Экономика | Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау

 Экономика | Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................................................5

1. Компанияның ақша қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері.
1.1 Кәсіпорын қаржысы және оны басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктері................................................................................................................8
1.2 Ақша қаражаттарының мәні мен түрлері......................................................15

2. Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау («Қазпочта» акционерлік қоғамының мысалында»)
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сипаттамасы.................................24
2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғам қаржысын басқару механизмін талдау...........................................................................................................................38
2.3 Қаржыны пайдалану тиімділігін бағалау........................................................47

3. «Қазпочта» акционерлік қоғамының қаржысын басқаруды жетілдіру жолдары......................................................................................................................54

Қорытынды................................................................................................................63
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................................6

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің экономикасында басыңқы орынды түрлі саладағы өнеркәсіп кәсіпорындары алады. Елімізде қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарының дамуына көп мән берілетіндігіне қарамастан, өндіруші өнеркәсібінің салалары Қазақстан Республикасының экономикасының өсуіне айтарлықтай үлес қосуда.
Елде экономика саласындағы жинақталған ғылыми-техникалық әлеуеттің құнды элементтерін жоғалту қаупі өсті. Өнеркәсіп өндірісіндегі құлдырау мен инвестициялық белсенділіктің қысқаруы, төлем жүргізу дағдарысы мен бағалардың инфляциялық өсуі жағдайында кәсіпорындардың қаржылық жағдайы ауыр халге ұшырады.90-жылдардың аяғына қарай экономика саласының жақсаруымен Қазақстанның өнеркәсіп өсуінің үлесі өсе бастады, әсіресе бұл соңғы жылдары байқалды.
Осы бағыт Президенттің халыққа жолдауында, яғни ел экономикасының өнеркәсіп саясатына арналған 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық стратегиясынан көрінді. Қаржының құрылу процесі мен қаржыландыру көздерінің мәселесі нақтылы микро деңгейде елеулі маңыздылыққа ие болды.
Шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы, төлемқабілеттігіне жету үшін қаржы ресурстары болуы қажет және оларды құрудың жетілдірілген тәсілдерін қолдана отырып, жүйелі түрде көбейту қажет.
Сыртқы қаржылық ресурстарды тарту үшін әлеуетті табысты және инвесторларға тиімді кәсіпорындардың дамуы аса қажетті болып табылады. Сондай-ақ бұл жердегі тұрақты дамудың шарттарының бірі меншікті қаржы ресурстарының жеткіліктігі және кәсіпорынның қаржы ресурстарын құрудағы қаржы рыногының құралдарын қолдану мүмкіндігі болып табылады.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметін сыртқы қаржыландырудың түрлі жолдары бар, бірақ солармен қатар ішкі қаржыландыруды да жетілдіру қажет. Акционерлік қоғамға айналған және мемлекеттік емес нысанға негізделген көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары қаржы қаражаттарының қажеттілігін ұғынуда. Инвестицияларды қаржыландырудың қысқаруынан, яғни қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен мәжбүрлі тоқырау пайда болады. Осыған сәйкеc Қазақстандағы шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайында кәсіпорынның қаржы ресурстарын, қаржысын құру мен оларды онтайлы басқару мәселесі өте күрделі.
Қаржы қызметінің басты мақсаты - кәсіпорынның және өндірістің тиімді дамуы және максималды табыс ету үшін қаржы-қаражаттарын қашан, қалай және қайда пайдалануды шешу. Рыноктық экономика жағдайында өмір сүру және кәсіпорынның банкротқа ұшырауын болдырмау үшін, қаржыларды қалай басқару керектігін, капитал құрамы мен білім беру көздері құрылымының қандай болу керектігін, қарыз және меншікті қаражаттардың қанша бөлігін алатынын жақсы білу керек.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайындағы Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының қаржысының құрылуын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру және мұңдағы оңтайлы жолдарды анықтау.
Осы жұмыстың негізгі мақсаты, зерттелетін кәсіпорынның ақша қаражатын басқару тиімділігіне анализ жасау. Компанияның ақша қаражатын басқаруды жетілдіру бойынша кеңес беру және оларды жүзеге асыру. Дипломдық жұмыстың мақсатына жету келесі міндетті мәселелерді шешуді қарастырады:
- шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайындағы кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызмет етуінде қаржының мазмұны мен ролін зерттеу;
- оңтайлы жолдарды қолдана отырып, кәсіпорындардың қаржылық әлеуетін көтерудегі негізігі қаржылық құралдардың маңыздылығын түсіндіру;
- қазіргі кездегі «Қазпочта» АҚ-ң мысалында ақша қаражатына талдау жүргізу.
- кәсіпорын қаржысын құруды жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу.
- кәсіпорындарының қаржы ресурстарына талдау жүргізу.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржысын басқарудың теориялық негізі берілген және бұл басқарудың принциптері бөлініп көрсетіледі. Екінші бөлімінде зерттеліп отырған «Казпочта» кәсіпорнына мінездеме беріледі, дипломдық жұмыстың тақырыбымен байланысты кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері көрсетіліп, есеп айырысулар жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша қорытынды қалыптасады және үшінші бөлімде басқару бойынша берілетін кеңестер дәлелденді. Қорытынды бөлімінде «Қазпочта» АҚ-ның қаржысын басқарудың жетілдіру жолдарына ұсыныстар берілді..
Ақша қозғалысына аудит және талдау жүргізу әдістерін зерделеу және ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жолдарын анықтау. Осы мақсатты ескере отырып дипломдық жұмыстың негізгі міндеттері ретінде келесілерді атап өтуге болады:
- қаржылық есептіліктің аудитті жүзеге асырудағы және қаржылық жағдайды талдаудағы ақпараттық базасы ретіндегі мәнін ашу;
- ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің қаржылық есептілік құрамындағы орнын негіздеу;
- нақты кәсіпорын мәліметтерінің негізінде, ақша қаражаттары қозғалысына аудит жүргізу тәртібін ашып-көрсету;
- ақша қаражаттары қозғалысына талдау жүргізу әдістерін зерттеу;
- Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті талдау әдістерін меңгеру және олардың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін дайындау.
Зерттеу пәні. Компанияның ақша қаражаттарын басқару үдерісі жатады.
Зерттеу объектісіне « Қазпочта» Акционерлік қоғам ақша қаражаттарына талдау жасау.
Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде «Қазпочта» акционерлік қоғамға арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, қоғам қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, «Қазпочта» акционерлік қоғамның есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ қоғамның активі мен пассивін басқару жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – компанияның ақша қаражаттарының қазіргі кезде мекеменің өзбетінділігінің, экономикалық және заңды жауапкершілігінің, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мағынасының кенеттен артуымен, кәсіпорынның қаржысын рационалды басқару рөлінің артуымен байланысты анықталады
Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, аудит пен талдауды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар, методикалық нұсқаулар, арнайы әдебиеттер, зерттеліп отырған мәселе бойынша шетел және отандық экономистердің ғылыми еңбектері қолданылды. Зерттеу монографиялық, экономика-статистикалық тағы басқа әдістер негізінде жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы.Дипломның құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, және 10 кесте, 4 суреттен тұрады.
1. Компанияның ақша қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері

1.1 Кәсіпорын каржысы және оны басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қаржы - ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің біріңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.
Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады, мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде калыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70-80 %-і салық түсімдері есебінен күралады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері: бөліп-тарату, бақылау.
Қаржының бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп-тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек, ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.
Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан түрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда кұрылады.
Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар: бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулердегі қаржы көрсеткіштері, қаржылай ықпалдар.
Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық-жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорынды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі рыноктық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т.б.) жүзеге асырылады.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері: қаржылық-шаруашылық қызметтегі дербестік, өзін-өзі қаржыландыру және басқару, жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік, қол жеткен нәтижелерді еселей түсу, қаржы резервтерін жасау, қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау, мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау, кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау жасау. Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланыста болады:
- контрагентпен алғашқы табыстарды калыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде кұру және пайдалану (жарғылық капиталы,өндірісті дамыту қоры, көтермелеу (ынталандыру) қорлары және.) жөнінде;
- кәсіпорындармен - қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім-шарт міндеттерін бүзған жағдайда айыппұлдар төлеттіру және төлеу, әр түрлі пай жарналарын (үлес) енгізу, бірлесіп тындырылған қызметтерден түскен пайданы бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде дивидендтер алу.);
- өнімді түгынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды, өзінің өнімдері мен қызметтеріне қарай бағаны қалыптастырады және жеткізушілердің баға негіздерін де бағдарлайды;
- сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;
- банктер жүйесімен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
- мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану. Ақша қатынастарының бұл бағыттағы жұмысы бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға әр түрлі салықтар, алымдар, жарналар жүйесін
енгізу арқылы жүргізіледі;
- бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде "тікелей" және "көлденең" өзара байланыста болуы [8].
Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұнын құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістің жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.
Қаржы механизмі - бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі бес элементтердің жиынтығы: қаржы әдістері, қаржы тетіктері, құқықтық қамтамасыз ету, нормативті қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржы әдістері - бұл қаржы қатынастарының шаруашылық процестеріне ықпалы, яғни тигізетін әсері. Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып отырады: бірінші, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі; екінші рыноктық қатынастар бойынша.
Қаржы әдістеріне бұдан басқа: шығындар мен түпкі нәтижелерді салыстыра отырып саралау, материалдық ынталандыру, ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жатады.
Рыноктық қатынастардың даму деңгейіне қарай, қаржының өндіріс пен айналыс арасындағы қызметтері коммерциялық есеп айырысуға байланысты. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?