Қаржы | Жанама салықтар қазіргі кездегі жағдайы мен олардың даму перспективалары

  Қаржы | Жанама салықтар қазіргі кездегі жағдайы мен олардың даму перспективалары

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................6

I. Жанама салықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері
1.1 Жанама салықтардың мәні мен мазмұны........................................................8
1.2 Жанама салықтардың дамуы..........................................................................13
1.3 Шет мемлекеттерде жанама салықтардың есептелу механизімінің
ерекшеліктері..................................................................................................19

II. Қазіргі кездегі жанама салықтардың есептелу механизімін талдау және
бюджет табысын толтырудағы орны.
2.1 ҚҚС есептелу механизімінің ерекшеліктерін талдау...................................29
2.2 Акциздің есептелу механизімін талдау.........................................................43
2.3 Алматы қаласы Бостандық ауданының бюджет табысын толтырудағы жанама салықтардың орны ..............................................................................50

III. Жанама салықтардың қызмет ету мәселелері...............................................60

Қорытынды............................................................................................................71
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................73

Қосымша ...............................................................................................................75

Қазақстан Республикасы XXI ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік экономикалық қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түсті. Себебі Елбасымыз “мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсетті. Сондықтан да болар бүгінгі күні экономикалық дамудың тиімді жолын табу туралы мәселелі сұрақтар кең түрде талқылауға түсіп отыр. Ол үшін елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру негізінде экономикалық жүйелердің тиімді қызмет етілуі болып табылады.
Бүгінгі таңда біздің қарастырып отырған мәселеміз өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және бюджет болғандықтан, және дамыған мемлекеттердің тәжрибиесі көрсеткендей нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің негізгі қаржы тірегі салықтар болып табылады. Қазіргі кезде бюджетке келіп түсетін түсімдердің 63,7 пайызын салықтық түсімдер құрап отыр. [1, 2б]
Қазақстан Республикасында салық Қазақстан Республикасының салық кодексі негізінде өндіріліп алынады. Салық және салық салуды жүзеге асыратын және қадағалайтын негізгі орган салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі экономикалық және салықтық саясаттың құралы негізінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының нәтижелілігін жоғарлату үшін өз ықпалын тигізуі қажет.
Салық жүйесі мемлекеттердің, мемлекет және салық төлеуші, мемлекет және аудандарды қаржымен қамтамасыз ететін салық төлеушілер, және осыған тығыз байланысы бар кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлік ұйымдарды бір бірімен тығыз байланыстыратын күрделі әлеуметтік-экономикалық қатнастардың жиынтығы. Бұл қатнынастар неғұрлым тығыз болса соғұрлым мемлекеттің экономикалық саясатының нәтижелілігі жоғарылай түседі. Салық жүйесінің дамуы, оның дамыған елдердің стандарттарына сай болуы экономикалық өсуге, яғни жалпы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнімнің өсуіне, мемлекетіміздің қаржылық жағдайын жақсартуға оны одан әрі дамытуға бірден бір ықпалын тигізуші құрал болып отыр. Салық жүйесінің дамуы яғни республикамыздағы салықтың терең зерттеліп оның әр бір түрін жекеше қарастырып, дамытуды қажет етеді.
Жанама салықтар республикамыздағы салық жүйесінің елеулі бөлігін алып отыр. Жалпы статистикалық көрсеткіштерге қарайтын болсақ жанама салықтар корпаративті салықтардан кейінгі екінші орында тұр. Сол себепті бұл салықтың маңызы зор.
Диплом жұмысының басты мақсаты – жанама салықтардың пайда болуы, дамуы мен оның қазірі кездегі мәселелері мен жетілдіру жолдарын қарастыру. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылған:
• Жанама салықтың қызметінің теориялық аспектілерін, олардың пайда болуын қарастыру;
• Шет мемлекеттерде жанама салықтардың есептелу механизімінің ерекшеліктерін талдау;
• Қазіргі кездегі жанама салықтардың есептелу механизімін және бюджет табысын толтырудағы орнын талдау;
• Жанама салықтардың бюджет табысын толтырудағы орны (Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша) талдау;
• Жанама салықтардың қызмет ету мәселелері мен жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысы кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.
Диплом жұмысының бірінші бөлімінде жалпы салықтарға сипаттама, соның ішінде жанама салықтарға сипаттама, олардың пайда болуы мен дамуы және шет мемлекеттерде жанама салықтардың есептелу механизімінің ерекшеліктеріне талдау жасалынған.
Екініші бөлімде қазіргі кездегі салықтардың есетелу механизімін талдау және бюджет табысын толтырудағы орны, соның ішінде қосылған құн салығы мен акциздердің есептелу механизіміне талдау жасаймыз. Сонымен қатар жанама салықтардың Бостандық ауданының бюджет табысын толтырудағы үлесіне талдау.
Үшінші бөлімде жанама салықтардың қызмет ету мәселелері мен даму перспективаларына шолу жасаймыз.

I Жанама салықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері.
1.1 Жанама салықтардың мәні мен мазмұны

Салықтар - дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізіуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатнастарын сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізіуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатнастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізіуші субъектілермен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатнастарын көрсетеді.
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Жалпы салықтарды бірнеше белгілері немесе нышандары бойынша жіктеуге болады:
салық салудың объектісіне байланысты;
• қолданылуына қарай;
• салық салу органына байланысты;
• экономикалық ерекшелігіне байланысты;
• салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай.
Салық салу объектісіне қарай салықтар тікелей немесе жанама салықтар болып жіктеледі.
Тікелей салықтар жалғаусыз немесе тікелей табысқа немесе мүлікке салынады. Тікелей салықтарға мыналар жатады:
• заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық;
• мүлік салығы;
• жер салығы;
• бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға саынатын салық.
Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы, жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкінде оның қаржы жағдайын ескереді.
Жанама салықтарды тұтынушы төлейді. Тауар немесе қызмет бағасына алдын ала салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады. Жанама салықтарға мыналар жатады:
 қосылған құнға салынатын салық;
 акциздер.
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгісіне қарай салықтар жалпы және арнайы болып жіктеледі.
Жалпы салықтар бюджетке түскен соң, жалпы мақсаттарға жұмсалады. Оған корпоративтік табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және т.б. жатады.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгіленген нақты шараларға жұмсалады. Мысалы, көлік құралдарына салынатын жол қорын құруға жұмсалады.
Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттік және жергілікті болып бөлінсе, экономикалық белгісіне қарай табысқа салынатын салық және тұтынуға салынатын салық болып жіктеледі.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушінің кез келген салық салынатын объектісінен түсетін табысынан алынады. Олардың санатына мына салықтар кіреді: табыс салығы, пайдаға салынатын салық.
Тұтынуға салынатын салықты салық төлеуші тауар немесе қызмет құнын төлеген кезде төлейді. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер жатады.
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай салықтар нақтылы және дербес болып бөлінеді.
Нақтылы салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінің сыртқы белгісіне қарай салынады. Оған жер салығы, мүлік салығы жатады.
Дербес салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінен алатын табыс мөлшеріне байланысты салынады. Оған корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы жатады.
Қазақстан Республикасының жалпы салық жүйесі тікелей және жанама салықтардың қосындысынан тұрады. Тікелей салықтар салық төлеушілердің табысына немесе меншігіне тікелей қойылады. Біздің елімізде оларға жер салығы, мүлік салыңы, көлік құралдарына салынатын салық, табыс салығы және т.б. жатады. Ал жанама салықтар –тауар бағасына немесе көрсетілетін қызметтер тарифіне үстеме ретінде қойылып, тұтынушылармен төленеді.
Қазіргі кезде халықаралық стандартқа сәйкес экономикалық термин ретінде «тұтыну салығы» деп аталып жүр. Кейбір дамыған мемлекеттерде «тұтыну салығы» десе, ал бірқатар елдерде «жанама салықтар» ретінде айтылуда, қалай аталса да бұл салықтардың мәні мен мазмұны өзгермейді. Сондықтан кейде қатар аталып, күнделікті тұрмыста қолданылуда.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысы емес салықтар. Жанама салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экспортқа және импортқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі нарықта сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді. Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процесіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрлымына әсер етуі мүмкін.
Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына қызметінің тарифіне қосылатындығына, кіріктірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың (қызметтің) нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды.
Жанама салықтар жоғарыда атап өткендей, баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрлымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздердің, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылғы болады, өйткені: олардан жалтару қиынырақ; олармен экономкалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтарың жасырымдылығын қамтамасыз етеді т.с.с
Алайда тұтынуға салынатын салық өсуінің кемшіліктері де бар, бұл кемшіліктерге олардың инфляциялық және регресифтік сипатын жатқызуға болады. Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың теріс әсерін жауып кетеді. Егер баға өсетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да өсетін болса, онда бұл салықтардан түсетін түсімдер бағаның өсуімен көбейтетін болады. Бұл әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қаражаттар алуға мүмкіндік береді. Бюджет жүйесіне инфляцияға қарсы автоматты механизм кіріктірілетін болды.
Салық салу жүйесінде ортақ заңдылықтың болатының есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында,тұралаушылықты - өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда – салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндай жағдайда қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде оны әлеуметтік қолдануды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен көбейеді. Сондықтан салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлгіштік процестегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай практиканы қолдап отырады.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңызды және ең күрделісі – 1992 жылы енгізілген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Қазіргі кезде қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің ең негізгі көздерінің қатарынан саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің 23,1 пайызын құрайды. [2, 201б]
Салық төлеуші мемлекетке осы салықты төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді салық салушыға аударады. Салық салу объектісі материялдық шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін.
Бұл салықтың ерекшелігі мынада – оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім – сома емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып саналады.
Қосылған құн салығын енгізу заң базасын елеулі түрде өзгентуді талап етеді. Атап айтқанда, тауарлармен көрсетілген қызметтерді жөнелту сияқты ұғымдарды нақтылай түсу қажеттілігін туғызады; мәселен, жөнелту сәтін, жүк тиеу сәті, тауарды жеткізу, тауарға ақы төлеу дегендей. Бұл қызметтердің қай түріне салық салуға болады, қай қызмет нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады, қосылғн құн салығы төлеу бойынша қандай жеңілдіктер ұсынылады. Бұл орайда бюджет мәселелері жөніндегі халықаралық валюта қоры басқармасының мамандары өтпелі экономикасы бар елдерге елеулі түрде техникалық және консультациялық жәрдем көрсететін болады. Қосылған құн салығы оқшау алмай күллі салық жүйесі элементтерінің бірі ретінде қарастыру керек. Қосылған құн салығы мемлекеттік кірістің өсуін қамтамасыз ететін бейтарап, тиімді салық ретінде енгізіледі. Ол кірістердің немесе жағдайлардың теңсіздігін түзетуге, орнын толтыруға арналмаған, бұл міндетті салық жүйесінің басқа элементтері бірінші кезекте жеке адам табысына салынатын прогрессивті салық атқарады. Сондықтанқосылған құн салығының қолданылуы жайында барлық салық жүйесінің қолданылуын есепке ала отырып айтуға болады.
Қосылған құн салығының ролі сен орны бірқалыпты емес: тәжірибелер жүргізушілердің ойынша, бұл салық түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығының басым бөлігін толтырады деп есептейді, ал аналитиктер ойы бұл салықтың тіпті жоғары фискалдығын, салық базасының дайындылығының жоқтың қасы және пайыздық мөлшердің тіпті жоғары қарқындылығын көздейді. Қосылған құн салығы Қазақстан экономикасында өтпелі кезеңде тіпті тәуекелінің жоғары болуын көздейді, өйткені ол оның салық жүйесіндегі кемшіліктері мен қосылған құн салығының есептеудегі техниканың жетіспеушілігін қамтиды. Қосылған құн салығы тауарға деген сұранымды реттеп отырады. Бұл модель батыс экономикалық жүйелерінде үлкен роль атқарады. Бұл салық түрі дүние жүзінің 60 мемлекеттерінде салық жүйесінің құрама элементі болып табылады
Қосылған құн салығы дүниежзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 мемлекетінде қолданылады. Бұл салықтың артықшылығы: ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!