Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Ақша қаражаттары есебі мен аудиті

Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  | Ақша қаражаттары есебі мен аудиті казакша Дипломдық жұмыс:  Есеп және аудит  | Ақша қаражаттары есебі мен аудиті на казахском языке

Мазмұны

Кiрiспе………………………………………………………………………....

1-тарау Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде………………………………………………………………………….
1.1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы ……………………...........
1.2. «Оптика» АҚ жалпы эконмикалық сипаттамасы және есеп саясаты………………………………………………………………………....

2-тарау Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру . ………………........
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….......
2.2.Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………….....
2.3.Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….....
2.4.Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….........

3-тарау Ақша қаражаттары есебiнiң аудитi……………………………........
3.1. Ақша қаражаттары есебi аудитiнiң мақсаты мен мiндеттерi…….........
3.2.Касса операцияларының аудитi………………………………………….
3.3. Есеп айырысу шоттарының аудиті..........................................................

Қорытынды ......................................................................................................
Қолданылғын әдебиеттер тізімі .....................................................................
Қосымша

Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінедгі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.
Қаржы – несие институттары мен операциялардың қайта бағытталуына, кәсіпорындар өзара қатынас жүйесінің өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есеп және есеп беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп, басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылғандықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есептің ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.
Бұл дипломдық жұмыс ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, бухгалтерлік есепті түсініп, оны игеруге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тарау халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибесіне сәйкес келеді. Дипломдық жұмыс қолданыстағы заңдар мен нориативтік базаларға сәйкес жазылады.
Нарықтық реформалар нәтижесінде отандық экономиканың түпкілікті өзгеруі іскер адамдардың – кәсіпкерлер, менеджерлер, қаржы қызметкерлерінің жұмысына маңызды өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді қажет етіп отыр. Бұл мамандардың көнеден келе жатқан бөлігі – бухгалтерлерге де тікелей қатысты.
Әрбір кәсіорын шаруашылығының нәтижесінің көрсеткіштерін бір жүйеге келтіріп есепке алатын бухгалтерлік есеп анықталады. Шарушылық есептің негізгі мақсаты, сол құбылыстар нәтижесінің көрсеткіштерін топтап талдау жасап, олардың өзара бір-бірімен қандай байланыста екенін анықтап қорытынды жасау болып табылады. Одан ары осы анықталған шаруашылық есеп көрсеткіштерінің адамзат қоғамының, өндіріс шаруашылығының өсіп-даму жолында қандай әсері бар екенін негізге ала отырып, сол есеп көрсеткіштерін тиімді әдіспен шаруашылықты басқаруға пайдалану болады.
Шарушылық есептің мазмұнының негізін құрайтын – бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік есеп экономикалық ғылымдар ішінде бөлек ғылыми сала. Осы орайда, қоғамдық өндіріс процестері бухгалтерлік есепке алынатын бір тұтас тұлға деуге болады. Өйткені бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің даму жолында жүйелі көрсеткіш – мәлімет ретінде қажет. Себебі, бухгалтерлік есеп болмаса, қоғамдық өндірістің өсіп дамуы мүмкін емес. Бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу. Осымен бухгалтерлік есеп бұл ұйымның меншіктік капиталы, активтері, міндеттемелері және қызмет ерекшеліктері туралы ақпараттарды, оны әр түрлі пайдаланушылардың: меншік иелерінің, инвесторлардың, банктердің, бақылаушы органдардың, акционерлердің және тағы басқа қолдануы үшін жинаудың, өңдеудің және берудің тәртіптелген жүйесі.
Есеп тізімдемесі, журналдарда, ведомостарда, бастапқы құжаттарда шаруашылық операцияларын жаппай, үздіксіз құжаттық негізделген түрде көрсету тәсілі негізінде жасалады.
Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің жүйесін құруды реттейтін құқықтық нормативтік актілер төрт деңгейді білдіреді.
1. «Бухгалтерлік есеп туралы» 26.12.95 жылы №2732 Заң күші бар Жарлық
2. Бухгалтерлік есептің стандарттары және 18.11.2001 жылы №6 Шоттардың бас жоспар – ұйымдарға шаруашылық операцияларды есепке алуда балама нұсқаларды көрсетуді білдіретін шаруашылық операцияларды есепке алу тәртібін анықтайтын ресми қағида.
3. Уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі бухгалтерлік есеп және аудит Департаменті бекітетін нұсқаулықтар, ақыл-кеңестер, нұсқаулар, басшылықтар, мұнда ұйымнан салалық тиістілігіне, мөлшеріне және өндіріс үлгісіне және басқа факторлеріне байланысты есепті ұйымдастырудың нұсқаулары ұсынылады.
4. Жоғарыда аталған құжаттарда ұйымның нақты қызмет ерекшеліктерін ескере отырып анықталған тәсілдерге қағидаларға және қағидаттарға негізделеген нормативтер мен нормалардың жүйесі, нұсқаулар, нұсқаулықтар, ережелер, бұрықтар, мұны ұйымның басшысы немесе оның меншік иесі келесі есепті жылға жасап, бекітеді.
Қазіргі таңда ақша қаражаттар есебіне үлкен көңіл бөлінеді. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердіңтұрақты жүріп отыратын ақша қаражаттар айналымына байланысты. Өйткені барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарлы-материалды қорларды, шикізаттарды, қызметтер мен жұмыстарды сату және сатып алу арқылыөз жұмыстарын атқарады.
Ақша қаражаттар есебінің негізгі мақсаты: толық және шынайы ақпаратпен ішкі қолданушыларды қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепте ішкі және сыртқы қолданушыларға бақылау үшін қажет. Операциялар жүргізілген кезде Қазақстан Республикасының Заңдарының сақталуы және ақша қаражаттарының мақсаттылы қолданылуын қамтамасыз етеді.
Осы жоғарыда айтылғанның бәрі дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға әсер етті. «Ақша қаражаттар есебі мен аудиті» оқулықтар мен «Оптика» Акционерлік Қоғамының мәләметтеріне сүйене отырып жасалынды.
Бұл дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері:
- ақша қаражаттарына жалпы сипаттама беру;
- есеп айырысудың нысандарын анықтау;
- «Оптика» Акционерлік Қоғамына экономикалық сипаттама беру;
- кассадағы қолма-қол ақша есебінің қалай жүргізілетінін көрсету;
- есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша есебінің қалай жүргізілетінін көрсету;
- валюта шотындағы қолма-қол ақша есебінің қалай жүргізілетінін көрсету;
- ақша қаражаттар есебі аудитінің мақсаты мен міндеттерін анықтау;
- касса операцияларының аудитін қарастыру;
- банк операцияларының аудитін қарастыру;
- «Оптика» Акционерлік Қоғамының ақша қаражаттар есебі талдауын жүргізу.

