Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы казакша Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1 САЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ...................5
1.1 Салықтың экономикалық мәні мен негіздері туралы түсінік.....................5
1.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы және дамуы.......................................................................................................... ..13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕНЕТІН БАЖДАР, ТӨЛЕМДЕР МЕН АЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ..........................29
2.1 Мемлекеттік баж............................................................................................ 29
2.2 Жергілікті әкімшілік аумақтың бюджетіне түсетін алымдар мен төлемдер........................................................................................................32
2.3 Алматы облысы бойынша міндетті баждар, төлемдер мен алымдардың түсімдерін талдау (Алматы облысы салық комитетінің мәліметтері негізінде).......................................................................................................42

3 НАРЫҚ ЗАМАНЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ БАҒДАРЛЫ МАҚСАТЫ...........................................................56
3.1 Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы.............. 56
3.2 Шет мемлекеттердің салық салу жүйесі.......................................................61

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................70

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................73

Мемлекеттің тұрақты экономикасын құруда салықтар маңызды орын алады. Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғын, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Салық – нарықтық қатынастардың бір бөлігі, оның қызмет етуі елдегі экономикалық реформалардың нәтижелілігімен тығыз байланысты. Салық мәселесімен Алданыш Нұрымов, Ермекбаева, Мамыров, Ілиясов, Шеденов, Құлпыбаев сияқты белгілі ғалымдар айналысады.
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап, дамып және нығайып келеді. Мысалы, 2006 жылғы Елбасының Жолдауына зерделей үңілгенде мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен, сараптаулармен, нақты болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі болып табылады. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Салықтар мемлекеттің егемендігінің бір көрінісі. Осынысымен салықтар мемлекет меншігі мен заемдарынан түсетін табыстан ерекшеленеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөліне талдау жасау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеті – қойылған мақсатқа жету, ол үшін салықтың мәнін, мазмұнын, атқаратын қызметін, шет елдік салық салу тәжірибесін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны практикамен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.
Өзектілігі – салық саясатының негізгі мәселелерінің бірі салықтық төлемдер мен алымдар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – Алматы облысының салық комитетінің мәліметтерінен. Зерттеу заты – салық салу ерекшеліктері мен мәселелері.
Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының салық жүйесіне толық сипаттама берілген. Қазіргі кездегі салықтардың мәнін, маңызын, нарықтық экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастырдық.
Салық салудың негізгі мақсаты – мемлекет қазынасын толтыру, еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болып табылады.
Салықсыз мемлекеттің және онымен байланысты барлығының да өмір сүруі мүмкін емес. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде – жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізуде.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде салықтың экономикалық мәні және негіздері туралы толық мәлімет берілген.
Екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы, Алмати облысы бойынша міндетті баждар, төлемдер мен алымдардың бюджетке түскен салық түсімдерінің 2003-2005 жылдар аралығындағы көрсеткіштеріне экономикалық талдау жасалған.
Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының салық саясатының даму жағдайы мен шет мемлекеттердің салық жүйесі талданды. Сонымен, мемлекеттің нарықтық экономикасын құруға әсер етуіне көмектесетін экономикалық тетіктердің ішіндегі салықтың мәні зор.
1 САЛЫҚТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Салықтың экономикалық мәні мен негіздері туралы түсінік

Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар – дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. [1, 46]
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірісерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалылығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) „қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас ХҮІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти (1623-1687ж.ж.) „Салық пен жиынтық трактаты” – (1662ж), Д.Рикардо „Салық салу және саяси экономияның басталуы” – (1817ж.), А.Смит „Халықтар байлығының себептері ме табиғатын зерттеу” – (1776ж.) А.Смит салық салудың төрт принциптерін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды. [2, 158]
1. Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға қатысады. Мемлекеттің қорғауымен қамқорлығын пйдалана отырып, қаржыландыру үкіметтің табысына сай жүзеге асады.
Бұл ережені сақтау немесе сақтамау салық салудың тереңдігіне немесе тепе-теңдігіне ұрындырады.
2. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салықтық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы дәрлік төлем төлеуші үшін анық әрі ашық болуы қажет және кез келген адамға да солай.
3. Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен төлеуші үшін ыңғайлы кезде барлығын төлейді.
4. Әрбір салық ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс. Оның мемлекет қазынасына құйылуы, халық қалтасынан алғаны және ұстағаны мүмкіндігінше аздау болғаны жөн. Қазынаға құйылғаннан гөрі, салықты халық қатынасынан алу мен ұстаудың көп болуы да әбден мүмкін. Себебі, оны жинау шенедіктердің көп болуын талап етсе, оларға төленетін айлық сомасы салықтың мол мөлшері арқылы жүзеге асады.
А.Смит тікелей, жанбасы, жанама салықтар жүйесін және оларды қолданудың әлеуметтік – экономикалық салдарын барынша талдады.
Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.
Салық салудың мынадай принциптері бар:
- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;
- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.
Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді.
- екіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф.Аквиннский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит „Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған. [3, 136]
„Салық” ұғымы әр түрлі әдебиеттерде әр түрлі қарастырылады. Негізінен көптеген экономикалық әдебиеттерде „салық” ұғымы бюджет қорына белгілі бір көлемде және белгілі бір уақытта түсетін міндетті төлем ретінде қарастырылады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады. [4, 169]
Қандай да бір механизмнің құрамында бірнеше тетіктер мен элементтер болады. Сол сияқты салық механизмі де белгілі бір салық элементтерінен тұрады. Салық салу элементтері мыналар: субъект, объект , салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері, салық төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары. Осы элементтерге жеке-жеке тоқталатын болсақ:
Салық төлеуші (субъект) - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. Қазақстан Республикасының салық төлеушілері:
1) резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.
Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және тағы да басқа көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.
Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы, дипломдык Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жум, Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салык жүйесіндегі алымдар төлемдер баждардың маңызы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін