Қаржы | ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮРГІЗУ

 Қаржы | ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮРГІЗУ

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………..……………….…5
1. ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮРГІЗУ
1.1. Төлем карточкаларының шығарылуының мақсаты және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.....………………….…………………..9
1.2. Пластикалық карточкалардың жіктелуі…………….…………………..21
. ҚАЗАҚСТАНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Қазақстан Республикасында пластикалық карточкаларының пайда
болу тарихы………………………………………………….…………..……29
2.2. Қазақстан Республикасының төлем карточкаларының нарықтағы жағдайы……………………………………………………….…………...…..33
2.3. Пластикалық карточкалар бойынша «АТФ банкі» Акционерлік қоғамының жұмысының талдануы………………………….…………...….39
2.4. Қазақстан Республикасында пластикалық карточкаларды
қолданудың болашағы……………………………………….……………….43
3. ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТОЧКАЛАРДЫ ҚОЛДАНУДАҒЫ ШЕТЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ
3.1. Шетелдегі төлем карточкаларының нарықтағы жағдайы…….……....49
3.2. Ресейлік пластикалық карточкаларының нарықтағы жағдайы….…...57
3.3. Шетелдік және қазақстандық төлем карточкаларының нарығында салыстырмалы талдау жасау……………………………………………...…66
Қорытынды…………………………………………………………..……………69
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Бүгінгі күнде әлемде 200-ден астам елдерінде пластикалық карточканы төлем айналымында қолданады, жер бетіндегі миллиондаған тұрғындар пластикалық карточкаларды әртүрлі тауарларды сатып алу үшін пайдалынады, көптеген банктер Visa International, MasterCard/Europay International, American Express, Diners Club, JSB сияқты халықаралық ассоциацияларының мүшесі болу үшін күреседі, бұл фактілер пластикалық карточкалар «технологиялық революция» деп аталатын банк ісі мен халықаралық есептің маңызды элементі болып табылады, деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Тек қана платикалық карточкалар электрондық банкілік және халықаралық төлем жүйесінің кілттік элементін атқарады. Олар чек пен чектік кітапшаларды ақырындап ығыстыра отырып, индустриалды дамыған Батыс елінде ақша айналым ұйымының алдыңғы позициясына шықты.
Барлық пластикалық карточкалар, олардың жетілдіру дәрежесінен тәуелсіз маңызды ерекшелігі, оларда әртүрлі қолданбалы бағдарламаларда пайдаланатын белгілі бір ақпарат жиынтығы сақталынады. Карточка ғимаратқа жіберілу қызметін атқара алады, компьютерге ену құралы қызметін атқара алады, жүргізуші куәлігі қызметін атқарады, телефондық қызметімен пайдалынған үшін төлем ретінде және тағы басқа жағдайда пайданылады. Ақша айналым сферасында пластикалық карталар қолма-қол ақшасыз есеп-айырысу ұйымдастырушының прогрессивті құралының бірі болып табылады.
Соңғы жылдары несиелік карточкаларды шығаруда әртүрлі мемлекеттердің ұлттық компаниялар кең халықаралық торының бөлігіне айналды. Солай етіп, пластикалық карточкаларының көпшілігі кеңінен тек қана ішкі емес, сонымен бірге халықаралық есеп-айырысумен төлем операцияларында қолданылуға болады.
Пластикалық карточкаларының қолданылуы қолма-қол ақшасыз айналымының дамуына мәнділік әсер етеді, шығындарды азайтады. Одан басқа да қасиеттері бар: айналым мен пайданың өсуі; бәсекелестікке қабілеттіліктің және банктің, бөлшектеп сату мекемелерінің, карточканы қабылдайтын басқа ұйымдараның беделінің көтерілуі; төлем кепілдігінің болуы; жұмыс орындарының жұмыспен қамтылуының өсуі , мысалы, шетел туризмі саласында және тағы басқа қасиеттері бар.
Электрондық пластикалық карталардың тағы бір ерекшелігі мәнділік қарапайымдылығы және халықаралық төлемдерінің өту процессінің тезділігі, олар телекоммуникациялық байланыстараының барлық уақытта қолдануын талап етпейді.
Осындай карточкалармен есеп-айырысу орталық компьютердің дұрыс істей алмай қалған немесе басқа жағдайда, тоқтап қалмайды.
Осы және басқа әртүрлі бағытталған себептерді есепке ала отырып, микропроцессорлы карточкаларды қолдану тиімділігін аңықтау дәл қазіргі уақытта өте күрделі.
Сонымен бірге экономистердің есептеуінше, осы карточкалардың болашағы бар, өйткені техника мен технологияның дамуы жылдан жылға оның енгізуіне шығындарды азайта отырып, қазіргі ультра жобаларды қолдану мүмкіндігін кеңейтеді.
Осы дипломдық жұмыстың өзектілігі пластикалық карточкалардың Қазақстан Республикасының банктік қызмет нарығында жаңашылдық болып табылуы, сондықтан мен өзімнің дипломдық жұмысымды жазу үшін осы тақырыпты таңдадым.
Қазақстан Республикасының банктік жүйелерінің дамуында және нарықтық экономикаға өту жағдайында, коммерциялық банктердің алдында шығындарды азайту статьясын мәселесі, пайда бөлігін халықаралық стандарт деңгейінеде неғұрлым кең қызмет спектріне жеткізу жолымен көбейту мәселесі тұр. Ұқсас қызметтерді жеткізудің бір жаңа түрі пластикалық карточкаларды сауда және сервис саласында қолдану, қолма-қол ақшаны банкомат арқылы және қолма-қол ақшаны беретін пунктерден алу.
Төлем карточкасы қаржы құралы ретінде барлық уақытта дамып отырады, оны қолдану ортасы ұлғаюда, оны қолдану арқылы көрсетілетін қызмет комплексі кеңеюде. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесінде олар дебеттік сияқты, несиелік құралдар қасиетін ие бола алатын төлем қаруының ерекше тобын құрайды.
Қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдалану, мемлекеттік және коммерциялық қаржы құрылымдарына шектен тыс қымбатқа түседі. Айналымға жаңа банкноттардың шығарылуы, ескілерді айырбастау, қызмет етуші персоналдардың көп бөлігін ұстап тұру, қатардағы клиенттердің көп уақытын жұмсалуы, ыңғайсыздық - бұның барлығы мемлекет экономикасына ауырлық салмағымен жатады. Қолма-қол ақша айналымы мәселесінің бірден-бір мүмкінболатын ең перспективті тәсілінің шешімі – бұл қолма-қол ақшасыз есеп-айырысудың тиімдісі автоматталған жүйесін құру. Эксперттік баға бойынша, ондай жүйе қолма-қол ақша айналымының бірден үш бөлігіне дейін қысқартуын қамтамасыз етуі мүмкін.
Осы жұмыстың мақсаты қазақстанның пластикалық карточкалар нарығын зерттеу болып табылады: қазақстанның пластикалық карточкалардың пайда болу тарихы, жалпы пластикалық карточкаларының не екендігі туралы, пластикалық карточкалардың қалай қызмет ететіндігі жайлы, оның мемлекет экономикасы үшін қандай маңызы бар екені, пластикалық карточкалардың шетелде, Ресейде және Қазақстан Республикасында қолданылу ерекшелігі.
Факторлар қатарынан қарастыра, алдымызда келесі міндеттер тұр: пластикалық карточкаларының қазақстандық нарығын, бұл нарықтың оң және теріс кезеңдерін көру үшін, неғұрлым толықтай зерттеу және бұл мәліметтерді талдай отырып, пластикалық карточкалар сияқты жаңа өнімнің ұлттық нарығын дамытуға тырысу.

Осы тақырып бойынша теориялық , бұдан практикалық материалдар аз, бірақ мен тапқан барлық ақпараттарды өзімнің дипломдық жұмысымда толық көрсетуге тырыстым.
Осы дипломдық жұмыстың нормативті-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің ережесі, АҚ “АТФ банкісінің” нұсқаулық материалы болып табылады. Сонымен қатар оқу-әдістемелік әдебиеттер, «Қазақстан банкілері», «Карточкалар әлемі», «Банктік технологиялар» журналдары, «Время», «Новое поколение» газеттері және тағы басқа әдебиеттер пайдаланылды.
1 ТАРАУ. ПЛАСТИКАЛЫҚ КАРТАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖҮРГІЗУ
1.1. Төлем карточкаларын шығару мақсаты, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Төлем жүйесінің негізгі қатысушылары.
Халықаралық электрондық есеп беру жүйесінің қызмет ету механизмі пластикалық картаны қолдануда негізделіп құрылған және банкомат арқылы жүзеге асырылатын сауда ұйымдарында тұрғындардың электрондық жүйе арқылы есеп айырысуы, ұйымдардың халықаралық электрондық жүйе арқылы есеп айырысуы, үйде және жұмыс орындарында клиенттерге банктік қызмет ету жүйесін, өзіне тән операцияларды қоса енгізеді.
Ақша айналымы ортасында пластикалық карточканың маңызды ерекшелігі, төлем карточкасының қолма-қол ақшасыз есеп айырысу ұйымдастырушының бірден-бір үдемелі құралдарының бірі боп табылады.
Пластикалық карточкаларының қолдануында, төлем жүйесінің қатысушылары үшін өзінің мақсаттары, артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Пластикалық карточкаының шығарылу мақсаты әртүрлі болуы мүмкін:
- клиенттерге есеп айырысу үшін неғұрлым тез және қолайлы болуын ұйымдастыру;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда қолданылатын көлемді азайту, сондықтан операция құның төмендету;
- жаңа клиенттерді тарту және бұрынғы клиенттерді «қосып алу»;
- бәсекелестерден қалмауға тырысу;
- жаңа, неғұрлым үдемелі «қағазсыз» технологияны жетілдіру;
- клиенттердің басымдылығынан орталық банк офисын немесе компанияны жеңілдету;
- пластикалық карточкалар арқасында компанияның немесе өзінің банкісін жарнамалау және беделін көтеру, оларды клиенттер қолдана ғана қоймайды, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік статусын және тағы басқа белгісі ретінде пайдаланады.
Клиенттер үшін карточкалардың тартымды болуы келесіде:
- бір жағынан тәуекелділіктің төмендеуі (өзімен бірге үлкен сомада ақшаны ұстап жүрмеуге болады), басқа жағынан - сатып алу төлемін дер кезінде төлеу;
- валютаны айырбастау туралы ойламауға болады. Бұны банк жасайды, ол солай жасайды, магазинде айырбастау курсымен және банк жүзеге асыратын конвертация бойынша курсының арасындағы айырмашылығында клиентке тиімділік пайдамен;
- бюджетті бақылау мен жоспарлау қатал тұрғызылады;
- карточканы жоғалтқан жағдайда ол бойынша барлық есеп айырысулар тез арада тоқтатылу үшін, банкіге тек қана хабар берудің өзі жеткілікті;
- банкіге ақша қаражаттарын салуда (ереже бойынша, кейбір ақылдасқан соммадан жоғары орта қалдыққа), проценттерді алуға болады;
- беделділік (әсіресе, карточкалар әлі де ортақ қолданыла қоймаған мемлекеттерде), қаржы ортасында қолданылатын, қазіргі техникалық құралдармен қолдана білуді куәләндырады;
Несиелік карточкалардың кемшілігі клиенттер үшін ең алдымен, ол өтеуге міндетті шығындармен байланысты:
- карточканы қолдануға беретін қолайлық үшін, төлеуге тура келеді;
- карточкаларды басқа сауда ұйымдарында және қызмет көрсету орталары мен барлық магазиндерде қабылдамайды (әсіресе бұл жолға енді тұрып жатқан елдерде).
Магазиннің артықшылығы келесіден тұрады:
- әсіресе көп жағдайлы клиенттерді тартуға болады және тауар айналымын көбейтуге;
- ақшаны айырбастауды және инкассолауды ойлаудың қажеті жоқ;
- қауіпсіздік мәселесі неғұрлым қарапайымды (чектер-«слиптер» карточка иелерінің қолы қойылған, яғни олар магазинде қалады және есеп-шотына ақша түсетінің білдіреді, ұрылар үшін қызығушылық тудырмайды);
- қолында карточкасы бар адам, қолма-қол ақшасы бар адамға қарағанда, сатып алуды іске асыруға неғұрлым бейім;
- магазиннің рейтингі, беделі көтеріледі;
Сонымен бірге магазинге кейбір қосымша шығындарға баруға тура келеді:
- белгілі бір күрделікті карточкалардың авторизациялық процессі көрсету мүмкін, осы карточканың қызмет көрсетуші эмитентінің процессинг орталығымен жалпы ара қатынасы;
Банк келесі ой-пікірлерден қарастыра карточкамен жұмыс жасауға ықыласты:
- олар тартылған ресурстардың көлемін көбейтуге мүмкіндік береді, біріншіден, карточканың иесі банктегі өзінің арнайы есеп-шотына салуға міндетті сомма қарастырылады. Екіншіден, бұл «карточкалық» операциялардың ұдайы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін банктер қолданылатын сақтық депозиттері болу мүмкін;
- карточкамен операция өткізумен (сатып алу, қолма-қол ақша шешіп алу, айырбастау) банк ережесі бойынша, клиент карточканың өзін алу үшін төлейді;
- төлем айналымынан тек қана қолма-қол ақшаны ғана емес, сонымен қатар чектерді ығыстыруда жалпы-әлемдік тенденция есебімен банктің бәсекелестік потенциалы көтеріледі, инновациялық процесстерінде қатысушы ретінде банктің беделі өседі.
Карточкалық саудасының, онша жағымды емес жағын жалпы алып қарасақ, онда банк үшін ол өте үлкен шығынмен байланысты, әсіресе басында карточкамен жұмыс істеу (жұмыс істеп тұрған жүйеге кіру немесе жеке процессинг орталығын ұйымдастыру, техникалық және бағдарлама қамтамасыз етуге шығындары, магазиндермен байланыстарды жұмыс қалпына келтіру және ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!