1-тарау Ақша қаражаттарының есебi бухгалтерлiк есеп нысаны ретiнде

1.1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле бойынша шартты түрде пайдаланылады. . Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалардың арасындаесепайырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары_бұл банк пен клиенттер арасындағы келісімшарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар - банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаржаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаудан сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттің салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгіленген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінң органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк – алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, авнстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10күн бойы күшінде болады. Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі дана да толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да , оның электрондық көшірмнсі бенефициярға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын – (№1 қосымша) толтыру кезінде келесі реквизиттері көрсетіледі:
• төлем тапсырмасының нөмірі;
• төлем тапсырмасының жазылған күні;
• жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
• жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
• бенефициардың коды және жіберушілердің коды – бұл кодтар екі символдан тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
• бенефициар – аудару жаслған кезде ақша қражатын алушы;
• банк-алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
• бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
• төлем тапсырмасының жазылған күні;
• жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды;
• жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
• бенефициардың коды және жіберушілердің коды – бұл кодтар екі символдан тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
• бенефициар – аудару жаслған кезде ақша қражатын алушы;
• банк-алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
• бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
• жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген банктік коды – филиаларалық айналымдарының коды;
• төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан тұрады;
• бюджеттік классификациясының коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
• валюттелген күні - ақша қаражатын бенефициардың банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді. Шаруашылық жургізуші субъектілердің арсындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылыды: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.
Субъктілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатындығы көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Ақша қаражаттары есебі мен аудиті жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Есеп және аудит дипломдық жұмыстар, Ақша қаражаттары есебі мен аудиті, дипломдык Ақша қаражаттары есебі мен аудиті жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жобалар Е, Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Ақша қаражаттары есебі мен аудиті дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін