Сөмке де сыр ашады


Сөмке арқылы да оның қожайыны туралы сырды білуге болады
Сөмке арулардың күнделікті өмірінде маңызды рөл атқаратын бұйым болып саналатынына ешкім таласпас. Қай жерге барса да қолдан түспейтін сөмке үлкен-кіші көлеміне түр-түсіне, сырт пішініне, арзан-қымбаттығына байланысты иесінің мінез-құлқынан хабар беріп тұрады.

Іскер бойжеткендердің сөмкесі – әрқашан тәртіп пен тазалық болады. Оның ішінде бірнеше қалам, күнделік, дәптер, планшет немесе смартфон, кітап таба аласыз. Мұндай ару өз-өзіне сенімді, батыл, мансап қуып, жетістікке жетуге ұмтылады, кәсібінде табысты болады.



Ұқыпты қыздың сөмкесінде – өмірдің кез келген жағдайы үшін қажетті заттар табылады. Ине мен жіп, дәрі, шұлықтар және тағы басқа майда ұсақ-түйектер. Бұл сөмкенің қожайыны ұқыпты, епті кез келген жағдайдан шығар жол таба алатын ару.

Романтикалық қыздардың сөмкесінің – ішінен табылмайтын зат болмайды. Әрі оның жартысынан көбі қажет емес, артық заттар. Кеше барған киноның билеті, оқылып қойған журнал және сол сияқты қажет емес дүниелер. Мұндай ару армандауды жақсы көреді, өмірге жеңіл қарайды.

Ұстамды қыздың сөмкесінде – артық нәрсе кездеспейді. Кілттер, телефон, әмиян сынды тұрмысқа ең қажетті заттар ғана салынатын сөмке өз иесін ұстамды, сабырлы, бойжеткен ретінде көрсетеді.

Тұрақсыз қыздың сөмкесінде – қажет емес заттардың көптігі сізді таң қалдырмай қоймайды. Ең қызығы, бұл сөмкенің қожайыны өз сөмкесінің қандай жағдайда екенін толық түсінбейді. Өмірінде де ол тұрақты емес. Сүйікті жандармен оңайлықпен айырылысып, жаңа таныстармен оңайлықпен қауышады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу