Есеп және аудит | Қазақстан Республикасының қолма қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру

  Есеп және аудит  |  Қазақстан Республикасының қолма қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру

Мазмұны

Кіріспе

1. Қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастырудың теориялық негізі
1.1 Есеп айрысулардың мәні және олардың жіктелуі
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі
1.3 Қолма-қолсыз есеп айрысу құралдары мен формалары

2. Қазақстан Республикасының қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәжірибесін талдау
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі
2.2 Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің қызметін талдау

3. Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары
3. 1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту
3.2 Банктің электрондық қызметін жетілдіру

Қорытынды
Пайдаланылған әдебитетер тізімі
Қосымшалар

ХХ ғысырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуды. Төлем жүйесін реформалау қолма қолсыз есеп айрысуларды тиімді және қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.
Кеңестік дәуірде негізі қалыптасқан қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесінің бүгінгі нарықтың талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Бұл төлем жүйесі сенімді және тиімді емес болатын. Орталықтан жоспарлау жүйесі тұсында төлемдерге мемлекет тарпынан кепілдік берілсе, нарықтық қатынастар жағдайында ең басты мәселе уақтылы төлемдерді жүзеге асыруға келіп тірейді.
Қазақстан ұлттық валютасын енгізген күнен бастап өзінің төлем жүйесін құруды қолға алды. Бұл жолда ҚР Ұлттық банкі тарапынан күрделі реформалау жүзеге асты.
Төлем жүйесі кез келген мемлекеттің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйедеге жүргізілген реформаларға басты себеп 90-жылдың басындағы жаппай төлем дағдарысы ықпал еткен болатын.
Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйесі Еуропалық Одақтың стандартына жақын болып келеді. Бұл жерде өзекті мәселе ретінде жаңа төлем құралдарын тәжірибемізге енгізу және банктің есеп айырысумен байланысты жаңа қызметтерін дамыту сұрақтары әлі де болса толық шешілген емес. Сондықтанда таңдап алынған зерттеу жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады.
Бітіру жұмысының басты мақсаты – төлем жүйесінің қалыптасу мен іске асырылуының теориялық және әдістемелік аспектілерін оқып біле отырып, қолма-қолсыз есеп айырысуды одан әрі дамыту жолдарын зерттеу.
Зерттеу жұымысың міндеттері төмендегідей:
- есеп айырысу ұғымын және оның жіктелуін қарастыру;
- қолма-қолсыз есеп айырысудың мазмұны мен оны ұйымдастыру принциптерін айқындау;
- Қолма-қолсыз есеп айырысудың қазіргі формалары мен құралдарын нақтылау;
- ҚР-ғы төлем жүйесінің қызмет етуін талдау;
- Қолма-қолсыз есеп айырысуларды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісіне ҚР қолма-қолсыз есеп айырысулар немесе төлем жүйесі жатады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін төлем жүйесі, соның ішінде қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесіне қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, бен ісін ұйымдастыруға қатысты заңнамалар мен өзге нормативтік актілер, шетел тәжірибелері, статистикалық мәліметтер, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің есептік материалдары құрайды.

1. Қолма-қолсыз есеп айрысуларды ұйымдастырудың теориялық негізі

1.1 Есеп айырысу операцияларының мәні және олардың жіктелуі

Есеп айырысу операциялар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
Есеп айырысу субъектілеріне қарай:
- банктік емес секторлар (шарушылық субъектілері) арасындағы банктер арқылы есеп айырысулар;
- жеке сектор - үй шарушылықтарының банктер арқылы есеп айрысулары;
- банктік сектор - банкаралық есеп айырысулар.
Есеп айырысу объектілеріне қарай:
- тауарлы операциялар бойынша есеп айрысулар;
- бюджет және басқа бюджеттен тыс қорлармен аударымдар;
- банк ссудалары, вексельдері және басқа да міндеттемелері бойынша төлемдер.
Есеп айырысу аумағына қарай:
- Мемлекет ішіндегі есеп айрысулар, соның ішінде:
бір қаланың ішінде;
қаладан тыс жерлерде, аудандарда, ауылда және т.с.с.
- Мемлекет арасында (халықаралық) есеп айырысулар.
Есеп айырысу уақытына қарай:
- сауда операциясы басталғанға дейінгі (аванстық) төлемдер;
- мәміле жасалған соң, мерзімді төлемдер;
- коммерциялық несие шартында, яғни мәміле жасалған соң белгілі бір уақыттан кейнігі төлемдер;
- мерзімінен бүрын, яғни келіскен мерзімге дейін;
- ашық шот бойынша (жоспарлы), яғни тауарларды алған сайын үздіксіз төлемдер;
- мерзімі кейінге қалдырылған, яғни бастапқы белгілен мерзімін ұзарту жолымен;
- мерзімі өтіп кеткен төлемдер, яғни төлем уақыты кешіктірілген.
Есеп айырысу жүйелеріне қарай:
- пошта байланысы арқылы;
- телеграф-телетайп байланысы арқылы;
- телефон байланысы арқылы;
- электрондық байланыстар арқылы;
- SWІFT (Дүниежүзілік банкаралық телекомуникация қоғамы) жүйесі арқылы
Есеп айырысу формаларына қарай:
- Қолма-қолсыз аударымдар (банктік), соның ішінде:
кредиттік;
дебеттік;
ашық шот арқылы;
аккредитив;
инкасо.
- Қолма-қол ақшалар (банкнота және монеталар) арқылы;
Есеп айырысу тәсіліне қарай:
- толық есеп айрысулар;
- жартылай есеп айырысу;
- өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу (клиринг) арқылы есеп айрысулар.
Есеп айырысу құралдарына қарай:
- Кредиттік аударымның құралдарымен есеп айырысулар, соның ішінде:
төлем тапсырмасымен;
Дебеттік аударымдар құралдарымен есеп айырысулар, соның ішінде:
- төлем талап-тапсырмасы,
- чек,
- вексель,
- инкассалық өкімдер;
- Аралас құралдар арқылы есеп айырысулар, яғни бірде дебеттік, бірде кредиттік аударымдар түрінде болатын: аккредитив, пластикалық карточкалар, банктік аударымдар және т.б.
Есеп айырысу шамасына қарай:
- ірі төлемдер;
- үсақ төлемдер;
Есеп айырысу кезектілігіне қарай:
- жалақы, бюджет, сақатандыру және т.с.с. төлемдер;
- материалдық құныдылықтар үшін төлемдер;
- ссудалар үшін төлемдер;
- сот шешімі бойынша төлем құжаттарымен есеп айырысулар.
Отандық банк тәжірибесінде банктердің есеп айырысу-кассалық операциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
- банктік шоттар ашу;
- ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
- алдағы уақытта валюталау күні қойылуға тиісті, ұлттық валютадағы аударым операциялары;
- төлемнің шартын өзгерту не қайтару;
- валюталық операцияларға бақылау жасау;
- шоттың архивін беру;
- шоттан қолма-қол ақша беру;
- ұсақ ақшаларды ірілеп беру;
- банктен кеңсеге дейін немесе керісінше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;
- құндылықтарды жеткізіп беру.
Отандық банктер есеп айрысу операцияларын ұйымдастырушылар болып табылады


1.2. Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру қағидалары

Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
• өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
• ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
• банк несиелерін алу және қайтаруда;
• бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
• халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
• басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі-бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі – бұл қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастыру мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;
Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930-32 жылдары несиелік реформа барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне толық сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне қызмет еткен. Ол жүйедегі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы келісім-шарттық міндеттемелерінің орындалуы үшін экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді.
Бұл қағидалар, әсіресе мыналарға қатаң қарайды:
• төлеу орыны – банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болды;
• төлеу уақыты - өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тиым салынды;
• төлеушінің келісімі (акцепт) – төлеудің негізіне жатты;
• төлеу көзі – сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
• қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы кері әсер етті.
Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.
Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау үшін шоттар ашылады. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі бірінші қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі - бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді.
Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің іс-әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма-қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандағын айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың келесі қағидасы- нарық субъектілерінің қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларын таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісім шарттарында бекітуді көздейді.
Бұл қағидасы меншік формаларына байланыссыз кез келген нарық субъектілерінің келісім шарттық және есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырудағы бұл қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды. Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде көрінеді.
2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының N 266 бекітілген “Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы” нұсқаулыққа сай төлеушінің төлем операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы байқалады себебі, барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді. Бұл шарт ел экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес келеді.
Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:
1.) төлемнің мерзімділігі;
2.) төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы - шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында, ұжымдық шарттарда және ҚР Қаржы министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты қалаған уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.
Мерзімді төлем төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
• сауда-саттық операцияларының басталуына дейін, яғни жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни аванстық төлем түрінде;
• сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің төлем тапсырмасы арқылы;
• сауда-саттық операциясын аяқтағаннан кейін, біршама уақыттан кейін - қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы коммерциялық несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдерде кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер – бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер – бұл көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы - бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. ´тімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші класстық өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік қаражатарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары жатады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары болады (оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде). Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.
Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады