Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Жыраулар шығармалары: Абылай және қазақ батырларының ерліктері

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Жыраулар шығармалары: Абылай және қазақ батырларының ерліктері казакша Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Жыраулар шығармалары: Абылай және қазақ батырларының ерліктері на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................

І-тарау. Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
1.1. Қазақ- жонғар қатынастары Бұхар жырау шығармаларында…….….
1.2. Үмбетей шығармалары- Қазақстан тарихының дерегі ретінде……...
1.3. «Елім-ай» әні және Қожаберген жырау……………………………….

ІІ-тарау. Абылай және қазақ батырларының ерліктері.
2.1. Жыраулар шығармаларындағы – Абылай бейнесі...............................
2.2. Жыраулар шығармаларындағы батырлар.............................................

Қорытынды..................................................................................................
Қосымшалар.................................................................................................
Сілтемелер тізімі..........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Еліміз егемендік алып ұмыт болған дүниемізбен қайта табысып жатқан, шынайы тарихи беттер ашылып өткенді қайта саралауға зерттеуге мүмкіндік туып отыр.Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі-оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз,білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды»-дей келе, «тарихи білімнің мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи,мәдени оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана-сзіміне сіңіп отырған.Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған,себебі, бұл даладағы әрбр жұмыр басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын қисапсыз мол дерекке әбден жаттығып,көз қанық болып өскен. Халық тарихын түсініп,білу әрбір адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған» /1/
Ресейдегі ХХ ғасырда пайда болған революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтың соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді.Кеңес өкметінің орнауымен қазақ елінде өткен тарихын ұмыту, жоғалту басталды. Тіршілікке жаңа ұрпақ жетіліп тарих пен тағдырдың таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған ел тарихын қайта зерделеу өткенімізбен қайта табысу қазақ тарихының көмексі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
Қазақ даласында XX ғ.дейін ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен үстем болып келгені баршаға аян.Сондықтан қазақ тарихына қатысты жазба деректерді ілуде біреу кездестірсек, ауыз әдебиетінің дерегіне жататын ақын-жыраулар шығармалары жетерлік. Өкінішке орай ауыз әдебиетінің деректерінің құнын жазба деректерден төмен санайтын тарихи қате ойдан әлі арыла алмай келеміз,сол себепті нақты тарихи шындықты баяндайтын көптеген ақындардың өлең-жырлары зерттелінбей жатыр.Ал ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері ақындар халықпен бірге біте қайнасып жатқандықтан сол заманның ащы шындығын өлеңдеріне негіз етіп алады,яғни тарихи шындықты айтады.Ақын шығармаларынан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыр таразыға түскен небір тарихи тайталастардың мәліметтерін табасыз.Ал әдебиетте бейнеленген бұл мәліметтер белгілі бір дәуірдің мән-мағынасын айқындайтын елеулі тарихи фактілер, шынайы өмір шындығы екендігі мәлім. /2/
Қазақ халқының тарихи жырларын жазып алып жариялау ол туралы азды-көпті ғылыми пікір айту өткен ғасырдың ІІ-жартысынан бері қарай көзге түсе бастағаны мәлім.Алайда бұл жанрға арналған байсалды еңбектер Советтік дәуірде, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейін пайда болды /3/.
XVІІІ ғ. қазақ халқының әлеуметтік саяси және философиялық ой жүйесіне ерекше бір шабыт беріп, қозғау салып, хандарымызға елін,жерін түгендетіп, батырларымызға қолына найза ұстатып жауға қоса, жырауларымыздың ойына түрткі салып,замана жайлы сол кездің көкей кесті мәселелерінің шешімін өз шығармашылықтарына арқау еткізген заман болды. Евразиялық кеңістіктегі Қазақ ордасының осы бір кезеңінің тарихи хал-ақуалын жазушы М.Мағауин былай деп сипаттайды: «Түркістан бастаған 25 қаладан айырылу Қазақ Ордасының қанатын қырқып,өрісін тарылтып қана қойған жоқ,оның алдағы замандардағы тіршілік кебін бір жақты мал шаруашлығымен ғана айналысатын көшпенді кепке түсірді. Түркістандағы Әзірет сұлтан дүрбесінен бастап, Сауран, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Созақ және басқа қалалардағы мешіттер қоймасында сақталған бай кітапхана ондағы діни-фәлсафалық еңбектер,ескі тарихтар мен шежірелер біз бар деп білменген тағы қаншама мұра өртке кетті, талан-таражға түсті,жойылды.» /4/
Осындай алмағайып заманда қазақ халқының өмір сүруімен жойылып кетудің алдында тұрған неғайбіл шақтарында ұлттық жоғары рухы, көзсіз жанқиярлық ерлігі жайында қаншама аңыздар, өлең-жырлар, талғаулар өмірге келді. Ол туындылар сол кездегі өмір шындығы, жүректердің тебіренсі, халықтың арман тілегі. Біздің жадымызда екі ғасыр бөліп тұрса да, бабалар үні құлағымызда тұрғандай. Ақтабан шұбырынды жылдары қазақ елінің дербестіктен айырылып қалу қауіпі туған кезең еді. Өздеріне соншалық қымбат құндылықтардың күйрей бастауының нышандары айқын көріне бастаған кез. Сондықтан да осындай қауіпті ең алғашқы көрген, сезіне бастаған халықтың ең сезімтал ұлдары-жыраулар, билер, ақындар, осындай күйреудің үрейлі ұшқындарын өздерінің шығармаларында көрсетіп, халықты, билік басындағы хандарды бірлікке шақырды. Олардың негізгі үні- отаншылдық, ерлік, жерін, ата-мекен қорғау т.б. бір кездегі Түрік империясының дәуірлеген кезіндегі рухтың өрлігі бәсеңсіп, ұсақ мүдделердің , билікке таласудың, тайпалық, рулық, және т.б. пиғылдардың белең алғандығы қатаң сыналып, тұтас халықтың бірлігінің мүдделерін алға тарту басым.
Қара өлеңнің, сиқырлы сөздің тұтқынға тұтылып, шырғалаңға шырмалып, кәдімгідей қасірет шегетіні арқаға аяздай бататын ащы шерді ақтарғандығынан. Ал ащы ақиқат қайғы-мұңның зілмауыр салмағы түскенде ғана айтылады. «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болады, я тілден сөз болып шығады» деп ұлы Абай айтқандай көкірегі қайғы қасіретке толы XVІІІ ғ. жыршылары «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» оқиғасына байланысты жыр толғамай өтпеген. Жыраулар шығармаларында жоңғар басқыншыларының басып кіруі кезеңіндегі әскери қақтығыстар, ойран салу,қырып жою қазақ халқының сол кездегі бастан кешкен қайғы-қасіреті баян етіледі.
Дегенмен тарихи жырлар әлі де түбегейлі зеттеліп біткен жоқ.Оның табиғатын танып, даму заңдылығын аша түсу, сөйтіп поэтикасын жан-жақты да терең зерттеуді қажет етеді. Жыраулар шығармаларын пайдалана отырып тарихтың ақтаңдақ беттеріне айналған көптеген тарихи оқиғалардың мазмұнын ашу өзекті болып табылады.
Жұмыстың зерттелу деңгейі мен тарихнамасы: XVІІІ ғасыр жыраулары қат-қабат қайшылығы мол,аумалы-төкпелі дәуірде өмір кешті,олардың жырлап өткен жырлары да тарихшылар тарапынан зертелінбеген тың тақырыптардың бірі болып табылады, тіптьі әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдардың өзі бұл тақырыпқа көп көңіл бөлмеген. Мұны тарихтағы тұлғаларды таптық,партиялық және саяси көсқарас шеңберінде зерттеген Кеңес дәуіріндегі ғылымды, ислам дінін мақтаған,отырықшы езгіге қарсы жыр жырлаған жырауларымыздың еңбектерін зертеудің қиын болғандығмен түсіндіруге болады. Бірақ,идеологиялық қатаң қысымшылыққа қарамастан XVІІІ ғасырда өмір сүрген жырауларымыз зеттеушісіз қалмады. Жұмат Тілепов, М.Әуезов, Х.Сүйіншіәлиев, Р.Бердібаев т.б. ғалымдарымыздың еңбектерінде жарияланды. Х.Сүйіншіәлиевтің «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері», «Қазақ әдебиеті, XVІІІ-ХІХ ғасырда» зертеулерінде қазақ-жоңғар соғысына қатысып,өздері куә болған жоңғарлардың басқыншылық саясатын өз жырларында жырлап өткен жыршыларға қысқаша тоқталып өткен. Сондай-ақ кейбір шығармалары «Үш ғасыр жырлайды», «Бес ғасыр жырлайды», «VІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Әдеби мұра» жинақтарында басылды.
XVІІІ ғасырдың алғашқы он жылдықтары қазақ халқы үшін қиын-қыстау сынақ жылдары болды. Шынына келгендеел басына «ел болу,не табанға түсіп құл болу» күн туды.Орыс тарихнамасында қазақтардың жоңғарлар басқыншылығына қарсы күресі жалпылама жұмыстарда кеөініс тапқан. Олрда тұтас алғанда жалпы жағдайдың көрініс тапқанына қарамастан тарихи оқиғалар жүйелі түрде, рет-ретімен баяндалмайды.Әсіресе, бұл екі шайқастың қазақ жасақтары 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы Қарасиыр деген жерде және кеш дегенде 1730 жылдың көктемінде Аңырақай даласында жоңғарларды жеңген шайқастардың жәй жапсарына қатысты.Қазақ-жоңғар қатынастарының ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында М.Ж. Көпеевтің, Ш.Құдайбердиевтің, Ә.Бөкейхановтың күш-жігер салу арқасында ғана неғұрлым егжей-тегжейлі саралап зерделеу мүмкін болды. Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі, жоңғарлардың 1723-26 жылдардағы жеңіске жету себептері, қазақтардың саяси және экономикалық ауыр жағдайы,басқа да мәселелер ХХ ғасырдың 70-80жылдарындағы тарихнамада: И.Я.Златкиннің В.А. Моисеевтің т.б. монографияларында ғана ғылыми тұрғыда көрсетілді.
Диплом жұмысының алғашқы тарауының зерттелуіне келер болсақ,тек жыраудың жыр-толғауларын ақын әрі жинаушы М.Ж. Көпеевтің жазып қалдыруымен бізге жетуінің өзі аса елеулі жәйт. Соңғы жылдары Пекин қаласының кітапханасынан табылған отыз алты толғауда үлкен үлес болып қосылды, оны тапқан тарихшы М.Оразбай, жариялаушы әдебиетші ғалым А.Сейдімбеков. Бұдан тыс әйгілі жазушымыз С.Мұхановтың «Қазақстан XVІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (Алматы,1942) атты кітабындағы мән мағынасы зор бір топ жырлары да жыраудың жаңа бір қыларын ашуға септігін тигізді.
«Қаратаудың басынан көш келеді» туындысының әу бастағы авторларының кім екендігінің тұспал жасап, оның қанша нұсқасы, ілгері-кейінгі уақыттарда бұл шығарманың қай басылымда жарық көріп, кімдер зерттеп, кімдер сөз еткендігі Г.Тұрсынова, Қ.Бигожин және С.Жұмабаева зерттеуінде сөз болды.
Екінші тарау тақырыбы Абылай және қазақ батырларының ерліктері «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы кезінде біраз батырлар тарихи батырлардың кейіпкерлеріне айналды.Кейбіреулері хақында тіпті бірнеше тарихи жыр,дастан бар. Ол дастандардың негізгілері біраз жырлардан бері қарай зерттелініп келеді. Солардың ішінде М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Р.Бердібай Қ.Халид, М.Жолдасбекұлы, Т.Дүйсенбаева т.б. ғалымдардың эпос табиғаты және оның қазақтың батырлық жырларына қатынасы хақында айтқан пікірлері бұл төңіректі зерттеушілер үшін үлгі тұтар ғылыми еңбектері екендігі хақ. / Қазақ тарихы жырларының мәселесі.А., 1979//\
«Елдің мұңын, халықтың қайғысын ойлап, ұлтын ұлықтап, жұртын жоқтаған арыстардың жәдігерлік дүниелері күрмеуі көп күрделі кезеңде қапасқа қамалып, табанға тапталғанымен, түптің түбінде тарихтың шөгіндіні батырып, шын асылды қалқытып шығаратын толқындарына ілесіп,жағалауына жол тартады. Жаңа заманның жаңаша ойлайтын ұрпағының қолына тиеді. Бағасы аспандап,қадір-қасиеті артып,құндылығы еселеніп жетеді» /5/ - деп Б.Омарұлы айтқандай тәуелсіздік алған соң жоғардағы жырауларымыздың да барлығы дерлік шығармалары кітап болып басылып шығып,елдің қолына тиді.
Жұмыстың мақсат мен міндеті: Қазақ хандықтары XVІІІ ғасыр басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың шиеленісуі, ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының басынан кешкен тарихи оқиғалары, ХVІІІ ғасыр қазақ тарихынан орын алған қазақ-жоңғар қатынасының жыраулар шығармаларында бейнеленуін талдау жасай отырып, жаңа көзқарас тұрғысынан бағалау диплом жұмысының басты мақсаты болып табылады, осыған орай диплом жұмысының алдында төмендегедей міндеттер қойылады:
- Жыраулар шығармаларының мазмұнын ашу.
- Ауыз әдебиетінің құндылығын дәлелдеу.
- Жыраулар жырындағы тарихи оқиғаларға сиапаттама беру.
- Әр бір жырдағы оқиға барысын жүйелеу, тарихи сараптама жасап оның мәнін ашу.
Диплом жұмысының хронологиялық шегі: Қазақ халқының басындағы жоңғар басқыншылығына қарсы күресінің күшеюі тұсындағы XVІІІ ғасырды қамтиды.
Диплом жұмысының деректік негізі: Диплом жұмысын жазу барысында осы уақытқа дейін ғылыми айнылымға тартылмай келген баспа сөз материалдары мен XVІІІ ғасырға байланысты түрлі әдебиеттер , ғылыми зерттеулердің мәліметтері сұрыпталып алынды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: Деректер негізінде қазақ-жоңғар қатынасы халық жыраулар шығармаларына қатысты деректік материал негізінде тарихи шындық пен объективті тұрғыдан нақты талданып зерделеніп көрсетілуі.
Диплом жұмысында мынандай жаңалықтар бар:
- Тарихи деректің ғылыми айналымға енгізілуі негізінде қазақ-жоңғар қатынастары жыраулар шығармаларындағы мәселелер объективті түрде баяндалады.
- Қазақ халқының XVІІІ ғасырдағы тыныс тіршілігі,елдін тұтастығын сақтау, ел басына күн туған шақтағы басқыншылармен күрес жолындағы әрекеттері айтылады.
- Ел басына күн туған шақта қазақ халқын бірлікке шақырған, жаумен күресуде рух берген жыраудың ел алдындағы сіңірген еңбектері хақында баяндалады.
Диплом жұмысының методологиялық негізі: Диплом жұмысының методологиясы, объективтілік, тарихилық, жүйелілік және даму сияқты ғылыми танымға негізделген. Сондай-ақ қазақ-жоңғар қатынасын жыраулар шығармаларында мүмкіндігінше объективті тұрғыда түсіндіруге бағытталған әрі жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының практикалық негізі: Қазақ- жоңғар қатынасы халық жыраулар шығармаларындағы тақырыбына байланысты зерттелінбеген еңбектің қатарын толықтыра түседі.Диплом жұмысының материалдары орта араулы және жоғарғы оқу орнында оқылатын сабақтарға пайдалануға болады.
Диплом жұмысының сыннан өтуі: Диплам жұмысы студенттердің ғылыми конференциясында баяндалып, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ тарих факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімдерінен, сілтемелер тізімі мен пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады

І-ТАРАУ. ЖЫРАУЛАР ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЕЛ ТАҒДЫРЫ.

1.1. Қазақ- жонғар қатынастары Бұхар жырау шығармаларында.

Қазақ хандықтары XVІІІ ғасырдың басынан-ақ сыртқы саяси жағдайдың одан әрі шиеленісуі туғызған аса ауыр халді бастан кешірді. Тәуке хан руаралық қырқысты уақытша болса да тоқтатып, жүздерде тыныштық орнатты, сол арқылы қазақ руларының қоныстарын сыртан басып кіруден қауіпсіздендірді. Бұған деректемелердің дәлелдеуі бойынша,оның қарамағында 80 мыңға жуық сарбаз болғаны едәуір көп көмегін тигізді. Алайда билік үшін күрес пен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылуы көп кешікпен бірлікті бұзды,оны көршілері дереу пайдаланып қалды. Оңтүстік-батыстан Жайық казактары қолдаған Еділ қалмақтары шапқыншылық жасады; солтүстіктен сібір казактары шабуылға шықты; Жайықтың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар дәмеленді.Оңтүстік жағынан қазақтарды Орта Азия хандықтарының феодалдары ығыстырды. Бірақ ең қатерлі қауіп қазақ халқына шығыстан күші басым, басқыншы әскери-феодалдық Жоңғар хандығы тарапынан төнген еді /1/.
Жонғария өзінің басқыншылық ниетін Қазақстанға бұрды. Жоңғар феодалдары қазақтарға үсті-үстіне шабуыл жасап, тұтқындар мен малдарын айдап әкетті, жайылымдары мен мүлкін тартып алып, кейде тұтас рулар мен ауылдарды қырып-жойды. Үздіксіз жасалған сыртқы қақтығыстар мен ішкі алауыздықтар бытыратып, әлсіреткен қазақ халқы бұл кезеңде асқан зор қайғы-қасіретті бастан кешірді.
Жоңғар басқыншылығының зардабы мен елдің жерінен айыруын зар-заманның туындауы Жиембет жыраудың мына шумағында келтірілген:
Қол-аяғым бұғауда,
Тарылды байтақ кең жерім.
Арманда болып барамын,
Қоштасуға аял жоқ,
Қалқаман,Шолан ерлерім!
Қайырылып,қадам басарға.
Күн болар ма екен сорға,
Өзен,Арал жерлерім?!..
Қиядан қолды көрсеткен,
Төбеңе шығар күн бар ма,
Жотасы биік Дендерім?!
Қайрымсыз болған жауларға,
Тиер ме екен бір күні,
Жолбарыстай шеңгелім!
Жоңғарлар қазақ жеріне XVIII ғ. ІІ-жартысынан бастап шабуыл жасады.Сол шабуылын олар XVIII ғ. ІІ-жартысына дейін үздіксіз жүргізіп отырды.Оның ең ауыр кезеңі XVIII ғ. бас кезі еді. «Ақтабан шұбырынды» деп аталған оқиға да осы басқыншылықты сипаттайды.
Ескіден итжығыспен келе жатқан жау қалмақтардың 1723 жылы тұтқиылдан шауыл,қазақтарды қырғынға ұшыратады, қазақ халқы өзінің ескі мәдени ошақтары – Оңтүстігіндегі қалалардан айрылды, ата-қонысынан босып, халық санасында терең із қалдырған ақтабан шұбырындыға ұшырайды. Бірақ осы үлкен жеңілістен соң көп ұзамай-ақ ес жиған қазақтар біріккен күшпен 1728, 1730 жылдары жоңғар басқыншыларына ауыр соққы беріп,жау қолында қалған біраз жерлерді босатады.
А.И.Левшиннің атап өткеніндей «Отарлар мен табындар күн санап кеми берді, айырбас сауда тоқтап қалды, жұрт жаппай қайыршылықпен қайғы-қасіретке ұшырады, кейбіреулер аштан өліп, енді біреулері әйелдері мен балаларын тастап кетті... Егер Оңтүстікке кетпесе үш жақтан қысым көріп, қудаланған оларды мүлдем қырып жіберуі мүмкін еді» /2/.
