді. Сағат көбіне жігерлі, белгілі бір қызметпен жүрген жандарға сыйланады.
Бет орамал. Ізгі ниетіңіз бен таза жүрегіңізді білдіреді.
Сақина. Азаматтың мінез-құлқына қара таңдап берілетін сыйлық. Алтын сақинаға қарағанда күміс сақина ер адамдарға лайықты деп есептелінеді.
Алқа. Жастарға көп сыйланатын сыйлық түрі. Қазіргі заманның сән үлгісіне айналған. Сәнмен киініп жүретін азаматтарға болмаса қарапайым өмірді сүйетін, мінезі қарапайым жандарға бұл сыйлықтың ұнай қоймасы анық, яғни, бұл сыйлықтың өз адамдары болады деген сөз.
Киім түрлері. Өзінің қызығып жүрген, қолы жетпей жүрген киім түрін білмесеңіз, бұл сыйлық түріне көп жақындамағаныңыз жөн.
Қаламсап сыйлау қызмет дәрежесі жоғары жандарға таптырмас сыйлық. Қазіргі кезде қаламның әр түрлі бағадағы көп таңдауы бар. Сапасы мен дизайны керемет қалам таңдаңыз да өз қызметін жақсы көріп бағалай білетін жанға сыйға тарта беріңіз.

Қызығатын спорт түріне қатысты заттар. Футболдың жанкүйері болса, футболка, доп немесе ұнататын командасы түскен сурет, футбол тарихы туралы кітаптар, не футбол тақырыбында шығарылатын журнал түбіртегін сыйлауға болады. Дəл осы секілді етіп, басқа спортқа қатысты сыйлық түрлері сыйлығыңызды ерекше етері анық. Бокс жанкүйеріне бокс қолғап, баскетбол болса, доп немесе атақты баскетбол ойыншыларының суреті, осы секілді сыйлықтар бірқатар сыйлықтар қатарында ерекшеленіп көрінері анық.



Санат: Қазақша Қыздарға пайдалы кеңес жинағы » Қазақша Аналарға пайдалы кеңес жинағы | | 3 720
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .