Мына қапшықтарды ешқашан тастамаңыз. Өйткені олардың құны алтыннан да қымбат

Мына қапшықтарды ешқашан тастамаңыз. Өйткені олардың құны алтыннан да қымбат

Мына қапшықтарды ешқашан тастамаңыз. Олардың пайдасы мол екенін білсеңіз, алтыннан да қымбат зат екеніне көзіңіз жетеді.


Жаңа аяқ киім сатып алғанда, қорабынан міндетті түрде ішінде белгісіз түйіршіктері бар қапшық табасыз. Олармен не істеу керек? Көп адамдар оны лақтырып тастайды. Алайда мына мәліметтен кейін сіз оларды лақтырмайтын боласыз. Себебі, ол қапшықтардың адам өміріне әкелер пайдасы көл-көсір.

Бұл қапшыққа кремний диоксиді толтырылған. Аталған зат ылғалды құрғату қабілетіне ие. Олар кез келген ылғалды өзіне сіңіріп алады.

Қапшықтарды қалай кәдеге жаратуға болады?

1. Орамалдарға арналған шкафтың ішіне қою керек
Егер қапшықтарды осындай шкафқа қойып қойсаңыз, аз уақыттан соң ондағы артық ылғалдан арыла аласыз.
2. Автокөлік терезесін артық буланып кетуден қорғайды
Егер бұл қапшықтарды автокөлік салонына қойып қояр болсақ, терезенің буланып кетуінен арылуға болады.
3. Өз телефоныңызды сақтап қаласыз
Егер сіз байқаусызда өз телефоныңызды суға түсіріп алсаңыз, онда оны осындай бірнеше қапшық салынған қораптың ішіне орналастырып көріңіз. Осылайша, ондағы артық ылғалдан құтыла аласыз.
4. Ескі суреттеріңізді сақтай аласыз
Уақыт өте келе ескі суреттер өзінің бастапқы қалпын жоғалта бастайды. Ескіріп, сарғайып кетеді. Осындай 2-3 қапшықты алып, оны суреттер салынған қорапқа орналастырсаңыз, осы проблемалардан құтыла аласыз.
5. Косметика мен ұстараңыздың қызметін ұзақ уақытқа сақтай аласыз
Иә, олар тіпті мұндай кәдеге де жарайды. Қапшықтарды косметика немесе ұстара салынған қораптың ішіне орналастырыңыз. Осылайша, олардың жарамдылық мерзімін ұзарта аласыз.

ФОТО: VMIRECHUDES.COM

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады