Айна туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 4
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 49
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 8
Туындылар: 1
Әңгімелер: 7
Аңыздар: 2
Эсселер: 1

Айна мен маймыл
Айнаның қарсы алдына Маймыл барып,Айнада өз суретін көре салып,Аюға жанындағы күліп айтты,Ақырын аяғымен түртіп қалып:«Бері қара!Бұ кім өзі..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Шын бақтың айнасы
Жаңа ғана аяғымды басып, тілім жаңа шыққан кезде өзім құрбы балаларды бауырымнан жақсы көріп, ойнаушы едім. Ойнап жүріп қарным ашқанын, күннің..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Айна қойдым алдыма...
Айна қойдым алдыма,Көрейiн деп өзiмдi.Екi құлақ тарс бiтiп,Шел басыпты көзiмдi.
Иiс бiлер мұрын жоқ,Таза ақылдан ырым жоқ,Түзелерлiк түрiм..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Шам Сенен жарықпын деп күнәлі боп...
Шам Сенен жарықпын деп күнәлi боп,Сондықтан түскен оның тiлiне шоқ.Айна Сенен асылмын деген үшiн,Дарға асылып, басына қадалған оқ.
Бүтiн әлем..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Айнада, өзiмiз бiлетiндей, бәрi керiсiнше. Бiрақ онсыз бiз ешқашан өзiмiздi көрмес едiк. 
©  Жалаладдин Руми
Кім адамның жүзін дұрыс көре алады: фотограф, айна әлде суретші?
©  Пабло Пикассо
Алдында бір нәрсе әкеп берсе, тегі
Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді.

Жауабы: Айна
Екі егіз қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді,
Біреуі жанды, біреуі жансыз.

Жауабы: Айна
Қысы-жазы үйде тұрады,
Өзі мұзға ұқсайды.
Бетінде сәулесі бар,
Бұл жұмбағым кімге ұнайды.

Жауабы: Айна
Көре кетсең болғаны
Көз тігеді ол-дағы.
Жүрсең, бірге жүреді,
Күлсең, бірге күледі.
Жоқ, бірақ та, жүрегі,
Бұл затты кім біледі?

Жауабы:..
Алдына бір нәрсе әкеп берсе, тегі,
Оңын сол, солын оң ғып көрсетеді.

Жауабы: Айна
Иілсең иіліп, түйілсең түйіліп,
Қарайды кісіге, ұқыпты ісіне. Бұл не?

Жауабы: Айна
Қарап тұрсаң өзіңе,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Тура сенің өзіңе

Жауабы: Айна
Өзі тұрғанымен мелшиіп,
Жап-жалтыр жүзіне,
Кетеді ел сыйып.

Жауабы: Айна
Үстінен ажырамас ағаш енді,
Қарасаң күлкісіне тамаша енді.
Сұлулық, көркемдікке әуес болған,
Адам менен өзі жүрер таласа енді.
Көлеңкесін көріспек,
Көріп тұрсаң күліспек.
Сүңгідім суға қарап етпетімнен,
Артыма бір қарадым кеткенімнен.
Әлгі су сүңгіп кеткен мұз боп қатты,
Тағы да шығар-шықпас еркі өзімнен.
Күнде оған қараймын,
Қара шашым тараймын.
Бір дария жерде емес, көкте де емес,
Дарияның аузы көмеш, түбі төгеш.
Суының мөлдірлігі таңқалғандай,
Ішіне ит түссе де арам емес.
Әрі отыр ләйлім құс,
Бері отыр ләйлім құс.
Көлеңкесі күмістен,
Күліп тұрған ләйлім құс.
Алдыма келіп бір сағым,
Көрінді менің көзіме.
Бұл қалай деп сенбеп ем,
Дәл келтірді өзіме.
Байқап тұрсаң бір ғажап,
Аждаһадай..
Егіз екі қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді ,
Біреуі жанды, біреуі жансыз.
Адамды тартып алар көрсе өзі,
Мелшиіп қарап тұрар болмай сөзі.
Жанына барған кісі екеу болар,
Бетіне түртіп қалсаң шығар көзі.
Бір көл бар, мөлдір емес, лас емес,
Ішіне ит түссе де арам емес.
Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі кезіңе.