Қазақ халқы Азияның орталық даласында қалыптасты. Байтақ жерді көшіп-қонып,өмір қарекетіне жаратты .Қысы қатты, жазы аңызақ, панасы бар таулы өлкелердің мүмкіншілігін пайдаланған халық барынша, жомарт, ақпейіл, дархан болды.Бірақ оның пешенесіне күші тасқан, бағыты асқан, жері аз, демографиялық өсуі айрықша парсы,монғол,қытай,орыс халықтары сияқты көршілері беріпті. Жаугершілік бір сәт толастай қалса түрік тайпаларының хандары мен феодалдары өзара үстемдік үшін қырқысты, біріне-бірі бас салып, халық қанын судай төкті. Міне,осындай қилы-қилы замандарда қазақ халқы ел болуды аңсады. Бірлік бар жерде тірлік барын жақсы білді ол. Тоқсан тоғыз қырылып, тоқсан тоғыз тірілген ол халықтың асыл тұқымын қалай сақтау заңын игерді. Жеті атаға дейін өзара қан араластыруға болмайтынын барша түрік тайпаларының ішінде ең алдымен түсінді /3/.
Осындай қиын-қыстау кезінде қазақ қауымының ішінде ел мұңын,ел тілегін жоқтайтын екі алуан адамды шығарды. Біреулері: заман халін қайғырып,елдің мұң зарын жалынды сөзбен шығаратын жоғарыдағы айтылған кеменгер ақылшы кәрия,толғаушыл жырау,сезімді ақындар. Екіншісі: жаңағыдай ілгері, соңғы жақсылардың ақыл, өсиетінен, өлең, жырынан, саяси ой мен бағытты, салт-сананы іске асырамын деген қол батырлар. Сонымен ел тіршілігінің ауыр күндері туғызған екі алуан адамның бірі-ой батыры болса, екіншісі- қол батыры деу керек /4/.
Бұхар өмір сүрген дәуірдің қан-құйлы оқиғасы –жоңғар қалмақтарының өктемдіктері, олардың қазақ жеріне баса көктеп енуі заманында өткен. Қалмаққа қарсы ұрыс басталған шақтан аяғына дейін Бұхар бар ауыртпалықты елімен бірге кешкен.
Сәбит Мұқанов «Бұқар жыраудың шығармаларында азаттық,саяси сарын терең, әлеуметтік астар басым... »,-деп «Бұқардың барлық шығармаларына тән тақырып халық қамы, халық мүддесі, жалық мақсаты, халық мұңы. Бұқардың барлық шығармасы сол кездегі халықтың тілегіен туған,ол тілек-қазақ халқының жер бостандығы, тәуелсіздігі, тыныштығы, шаттық тұрмысы»,-деп әділ түйіндейді /5/.
Үмбетей жырау жырлап өткендей:
Өткіздің тоғыз ханды толғауменен,
Шештің талай түйінді болжауменен.
Іс болса қиын қыстау сен сайыстың,
Қылыш қып қызыл тілді қорғауменен.
деп Бұқардың Әз Тәукеден бастап - Қайып,Болат, Сәмеке,Әділмәмбет, Күшік, Әбілхайыр, Барақ, Абылай хандар тұсында өмір сүргендігін айтады.Бұқар жырау Абылай хан дәуіріне дейін де қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік өміріне араласқан болатын. Өзінің терең ойлы философиялық тұжырымдамалары мен қоғамдық ойды жетілдіруге ат салысты /6/.
Батыстан-Ресей, Шығыстан-Жоңғар мен Қытай мемлекеттері қазақ даласының табиғи байлығы мен ұлан-байтақ жеріне көзін тігіп, жаулап алу саясатын жүргізе бастаған кезеңінде қазақ халқының тұтастығын сақтап қалу,тәуелсіз ел ету Абылай ханның басты мақсаты болды. Ханның осы саясатын Бұқар жырау қолдап, толғауларында халықты бір тудың астына топтасуға шақырады. Сондықтан да Бұқар баба поэзиясының негізгі өзегі- Отан тағдыры, ұлт санасы, ел бірлігі болып табылады.......



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык жумыс Жыраулар шығармалары: Абылай және қазақ батырларының ерліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар, дипломдык жумыс Жыраулар шығармалары: Абылай және қазақ батырларының ерліктері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском да, Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Жыраулар шығармалары: Абылай және қазақ батырларының ерліктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін