Өнер туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Өнер" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Өнер" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Өнер" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Өнер" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 170
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 166
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 133
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 29
Ертегілер: 4
Шығармалар: 7
Аңыздар: 3
Эсселер: 4

Темірге тіл,
Жаңқағажан бітіретін...
Кеңесіп пішкен бешпетте
Кемдік болмас.
Өнерпаздың он қолы бар.
Ерегісте ентігіп,
Ең алдына түспеңіз.
«Ұстамын» деп, жең түріп,
Үлгісіз тон пішпеңіз.
Астыңда дөненің болғанша,
Қолыңда өнерің болсын.
Өнер өрмек тоқытады.
Өнерден сауған — өлмес.
Қолында өнері бардың,
Аузында өлеңі бар.
Ұшын түймегеннің
Үш шаншымы бос кетер.
Бөрі соғар жігіттің
Бөрігінен белгілі.
Балта соғар жігіттің
Көрігінен белгілі.
Алтын ерің атқа тисе,
Алтынын ал да отқа жақ.
Бояушы, бояушы дегенге,
Сақалын бояр.
Болар іс болды,
Бояуы сіңді.
Өз үйінде ою оймаған,
Кісі үйінде сызу сызады.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Керек тастың ауырлығы жоқ.
Қазаншының еркі өзінде,
Қайдан құлақ шығарса.
Жалғаймын деп үзіп алма,
Түзеймін деп бұзып алма.
Сұлуынан жылуы.
Олақтан салақ жаман.
Жаман етікші біз таңдайды,
Жаман жігіт қыз таңдайды.
Темірші көміршіге үйір.
Жаман ұста жанынан.
Жұмыстың көзін тап,
Қисықтың ізін тап.
Өнер көзі — халықта.