Қаржы | Қазақстан Республикасының салық жүйесі қалыптасуы және жағдайына талдау

 Қаржы  | Қазақстан Республикасының салық жүйесі қалыптасуы және жағдайына талдау

Мазмұны


КІРІСПЕ......................................................................................................

1. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..........................................................................................
1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні....
1.2 Салық салу принциптері және функциялары.......................
1.3 Салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі..................................

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ: ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ............................
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформаларға салыстырмалы талдау..........................................
2.2 Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы салықтардың рөлі.................................................................................................
2.3 Атырау облысы бойынша салық түсімдерінің жағдайына талдау............................................................................................

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.......................

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................

Мемлекеттің салық жүйесі мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнаманы білдіреді. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеуінің сенімді арқауы болды. Біздің салық жүйемізді халықаралық стандарқа жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту болып табылады.
Жалпы бұл диплом жұмысының мақсаты – салық жүйесінің теориялық аспектілері мен салық жүйесінің жағдайына талдау негізінде салық жүйесіндегі проблемаларды анықтау және оларды шешуге бағыттылған оңтайлы шараларды ұсыну.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешімін табуы тиіс:
- Салық және салық жүйесінің түсінігі мен оның экономикалық мәнін қарастыру;
- салық жүйесінің принциптеріне сипаттама беру;
- салық салу функцияларын ашып көрсету;
- салық жүйесінің шетелдік тәжірибесі;
- салық жүйесінің реформаларына талдау жасау;
- Атырау облысы бойынша салық түсіміне талдау жасау;
- мемлекеттік бюждетті қалыптастырудағы салықтардың рөлін анықтау;
- салық жүйесінің өзекті проблемаларын қарастыру.
Берілген диплом жұмысын жазудағы мақсат – салық жүйесінің жағдайын талдау мен салық жүйесін проблемалары және оны шешу жолдары танып білу, олардың нарықтық экономикада алатын орнын анықтау болып табылады.
Бүгінгі нарықтық заманда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады, олай дейтін себебіміз дамыған экономикада салық жүйесін және олардың мемлекеттік бюджет кірістерінде алатын орнын маңызы болып табылады.
Тақырып өзектілігі – бүгінгі күні салық жүйесінің төңірігінде елеулі проблемалар туып отыр. Ол негізінен салық түсіндерінің жеткіліксіз деңгеймен сипатталу қажеттілігін диплом жұмысының тақырыбын таңдауға ең негізгі себеп болып табылады.
Берілген жұмыстың методологиялық негізі «Салық және бюждетке төленетін міндетті төлемдер туралы » Салық Кодексі, «Салық және салық салу » Б.Ж.Ермекбаева, «Салық және салық салу » Т.Ф.Юткина, Б.Х.Алиева, «Салықтық құқық » С.М.Найманбаев сияқты және басқа да отандық және ресей авторлардың еңбектері, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған сараптамалық мәліметтер болып табылады. Практикалық негіз ретінде «Атырау облысы бойынша Салық Комитеті» қызметінен мәліметтер алынды.

1.Салық жүйесінің қалыптасуының теориялық аспектілері

1.1 Салықтардың және салық жүйесінің экономикалық мәні

Салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтар — шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруына байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын
экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер
мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне
жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен біріге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі.
Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады.
Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған.
Салық салу элементтеріне келетін болсақ олар мыналар болып табылады:
Кесте – 1 Салық элементтері

"Салық" ұғымымен "салық жүйесі" ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салық жүйесі - (гректің systema – барлық бөлімнен құралған, қосылулар ) яғни, бұл салық төлеушілермен мемлекеттің қызығушылықтарын қамтамасыз етуге арналған, салық жиынтығынан құралған және олардың бөліктерінен тұратын бір тұтастық немесе кешен.
Бұл жүйе құрамына мыналар кіреді.
- салық қатынастарын реттеуші ( ҚР «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер» туралы заң, Салық кодексі, нұсқаулар, қаулы, хат, салықтық төлем туралы нұсқаулық ) заң шығарушылық және нормативтік база;
- салықты және міндетті төлемдерді,олардың алуан түрлілігін, салық салу принциптерін, салықтық элементтерін өндіріп алу және тұрғызу әдісі;
- салық бақылауын жүргізу формасы мен түрлері (камералдық бақылау, салық есептілігі, салық төлеушінің монитарингі, құжаттық және рейдтік салықтықұ тексерулер және т.б.)
- салықты және басқа да міндетті төлемдерді ҚР мемлекеттік табыс министерствасы, салық органы, қаржы полициясы бөлімдері арқылы өндіріп алу функциясына кіретін ұйым. Салық жүйесін жетілдіру жұмысы 1992 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Біздің салық жүйемізді халаықаралық стандарттарға жақындататын шаралар – салық жүйесін төмендету және салық түрлерін қысқарту. Осының барлығы Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 24 суірдегі заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы » Жарлығында қаланған болатын. Өткен он жылдың ішінде ел экономикасында көп нәрсе өзгерді.Онымен бірге салық заңнамасы өзгерді.
Салық жүйесінің экономикалық мәніне келетін болсақ, ол салықтардың жіктелуінен көрінеді. Кесте – 2 Салықтардың жіктелуі

Тікелей және жанама салықтардың бірнеше ерекшеліктері бар:
• біріншіден, тікелей салық телеушілер сияқты, жанама салықтарда занды тұлғалар салық субъектісі ретінде салық төлеуші болып табылады.Бірақ, бұл жерде салық төлеуші болып тауарды (жұмыс, қызмет) сатушылар саналады. Тауарды тұгынушы мемлекетпен салықтық қарым-қатынаста және салық төлеуші ретінде ешқандай келісімге келмейді. Тауарды тұтынушы тауарды сатушымен келісімге келеді, бірақ бұл салықтық қатынастар болмаса да, тауар-ақша қатынастары болып саналады;
• екіншіден, жанама салықтарда төлем көзі ретінде - сатушының жалпы табысы, яғни өнімді өткізуден түскен түсім қарастырылады. Салық төлеушілер салықты өзінің меншікті қаражаттарынан
(салық төлеушілердің меншігі ақша қаражаттарынан) төлейді.
Тікелей және жанама салықтардыңсалық салу объектілеріне және басқа да белгілеріне байланысты бірнеше айырмашылықтары бар. Атап айтқанда:
• бірінші, салық объектісі мен салық бұйымына байланысты.
Жанама салықтар кезінде тауарды өткізумен байланысты болады.
Мәселен, қосылған құн салығында салық объектісі ретінде нақты
өткізілген тауарлар, ал салық бұйымы - өткізуден түскен түсім, немесе баламалы қосылған құн. Ал, акциз салығында салық обьектісі
ретінде — нақты өткізілген акцизделетін тауарлар, ал салық бұйымы
— өткізілген акцизделетін тауарлардың құны немесе саны.
Ал, тікелей салықтар кезінде салық объектісі ретінде - меншік құқықтары (шаруашылық иеліктері, ал, салық бұйымы — ақша түріндегі мүліктер (жеке табыс салығы, әлеуметтік салық), болмаса заттар (жер учаскесі, мүліктер, көлік құралдары);
• екінші, салықты төлеу кездерінің қалыптасуына орай.Жанама салықтар кезінде төлем көзін мемлекет тауар бағаларына
үстеме ретінде бекітеді. Сондықтан салық төлеушілер тауар
өткізгені жөнінде төлемді алған кезде, сонымен қатар түсімнің
құрамында төленуге тиіс салық сомасын да алады.
Ал, тікелей салықтарда салықтың төлем көзі салық төлеушінің қатысуымен жасалады.
Нақты салықтар деп (ағылшын сөзі, геаl - мүлік) - мүлікке салынатын салықты атаймыз.
Нақты салықтарда мүмкіндіктер сыртқы белгшеріне қарап алынады, яғни салық салуда салық объектісі назарға алынады.
Нақты салықтарға қатыстылар:
• мүлік салығы;
• көлік құралдары салығы;
• жер салығы.
Дербес салықтар (кейде жеке деп аталады) деп — салық төлеушілердің табыстарына салынатын салықтарды атауға болады.
Дербес салықтарда тек табысы ғана емес, сонымен қатар салық төлеушінің қаржылық жағдайы да ескеріледі.
Қазақстан Республикасында дербес салықтарға жататындар:
• корпорациялык табыс салығы;
• жеке табыс салығы;
• жер қойнауын пайдаланушылардагы үстеме пайда салығы;
• әлеуметтік салық.
Дербес салықтардың нақты салықтардан айырмашылығы салық төлеушілердің нақты төлем қабілеттігін көрсетеді, яғни салықты төлеудің көзі болып олардың алған ақша қаражаттары саналады.
Сонымен қатар дербес салықтар салық төлеушілердің табыстылығын есептеуге де көмектеседі. Бірақ, мұнда салық төлеушілердің салық салынатын обьектілерінен (жер учаскесі, құрылыс, көлік құралдары) алынатын табыстарының орта есебі есепке алынады.
Нақты салықтар мемлекет үшін тиімді болып саналады, яғни жеке салықтарға қарағанда төлемді өндіріп алу және бақылау оңайға соғады. Мәселен, тапқан табыстарды әр түрлі бухгалтерлік жымқырулар арқылы, немесе қолма-қол ақша қаражаттарымен жасалған операцияларды есепке алмау жолымен (черная нала) жасыруға болады. Ал, енді салық салынатын тұрғын үйді еш жерге жасыра да, тығып қоя да алмайсың.
Сонымен бірге салықтарды обьектінің экономикалық белгілері бойынша былайша бөлуге болады:
• тұтынуға салынатын салықтар;
• табысқа салынатын салықтар.
Тұтынуға салынатын салық - мұнда белгілі бір тауарларға (қызмет көрсету) салық салынады. Көптеген мемлекеттерде тұтыну салығы деп аталады.
Табысқа салынатын салық — салық төлеушілердің әр түрлі табыстарынан түскен ақша қаражаттарына салық салынады.
Салық сомасы түсетін бюджет деңгейіне немесе салықты
алатын және оған билік жасайтын органға қарай:
• жалпы мемлекеттік немесе республикалық салықтар;
• жергілікті салықтар болып бөлінеді.
Салықтарды аймақтық деңгейіне қарай және Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне орай республикалық және жергілікті деп бөлеміз.
Бұл негізінен төрт фактор арқылы анықталады:
• салықты кім бекітеді (орталық және жергілікті орган);
• аталған салықтар қай органға жатқызылады және салық
салудың шарттарын кім анықтайды;
• салықтар бюджеттің қай түріне бекітілген (республикалық
және жергілікті), яғни мемлекеттік салықтар республикалық
бюджетке, жергілікті салықтар жергілікті бюджетке түседі;
• қай бюджеттің табысы болып саналады.
Қазақстан Ресдубликасында салыктардың жалпы салығы мемлекетгік және жергілікті болып бөлінуі 1995 жылы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Жарлығына сәйкес жүзеге асырылды. Сол кезде 5 мемлекеттік жэне 6 жергілікті салықтар болды.
Жалпы мемлекеттік салықтар: ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі