Қазақ тілі | Жыраулар шығармалары: Абылай және қазақ батырларының ерліктері

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Еліміз егемендік алып ұмыт болған дүниемізбен қайта табысып жатқан, шынайы тарихи беттер ашылып өткенді қайта саралауға зерттеуге мүмкіндік туып отыр.Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі-оның тарихшылдығы. Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған. Керек десеңіз,білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды»-дей келе, «тарихи білімнің мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи,мәдени оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана-сзіміне сіңіп отырған.Қазақ даласының дүйім жұртында кең құлашты тарихи сана болған,себебі, бұл даладағы әрбр жұмыр басты пенденің жады бала кезінен ауызша айтылатын қисапсыз мол дерекке әбден жаттығып,көз қанық болып өскен. Халық тарихын түсініп,білу әрбір адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған» /1/
Ресейдегі ХХ ғасырда пайда болған революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтың соның ішінде Қазақстанның да жағдайына әсерін тигізді.Кеңес өкметінің орнауымен қазақ елінде өткен тарихын ұмыту, жоғалту басталды. Тіршілікке жаңа ұрпақ жетіліп тарих пен тағдырдың таразысынан қайта өтіп жатқан қазіргідей кезеңде тарихы көп бұрмалаушылыққа ұшыраған ел тарихын қайта зерделеу өткенімізбен қайта табысу қазақ тарихының көмексі тұстарын қайта ашуға үлкен мүмкіндік туғызып отыр.
Қазақ даласында XX ғ.дейін ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен үстем болып келгені баршаға аян.Сондықтан қазақ тарихына қатысты жазба деректерді ілуде біреу кездестірсек, ауыз әдебиетінің дерегіне жататын ақын-жыраулар шығармалары жетерлік. Өкінішке орай ауыз әдебиетінің деректерінің құнын жазба деректерден төмен санайтын тарихи қате ойдан әлі арыла алмай келеміз,сол себепті нақты тарихи шындықты баяндайтын көптеген ақындардың өлең-жырлары зерттелінбей жатыр.Ал ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері ақындар халықпен бірге біте қайнасып жатқандықтан сол заманның ащы шындығын өлеңдеріне негіз етіп алады,яғни тарихи шындықты айтады.Ақын шығармаларынан белгілі бір халықтың рухани есею жолын, тағдыр таразыға түскен небір тарихи тайталастардың мәліметтерін табасыз.Ал әдебиетте бейнеленген бұл мәліметтер белгілі бір дәуірдің мән-мағынасын айқындайтын елеулі тарихи фактілер, шынайы өмір шындығы екендігі мәлім. /2/
Қазақ халқының тарихи жырларын жазып алып жариялау ол туралы азды-көпті ғылыми пікір айту өткен ғасырдың ІІ-жартысынан бері қарай көзге түсе бастағаны мәлім.Алайда бұл жанрға арналған байсалды еңбектер Советтік дәуірде, әсіресе Ұлы Отан соғысынан кейін пайда болды /3/.
XVІІІ ғ. қазақ халқының әлеуметтік саяси және философиялық ой жүйесіне ерекше бір шабыт беріп, қозғау салып, хандарымызға елін,жерін түгендетіп, батырларымызға қолына найза ұстатып жауға қоса, жырауларымыздың ойына түрткі салып,замана жайлы сол кездің көкей кесті мәселелерінің шешімін өз шығармашылықтарына арқау еткізген заман болды. Евразиялық кеңістіктегі Қазақ ордасының осы бір кезеңінің тарихи хал-ақуалын жазушы М.Мағауин былай деп сипаттайды: «Түркістан бастаған 25 қаладан айырылу Қазақ Ордасының қанатын қырқып,өрісін тарылтып қана қойған жоқ,оның алдағы замандардағы тіршілік кебін бір жақты мал шаруашлығымен ғана айналысатын көшпенді кепке түсірді. Түркістандағы Әзірет сұлтан дүрбесінен бастап, Сауран, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Созақ және басқа қалалардағы мешіттер қоймасында сақталған бай кітапхана ондағы діни-фәлсафалық еңбектер,ескі тарихтар мен шежірелер біз бар деп білменген тағы қаншама мұра өртке кетті, талан-таражға түсті,жойылды.» /4/
Осындай алмағайып заманда қазақ халқының өмір сүруімен жойылып кетудің алдында тұрған неғайбіл шақтарында ұлттық жоғары рухы, көзсіз жанқиярлық ерлігі жайында қаншама аңыздар, өлең-жырлар, талғаулар өмірге келді. Ол туындылар сол кездегі өмір шындығы, жүректердің тебіренсі, халықтың арман тілегі. Біздің жадымызда екі ғасыр бөліп тұрса да, бабалар үні құлағымызда тұрғандай. Ақтабан шұбырынды жылдары қазақ елінің дербестіктен айырылып қалу қауіпі туған кезең еді. Өздеріне соншалық қымбат құндылықтардың күйрей бастауының нышандары айқын көріне бастаған кез. Сондықтан да осындай қауіпті ең алғашқы көрген, сезіне бастаған халықтың ең сезімтал ұлдары-жыраулар, билер, ақындар, осындай күйреудің үрейлі ұшқындарын өздерінің шығармаларында көрсетіп, халықты, билік басындағы хандарды бірлікке шақырды. Олардың негізгі үні- отаншылдық, ерлік, жерін, ата-мекен қорғау т.б. бір кездегі Түрік империясының дәуірлеген кезіндегі рухтың өрлігі бәсеңсіп, ұсақ мүдделердің , билікке таласудың, тайпалық, рулық, және т.б. пиғылдардың белең алғандығы қатаң сыналып, тұтас халықтың бірлігінің мүдделерін алға тарту басым.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы