Жұмбақтар жауабымен: Жол, жол белгілері, бағдаршам, қайық

Жұмбақтар жауабымен: Жол, жол белгілері, бағдаршам, қайық

Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып,
Помощқа елдің көбін қойдым жауып,
Аспанда бұрқырады,топан ұшты,
Алмады жалғыз дәнді адам тауып.
Қара жол

Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Полиция қызметкері

Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып, аялайды.
Автобус

Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген.
Жол

Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш козі бар бірақ та.
Бағдаршам

Арқаным бар тым ұзын,
Ала - алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.
Жол

Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді.
Бағдаршам

Бір жолда екеуі жарысады,
Бір-бірінен оза алмай алысады.
Темір жол

Бір заттың салмағы ауыр сансыз тонна,
Ұстаған емес оны ешкім қолға.
Пайдасы барлық заттан артығырақ,
Сәнменен кере тартып жатар жолда.
Рельс

Бір нәрсе өзі жансыз ырғытылып,
Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық.
Жаз болса көк шалапты сапырады,
Шөмішін бір шығарып, бір батырып.
Қайық

Тап-тап,тап басқа,
Табаны жалпақ көк қасқа,
Үйірге салсаң кісінемес,
Шөптің басын тістемес.
Қайық

Ұзын терек,
Саясы жоқ.
Жол

Ұзын-ұзын ұз келер,
Ұзын бойлы қыз келер.
Жол

Ұзын-ұзын, ұзын жіп,
Ұшы қайдан табылар?
Жол

Жусаннан аласа, таудан биік.
Жол

Адамзаттың баласы,
Менсіз кәсіп қылмас та,
Басымды мен көтерсем,
Аспан көкке жетермін.
Қара жол

Адам істеп шығарған бір жануар,
Құрғақ жерде жаны жоқ,суда болар,
Жаз болса күні-түні су ішінде,
Бұл не еткен жануар табыңыздар.
Қайық

Белдіксіз, дөңгелексіз күймелі арба,
Қозғасам бара берген жардан жарға.
Қайық

Шапсаң жаңқасы жоқ,
Жүрсең ізі жоқ,
Кессең қаны жоқ.
Қайық

Сойсаң қаны жоқ,
Жеуге еті жоқ.
Қайық

Екі басты белі бар, омыртқа жоқ,
Сүбелік бүйрегі бар, қабыртқа жоқ.
Жүргенде құс табаны жерге тимес,
Бақай, тірсек, толарсақ, тобық та жоқ.
Қайық

Бар екен екі басты бір мақұлық,
Жүреді аяғы жоқ ырғатылып.
Жаз болса сары қымыз сапырулы,
Қасығын бір шығарып,бір батырып.
Қайық

Тоғайда туып, суда өмір сүреді.
Қайық

Тап-тап, табаны ақ,
Табаны жалпақ қоян ақ.
Басып кетсе ізі жоқ,
Бауыздаса қаны жоқ.
Қайық

Тарыға торғай қонса сақпан біледі,
Түлкіні түнде жорытқан қақпан біледі.
Бір жұмбақ мен айтайын сіз тыңдаңыз,
Ат құсап шалқасынан жатқан біледі.
Қайық

Үсті тақтай, асты тақтай,
Балалары ойнайды,
Барып тоқтамай қоймайды.
Паром

Ербегей де сербегей,
Иесіз үйге кірмегей,
Атсыз сірә жүрмегей.
Арба

Басы жоқ төрт аяқты жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.
Жүк артсаң белі тағы майыспайды,
Құйрық-жалсыз ол неткен меңіреу зат?
Арба

Қырда ағаш,
Ойда ат.
Арба

Қадамы жоқ ізінің, аяғының,
Созса ұшы жетпейді таяғының.
Екі қолын айуанға артып алып,
Әніне салады екен баяғының.
Арба

Тарақ сияқты ергенек,
Ай сияқты дөңгелек.
Арбаның дөңгелегі

Төрт бала бірін-бірі қуалады.
Арбаның дөңгелегі

Елде артын барлайды,
Жүгірсе артын жарлайды,
Ми айналып қалмайды.
Арбаның дөңгелегі

Болғанда екеу аға, төртеу ала,
Жиырма сегіз екен тапқан бала.
Өзімен ол көп жүкті көшіреді,
Қандайлық мықты болған жүзі қара.
Арбаның екі жетегі,төрт дөңгелегі,шабақтары

Екі таяқ көтердім,
Ортасынан итердім.
Арба айдау

Бір жұмбағым бар, асты қар,
Қадамы жоқ, ізі бар,
Мойнында жібі бар.
Шана

Табаны жалпақ боз жорға,
Тайпалсын десең, сал жолға.
Шана

Тайпаңдайды бүгіліп құла жорға,
Маңызданып аяғын басар зорға.
Неше күн дамыл алмай жүрсе-дағы,
Иіліп жерден шөпті жемес сонда.
Шана

Жол үстінде пөстек,
Оны таппаған естек.
Көпір

Жол үстінде төсек,
Оны таба алмаған есек.
Көпір

Жалғаған ел ортасын,
Жатыр тосып арқасын.
Көпір

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 13
  1. Оқырман Шырын
    Оқырман Шырын 04.02.2024 21:55
    6 + 2 -
    Бұлар жол белгілеріне жатпайдыго.Тек бағдаршам болмаса
  2. Оқырман Нұрай
    Оқырман Нұрай 04.02.2024 10:37
    3 + 1 -
    Көп жұмбақтардың шешуі бірдей болып кеткен маған сол ұнамады сосын арба қайық дегендер жол белгілеріне жатпайдығой
  3. Ай
    Ай 03.02.2024 17:45
    4 + 2 -
    Мыны жерде жол белгілер жоққой
  4. Оқырман Ералы
    Оқырман Ералы 14.02.2022 20:13
    10 + 6 -
    Е арба,шананың қатысы не .
    1. Оқырман Нұрай
      Оқырман Нұрай 04.02.2024 10:38
      1 + 1 -
      Соны айтам
    2. Оқырман Мия
      Оқырман Мия 07.02.2024 10:09
      0 + 0 -
      соны айтам
  5. Оқырман мария
    Оқырман мария 07.02.2021 18:49
    7 + 14 -
    жаман
  6. Оқырман Айко
    Оқырман Айко 07.02.2021 18:47
    10 + 7 -
    Маған осы ақпараттар ұнады
  7. ҚҰРАЛАЙ
    ҚҰРАЛАЙ 07.02.2021 12:16
    6 + 8 -
    КЕРЕМЕТ МАҒАН ҰНАДЫ СІЗДЕРГЕ КӨП КӨП РАХМЕТ
  8. ҚҰРАЛАЙ
    ҚҰРАЛАЙ 07.02.2021 12:16
    11 + 7 -
    Керемет
  9. BILLI
    BILLI 04.02.2021 15:33
    8 + 7 -
    HI I'M BILLI
  10. Aноним
    Aноним 21.04.2015 21:25
    17 + 3 -
    ракмет сіздерге алғысым шексіз
    1. Оқырман Салтанат
      2 + 5 -
      Неге жол белгілері туралы жұбақтар жоқ